Таныс болыңыздар: Селтик
Еуромаусымымдық ойындарын әлі де жалғастырып жатқан қазақстандық екі клубтың қарсыластарын білдік. Қуануға да болады, «жеребе сәтсіз» деп, футбол құдайларына лағнет айтуға болады. Екеуі де оңай алдыра қоймасы анық. Алайда бұл матчтар біздің клубтар үшін үлкен тәжірибе болатыны да сөзсіз.
Кельттер.
Шотландиялық «Селтик» 1888-жылы құрылған. Тамыры қазақ футболының қалыптаса бастаған кезінен де тереңде жатыр. Содан бері ел чемпионатын 44 мәрте жеңіп алған. Шотландия премьер-лигасында дәл қазір Селтикке қаржылық әлеуеті жағынан да, ойыншыларының профессионалдық деңгейі тұрғысынан да шақ келер команда жоқ. Көп жылдан бергі үйреніскен жауы Рейнджерс төменгі лигаларға қуылған болатын. Дегенмен, ішкі біріншіліктегі қарсыластарының «әлсіздігіне» қарамастан Селтик құрлықтық турнирлерде талай грандтардың тісін сындырған, сындырып жүрген команда. Мысалға, былтыр Барселонаны өз алаңында 2-1 есебімен ұтты.
Сонымен бүгінгі Селтик қандай? Бүгінгі Селтик өзінің бас бапкері Нил Леннон сияқты. Ал, Нил Леннонның кез-келген шотландтықтан айырмашылығы жоқ. Қызуқанды, бұзық, алған бетінен қайтпайтын қырсық. Былтырғы ел чемпионатында Леннонның бандасы 38 ойында 92 гол соғып, өз қақпасына 35 доп жіберген. Чемпиондар лигасында да команда есте қаларлықтай ойын көрсетті. Турнирді үшінші квалификациялық раундтан бастап, Барселона, Бенфика және Мәскеудің Спартагімен бір топқа түсіп, одан аман есен өтті. Алайда, келесі кезеңде Ювентусқа тас-талқан болып ұтылып қалды.
Жазғы демалыстан соң Селтик 11 матч өткізіп үлгерді. Оның алтауы жолдастық кездесулер. Оларды жайына қоя тұрып, ресми матчтарға тоқталайық. Сонымен, Селтиктің биылғы еуромаусымы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу сынынан басталды. Қарсыластары Солтүстік Ирландиялық Клифтонвилл. Екі матчтың қорытындысы бойынша есеп 5-0. Оның үшеуін Селтик футболшылары қонақта соқты. Үшінші іріктеу сынында команда Швецияның Эльфсборг командасын шаң қаптырып кетті. Есеп 1-0. Жеңіске үйде соққан бір гол жеткілікті болды.
Үшінші тамызда Шотландияның кезекті чемпионаты басталды. Селтик өз алаңында Росс Каунти командасын қабылдап 2-1 есебімен жеңіске жетті. Оның үстіне Леннон шәкірттері бұл ойында бірінші болып гол жіберіп алып, бар жігерін көрсетуіне тура келді.
Жиырмасыншы тамызға дейін Селтик тағы екі ойын өткізбек. Оның бірі Ливерпульмен жолдастық кездесу (10.08.13), екіншісі ел біріншілігінің аясында Абердинмен арадағы матч (17.08.13).
Чемпиондар Лигасының іріктеу матчтарында Селтик 4-3-3 тактикасын ұстанған. Қағаз бетінде осылай. Бірақ, ойын барысын көрмегендіктен, тактиканың қалай өзгеріп отырғанынан хабарым жоқ. Оның үстіне төрт матчта да құрам айтарлықтай өзгермеген. Демек, Селтик — футболшылары бір-біріне әбден үйренген, ысылған команда екенін байқаймыз. Тек ішкі чемпионаттың алғашқы ойынында команда 4-4-2 тактикасын қолданып, басты жұлдызы Самарас алаңға шықпаған. Мүмкін осыдан болар, Селтик жаңа маусым басталғалы алғаш рет тек осы ойында өз қақпасына гол жіберіп алды. Осыған орай, Шахтерге қарсы ойынға да 4-3-3 формасы қолданылатынын болжауға болады.
Селтиктің тағы бір қаруы – жанкүйерлері. 60 мыңнан астам адам сиятын Селтик Парк стадионына ең аз дегенде 20 мың адам жиналады. Мұндай атмосфераға үйренбеген қарағандылықтарға Глазгода оңай тимесі ақиқат. Дегенмен, нар тәуекел! Қалай болғанда да Еуропа лигасының жолдамасы қалтада.

Кеше арнайы қарап едім осы ойынды
www.youtube.com/watch?v=jRNY4l6EQqI