Стақандастарым. Тілек.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Тілек.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Тілек.
Арағішу махаббат сияқты: жасқа қарамайды. Әйтпесе, алпысты еңсерген Тілекпен, порнокассетаның ішіндегілерді көрмей жатып, елестетіп-ақ бітіріп қоятын менің қалай стақандас болуым мүмкін?

Кентімізде алғаш ашылған саунаға таң атпай барып, таныстықпен түсетінбіз. Демалыс сайын. Клиенттер үшін кешке ашылатын саунаның қазандықтары көне, сосын ба, таң атқаннан бастап жағады.
Әдеттегідей, барлық мүмкін жерлердің барлығын көпіртіп қойып, аздан соң шайынуға беттедік. Ауылдан шыққан дүмше біреу, бірден шайып тастаған дұрыс емес екен, ең болмаса бес минут жүру керек сабынмен дегесін. Сабын мен сабынсудан амалдап аман алып қалған көздеріміз ғана жылтырап тұр. Сөйтіп, бұранданы бұрап кеп жіберсек — құбыр ішегін азынап-азынап шұрылдатып алды да, дәу шылапшынға бір тамшы суды тіңк еткізді. Алты адамға. Артығалы амиго бірден бу бөлмесіне барып, әлдебір қуысқа тоңқайды да:
— Ябаддабайаймайт Тілек, су бер тез! — деп, жекіді.

Аздаған үнсіздіктен соң, саунаның аспанынан әлдекім саңқ етті:
— Күрәларыңның* мұрындарының тесігін тігейіндер, мен бе суды жапқан? Су жоқ ал!

Дауыстың саунадан жаңғырып шыққаны сондай, діні әлсіз адам Иса екінші рет келіп тұр екен деп, жығыла кетуі әбден мүмкін еді.

Артығалы амиго тіптен түтеді. Тағы да әлгі тесікке еңкейіп, бақырды:
— Ей шешесс, қазір сағат 11-ге Ақтьеге билетіміз бар қалтамызда! Бірдеңе қыл малатаңанә, қалып қойсақ -тігем нақ!

Анау болса:
— Күрәларыңның* мұрындарының тесігін тігейіндер, таң атпай саунаға түс деген мен бе нақ? — деп, тағыда гүж етті.

Артығалы шамалы ойланып тұрды да:
— Қойнақ, болмайд. Мұның құны — бір жарты. Қазір…

-Еу Тілек, қазандықта екі бактай су қалады, білем мен! Соны құй қолыңмен алып!

— Ол қай аталарыңның өткізіп қойған шаруасы ед лібә? Пензесс шығарсыңдар шешесс!

— Бір жартымыз бар, еу лібәд!

-Ааа шешесс, Тілектің осал жерін білесіңдер, ә? Қазір, он минут…
Қазандықта салдыр-гүлдір тіршілік басталды да, аздан соң бұрандадан су лақылдай бастады…

Былай, бір ғанибет Тілекпен ішкен. Тасынан кешкендерін (үлкен ловелас болған екен кезінде) нақышына келтіре әңгімелеп береді. Тек бір жаман қасиеті, алпыстағы адамның кісілігіне сызат түсіретін баланың әңгімесін айтып кетеді кейде. Тыңдап отырып өзің ұялып қаласың. Бірде былай дейд:

— Түсімде өлгенше ішіппін. Жігіттер үсті-үстіне әкеліп жатыр екен. Ақыры ес-түссіз жығылыппын есік алдында. Енді қызық: оянсам — ой, лібә! — басым ауырып тұр! Кәдімгі, шын ішкен сияқты ауырып тұрмын! Сенесіңдер ме?..

Мұндайда, "әй Тәке, айтасың-ау сен де..." деп, басымызды шайқап отырғаннан бақа амал жоқ. Бәрібір жеңістік бермейді…



Күрә* — есектің баласы

Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

31 пікір

Aya
Дауыстың саунадан жаңғырып шыққаны сондай, діні әлсіз адам Иса екінші рет келіп тұр екен деп, жығыла кетуі әбден мүмкін еді.
менің сөйтуім әбден мүмкін))) күрә деңіз… ыммм…
sigma
Сатеке брапессианал ретін айтжівеш. Осы әрәқты бичпакет лапшасымен закусывать еткен дұрыс па әлде бичпакет лапшасынынң сорпасымен запивать еткен дұрес па? Аршат (asaubota ) жеңістік бермеятыр, qisyq куә.
satibaldi
Екеуі де дұрыс. Жалпы, жүзграммдатып отыратын адамды тұздыға тартатының сыры бар. Денедегі қан айналымында жүрген кальций тұздары этилмен ыдыратылып кетеді. Таң атпай қияр суына, кез келген ащыға аңсарың ауып тұратыны сол.
Ал процесс кезінде-ақ тұзды нәрсе жеп отырсаңыз, ертеңгі азапты жеңілдетеді.
asaubota
профессионалдың жауабы!
asaubota
әдемі отырып едік сонда *lol* *lol* *lol*
sigma
Ерекше көңіл күй болмаса олай отыру мүмкін емес негізі
AKA
бір тамшы суды тіңк еткізді
 Елестетіп көрдім, ұжыс!
Sashok
Күрә емес, күре. Есектің күресі.
sigma
Сәшөг-ау, тіл маңмаңдары білеД, дыбыс үндестігі деген болдады, сол енді дәруішөлгендік диалектіге келтірілгендегісі ғой. (Сатыбалдының қырылдаған даусымен, елестетіп көр)
Соңғы түзету:
mampasi
Сатыбалдының қырылдаған даусымен, елестетіп көр)
Ispek92
Ақтьеге
Бұл қай жақ деп мен отырмын мұнда.
Yafoo
Кей кездері Сатыбалдының аузынан сасық сөзден басқа ештеңе шықпайма деп қалам.
Артық кетсем кешірің. Бәрібір арақ ішкеннің аузы сасымай тұрмайды. Егер қатты кетсем кешірің(сасықауыз).
Marco
оянсам — ой, лібә! — басым ауырып тұр!
Теориялық тұрғыда әбден мүмкін жағдай сияқты көріп отырмын
AKY
Архимед Мұхамбетов
AKY
тақырыптан шатаскеттім
toha9566
Қартаяйын дегесіз ғой
AKA
Мына тақырыптағы жаңа пікірлерді оқып отыр ем, жазба қозғалып кетті жоғары-төмен. Қорқкеттім, «перезагрузить» деп басжердім бірден.
AKY
демек саған әрәқ жайлы жазбаларды оқуға болмайды деп жатыр Шива.
Korkem
Сөйтіп, бұранданы бұрап кеп жіберсек — құбыр ішегін азынап-азынап шұрылдатып алды да, дәу шылапшынға бір тамшы суды тіңк еткізді. Алты адамға.
Gastarbaiter
сабынсудан амалдап аман алып қалған көздеріміз ғана жылтырап тұр.

Осындай қарапайым сөздермен адамның санасында Микеланджелоға бергісіз шеберлікпен көріністерді суреттегеніңде кәдімгідей рухани бітіріп қалам. Рахмет.
ken
Стақандастарым. Тілек.

Жука Саттан алған екен ғой идеяны.