"Келін" фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр

Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр
Ауғанстанда адам аяғы оңайлықпен жете бермес Вахан дәлізі деген жер бар. Мұнда ешкімге бас имеген 1100 қырғыз мекен етеді. Ортағасырлық өмір сүру қалпын сақтаған олар табиғи шаруашылықпен айналысады. Сыртқы әлемнен байланысудың жалғыз ғана жолы, ол — апиын сатуға шығатын кез.
Вахан дәлізі — Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясына қарасты Вахан ауданы аумағында ұзыннан — ұзақ созылып жатқан жіңішке алқап. Ұзындығы 295 шақырымға, ені 15-тен 27 шақырымға дейін жетеді. Памир, Вахан және Пяндж өзендерінің алаптарына кіреді. Таулы аймақ. Табиғаты қатал.
Вахан дәлізінің өзі екі державаның тартысы нәтижесінде пайда болған. XIX ғасырдың соңында Британия мен Ресей империясы арасында Орталық Азиядағы ықпал үшін болған талас — "үлкен ойын" деп аталды. Екі империя 1873 және 1895 жылдары өзара келісімдер жасады. Сол бойынша осыбір географиялық мекен — патшалық Ресейдің қарауындағы Орта Азия мен британиялық Үндістанның бір-біріне соқтығыса кетуін болдырмайтын дәнекер аралық ретінде таңдалынып алынды.
Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр
Бұл аумақ кезінде Ұлы Жібек жолының бір тармағы болған. Қытай мен Жерорта теңізінің шығысын байланыстырған. Марко Полоның өзі де осы жерді 1200 жылдардың соңында басып өткен.
Мұндағы шекара 1971 жылғы орыс революциясы мен 1949 жылғы қытай төңкерісі кезінде түгелдей дерлік бекітілді. Бұл дәліз — осында өмір сүретін қырғыздардың "қапшығына" айналды. Олар ХХ ғасырдың ортасына дейін екі жақтың қойған шектеулері аясында Қытай мен Британиялық Үндістан жеріне көшіп-қонып жүрді. 1949 жылдан кейін ғана олардың Қытай мен Үндістан аумағына өтуіне толықтай тыйым салынды.
Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр
1979 жылы кеңес әскерлері Ауғаныстанға кіргізілгенде жалпы саны 1300 жаннан құралған Вахан қырғыздары Пәкістанға босып кетпек болды. Бұл ойдың инициаторы Рахман-Күл хан еді. Ол қырғыз тайпаларының бейресми көшбасшысы болатын.
Көп ұзамай тайпаішілік екіге жарылу орын алып, Абдул Рашид хан көштің ішінен 300 қырғызды бөліп алып, Вахан дәлізіне қайта ертіп келді. 20 жыл ішінде 300 вахандық қырғыздың саны 1100-ге жетті. Қазіргі көшбасшысы — Абдул Рашид ханның ұлы Эр Әли-Бай хан.
Ал, Рахман-Күлмен бірге Пәкістанда қалып қойған босқындар шығыс Түркияға ауып кетті. Қазір Түркияда арнайы ауылдарда, жағдайы жасалған үйлерде тұрып жатыр. Түрік билігі әр қырғызға деп 100 доллар көлемінде вэлфер (әлеуметтік жәрдемақы) бөліп тұрады. Осыдан кейін олардың көшпелі өмірмен қоштасқаны анық.
Ал, Вахан дәлізіне оралған қырғыздар болса, әлі күнге дейін өздерінің дәстүрлі өмір салтын ұстанып келеді. Жыл он екі ай мал-жанымен бірге көшіп жүреді.
Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр
Теңіз деңгейінен 2,5-3,35 мың метр биіктіктің жер бедері күрделі, климаты жайсыз. Қысқы температура -40-қа дейін төмендегенімен қоймай, 340 күн бойына ауа-райы 0 градустан көтерілмейді.
Өмір сүру ауыртпалығының өтемі сол, мұнда орталықтандырылған билік жоқ. Вахан дәлізінде кеңестік әкімшіліктің нышаны да қалмаған. Тәлібтер де, американдықтар да жоқ. Жергілікті қырғыздар болса, өздерін «азат адамдармыз» дейді…
Бұл төңіректегі бала өлімінің көрсеткіші әлем бойынша ең алдыңғы қатарда. Сәбилердің 50%-ы 5 жасқа жетпей шетінеп кетеді. Сонда да әрбір вахан қырғызының отбасында 7 баладан бар. (30 жыл ішінде қырғыздардың қалайша 3,5 есеге көбейгені осыдан-ақ белгілі)
Формальды түрде тайпаны хан басқарады, бірақ оған берілген биліктің де қырып-жойып бара жатқаны шамалы, «хан» деген аты ғана. Ол тек сыртқы орталықтанған билік өкілдерімен және көршілес тайпалармен келіссөздер жүргізеді.
Дін деген дүние жоқ десе де болады. Мұнда молда да, мешіт те жоқ. Исламның өзі шаманизмге айналып кеткен.
Ақша деген нәрсе де наққа жіберілген. Айырбас сауда жасалады, ақшаның қызметін қой атқарады. Мысалы, бір қодастың құны 10 бас қойға, жақсы ат — 50 қойға тең. Қалыңдық үшін төленетін қалыңмалдың мөлшері 100 қой. Түйенің де бағамы солай, бір түйе — 100 бас қой.
Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбырБұл көлге ағылшындардан алғаш боп британдық теңіз офицері Джорд Вуд келген. Содан кейін «Памир көлі Виктория» деп аталып кеткен. 1895 жылы британ-ресей келіссөздері жүріп, осы көл үстімен Ресей империясы мен Ауғанстан арасындағы шекара өткен. Кеңес заманында көлді жергілікті атаумен Зоркул деп аталып, сол атау қазірге дейін қалып қойған. Тәжік тілінен аударғанда "Үлкен көл" деген мағына береді. Көлден Памир өзені ағып шығады. Ал, Памир өзенінен Әмудария бөлінеді.

