Бүгінгі матч

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Бүгінгі матч
ХАЛА МАДРИД !!! Бәріміз болмаса да көбіміз асыға күткен Еуропаның футбол маусымы басталды. Әр адамның өз сүйікті командасы болады дейді ғой Шива, сол секілді менің сүйіктім Мадридтің РЕАЛЫ еді. Осы жерде өзімше бір дәстүрлі пост бастамақшы едім. Реалдың әр аптадағы ойынына шолу, сараптама(журфакты бітірді деп ойлап қалмаңыздар) жасап тұрмақшымын. Бүгін Испанияның Ла Лигасының көптеген матчтары өтеді, соның ішінде Мадридтік клуб өз алаңы атақты Сантьяго Бернабеуде Карло Анчелоттимен дебютін бастамақшы. Қарсыластың кім екенін білгіңіз келсе, қарапайымда адуынды севильяның Бетисі. Матч астана уақытымен сағат түнгі 1-00 де болады.

Реалдың осы матчқа қатысуы мүмкін ойыншылар тізімі төмендегідей:
Қақпашылар: Касильяс, Д. Лопес, Мехияс
Қорғаушылар: Пепе, С. Рамос, Арбелоа, Начо, Марсело, Карвахаль
Жартылай қорғаушылар: Кака, Хедира, Роналду, Озил, Модрич, Иско, Каземиро, Ди Мария
Шабуылшылар: Бензема, Мората, Хесе

Түрлі себептерге байланысты ойынға қатыса алмайды: Ильярраменди, Варан, Черышев, Хесус Фернадес Пепе, Хаби Алонсо, Фабио Коэнтрао.



Арамызда ЛА ЛИГА-ның жанкүйерлеріне басқа да матчтар:

Реал Сосьедад – Хетафе 2:0
Вальядолид – Атлетик 1:2
Валенсия – Малага 1:0
Осасуна – Гранада
Севилья – Атлетико
Райо Вальекано – Эльче
Альмерия – Вильярреал
Сельта – Эспаньол

Ең соңында айтайын дегенім, satibaldi браттың тілімен айтқанда бір-бірінің эмблемасын көрсе құсып қоятын, Мадридтіктердің ата емес әже жауы саналатын Каталондық Барселона Валенсияның Левантесін қабылдайды.

Испандық диуаналар мен шамандар, әулие көріпкелдер жиналып ап бұқмекерлермен келісіп апты, осы жылғы жеңімпаз Барселона деп. Оларға айтарым өз басымнан:
кет наҚ
Болжам есеп 4-0

Еуромаусым қызықты өтеріне сенім мол, футболдан алыстамаңыз! (бұл сөз toha9566 -ға арналмаған)
Бөлісу:

11 пікір

Ispek92
Керектің қолданушылары арасында Пес футбол симуляторының фанаттары болса, Қазақ премьер лигасын ойнағыңыз келсе PES 2013 ойынына арналған патчты жазып алыңыз. Сілтеме осы жерде
asaubota
осы Черышев қайдан шыққан пәле?
Ispek92
Реалдың кантерасының, яғни Касильяс пен Рауль секілді Мадридтің футбол мектебінің түлегі. Биыл Реалмен контрактқа отырды, Реал тарихындағы алғашқы орыс ұлтының өкілі саналады бұл жігіт. Жасы 21-де
Ispek92
Барсаның жанкүйерлері мәз шығар дәл қазір, Левантені 1-ші таймда-ақ 6-0 есебімен ұтып жатыр, ептілер
satibaldi
Тап Левантені ұтқаны сонша көт шелек болатын жәйт деп ойламайм. Дию мен құмврсқа кездесіпті.
asaubota
барсафандарға берілген Тәңрінің бір мазақ қасиеті. Сегунда лигадағы Лас-Пальмасты жеңсе де қуана береді бұлар.
Ispek92
ииииииииии, сомен қорытынды ретінде asaubota , satibaldi браттар Барсаның фанаты емес деп қуанам берсем бола ма? Сіздер қай жақтың фанаты болдыңыздар еуромаусымда? Қазақстанды айтыватқан жоғвын
satibaldi
Мен өмір бойы Бельчатовтың фаны болғанмын.
asaubota
туғаннан бері тек қана Ақтөбе. футбол командасы да әйел сияқты, тек біреу ғана болады адамда. ал қалғандары тек жәй былай өткен-кеткендер.
Ispek92
Брат жалпы еуропа елдерінен сымПАТИя беретін командалар бар ма дегенім да енД
asaubota
симпатия: Галатасарай, Реал Мадрид, Челси, Зенит, Лион, Шахтер Донецк
антипатия: фенер, барселона, мю, спартак, псж, динамо киев