Ентелеген сыртқы әлем қоя ма? Вахан дәлізіне де соңғы жылдары ғылыми-техникалық ілгерілеудің элементтері ене бастады. Мысалы, кейбір баспаналардың төбесінен күн энергиясы панельдерін көруге болады. Біраз қырғыздың қолында ұялы телефон бар. Құны 1 қой. Шыны керек, ол телефондар байланысқа шыға алмайды, өйткені желі жоқ. Тек фотоаппарат аналогы ретінде кәдеге жарайды. Шүкірфон болса, жылан ойнайды.
Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр«Дәліздің» қырғыздары басқа ауғандықтармен мүлдем араласпайды деуге де болады. Олардың өзге халықтармен байланысы жылына екі-үш рет өз мекендерінен 100-150 шақырым жердегі қалашыққа барумен шектеледі. Қалаға шығу да тек қажеттілік: ұн, ыдыс-аяқ, тұз және тағы басқа да тұрмысқа қажетті заттар сатып алу үшін орындалады. Бұларды сатып алу үшін ақша қажет. Қалада сенің қой айырбасың жүрмейді.Ақша табудың жалғыз ғана жолы, ол шикі апиын сату. Адам басына деп 100 грамм апиын жинап, сатса, одан түскен қаражат бір адамның бір жылдық бар қажетін өтеуге жетіп, артылады. Вахан қырғыздары өздерінің ішінде апиын қолдануды дұрыс көрмейді. Есі кеткен нашақорды әдетте тайпадан қуып, аластатып жібереді.
Бұл қырғыздардың тұрмысы да басқа көшпелілердікіне ұқсайды. Қақ ортасына ошақ орнатылған киіз үй. Қодастардың, не түйелердің кепкен тезегі отын орнына пайдаланылады. Негізгі тағам-қодас сүті. Сол сүтті қосып, тұз салып күніне 100-120 кесе шай ішеді. Тұзсыз нан мен ірімшікті, қорасындағы түлігінің етін қорек етеді. Өсімдікке қатысты жейтін не бар десеңіз, тек жабайы жуа ғана. Күнделікті рационның қарапайым құрамы осы. А, В, С, Д, Е және тағы басқа дәрумендерге түкіргендері бар. Табиғат-Ананың өзі — бар күш-қуаттың иесі.
Олар өздерінің отанын Бам-Е-Дуня деп атайды. Мағынасы «жаһанның шаңырағы» дегенге саяды.

Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр

Суреттердің мекені: бір, 2, 3, 4, 5, 6
Мәтін мен сериялы суреттер
суреттердің түсініктемесі меңзерді үстіне апарғанда қалқып шығады
Бөлісу:

35 пікір

asaubota
ашқарақтанып оқып алдым. супер пост!
Gastarbaiter
Хунзакуттар елі туралы осындай бір мақалада оқып едім. Сонда да үш держава тартысы туралы атап өтіледі.
dark_nazgul
керемет. жалпы, «памир» деген сөз мен үшін бір ертегілік сипатқа ие.
zholantai
иә, иә, мені де елітіп әкетеді, тартад өзіне
asaubota
Түркияға көшкен ауған қырғыздары туралы бұрын жазып едік. естуімше бұларда инцест қалыпты жағдай дейді.
zholantai
Иә, солар сияқт ғо
zholantai
айтпақш, жаңа қауымдастық ашылд ғо
Rafaello
Ақнұр Бектеміс атындағы Ал сол кезде… қауымдастығы деп атауды ұсынамын
aza
www.youtube.com/watch?v=463CxSO9HaI
Мында да солар туралы жазылған…
konvict
Мына видео осылар туралы болса керек
torgai
Қызығатын да, аяйтын да жақтары бар екен.
Daniar-Alan
Сұранамынды да тігіп кеткен ба қаззақтар
torgai
Мына жердегі мағынасы мен Қайрекеңнің орындауындағы жұлқыма ән ұқсамайды мүлдем деп мен бүйректен сирақ шығарсам ә
ken
Киізүйдің есігі күшті екен, терезесі бар.
kariim
Мынау нағыз керек инфо екен.
zholantai
мен бірдеңені түсінбедім, орыс часкорлары мәтінде дін наққа жіберілген деп айтад, сериясуретте намазға жығылып отырған адамның фотосы бар,
ken
Бұлар туралы бұрын БиБиСи-ден көргенмін. Өздерін мұсылманбыз деп айтады. Бірақ дінді қатты ұстанбайды. Ханы үнемі үйінде жатып алып, апиын шегумен уақыт өткізеді деп көрсетіп еді.
kariim
Бірақ сырттарынан сөз сойлемейік. Не шексе де, мұсылман болғаны үшін, ішім жылып отыр оларға.
zholantai
со көрген видеомен бөліссейші, мәтінде де жоққа шығармаған, бірақ ислам-шаманизмге айналп кеткен деп жазад, сонда шаманизмге айналып қайта туған исламның қандай болатыны қызық, бізде дәстүрлі ислам деп жатад ғо, үнемі отқа май құйғанын, Ұмай Анаға сенетінін мысалға алып
aikarakoz
Сотка ұстап тұрғандары жесть
DaniyarOmar
Атада сеть ұстамай тұр ғой дим
mercedes
Біздегі тіршілікке қиналып жүргендерді мына жаққа айдап жіберу керек екен
Marco
Енді, Түркияға көшіп кеткендердікі дұрыс па, әлде мыналардыкі жөн бе деген сұрақ туып тұр.
zholantai
жауабы жоқ сұрақ ғо
Janasil
Қойларын суретке түсіріп инстаграмға атып жатқан секілді. Сатылады, деп.
Janasil
Бұл дәліз — осында өмір сүретін қырғыздардың "қапшығына" айналды.
Қырғыздар мұнда қайдан келген?
zholantai
бұ сұрақ менде де пайда болд, А. Н. Бернштам дегеннің жазуы бойынша қырғыздар XVII ғасырда Памирде өз билігін жүргізе бастаған.1653 жылы Қара-Тегін и Гиссарды басып алып, сосын Балхаға дейін жеткен. Балха-Ауғаныстан жері, сонда қырғыздар тұрақтап, қалып қойған. Толығырақ...
zholantai
Және айтады:
Памирге қырғыздың сары тейіт, кесек, найман және қыпшақ рулары XVI-XVIII ғасырларда қоныстанған. Пяндж бен Әмудария өзендерінің жоғарғы және орта тұсына ауған-ресей шекарасын орнату жөнінде 1869-1873 жылsы ағылшын-ресей арасында келісім — Кабул әмірі Абдуррахманның 1893 жылы 12 қараша күні қол қойған бітім құжатпен нақтыланған. Бұл құжаттың рәсімделуі — Мургаб пен Вахан дәлізі арасында көшіп жүрген қырғыз руларының көшіп-қонуын тыя бастады. дейд
Gastarbaiter
тегтерге "қырғыз", «кигизки», «киргизский» деп жаза салшы)
zholantai
жазып қойдым, сонда да aikarakoz -дікіне жетпейд))