Стақандастарым. Сергей Кащавцев

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Сергей Кащавцев

"Қаймана орыс жақсы" деп налып отырушы еді әжем украин. Сергей Кащавцев амигоның орыстығы — сол аты-жөнімен бітеді. Қазақ боп кеткені сондай, тіпті оның сүндеттелгені туралы қауесеттер тарап жүрді.

Қалай кез болдың десейш сен бұл малтаңанәға! Очм, телевизор бұзылып қалса, «Сергейге апарып қайтам» деп кетіп бара жатад жұрт. Пләсебедтің артқы қырықаяғы жұлынып кете беретін болса да («арты сарвайт етед лібә!»), халық «Сергейге көрсетуге бара жатырм» дейді. «Бір білсе, Сергей білед» деп, қолына аңы шыққан карбюраторын алып кетіп бара жататындар да кездеседі. Ал бір күні әлдекім: «Жігіттер келватыр, лібә, Сергейдің тіскебасарға жабатын қиярымен риза қылып жіберейін; ондай қияр тек Сергейде болад» деп кетіп бара жатқанда, шыдамым таусылды. Бұл тоғыз саусағынан өнер тамған, бұл, бұл — технологиялық арттақалушылық түнегінде Исадай жарқырап тұрған тұлғаны өз көзіммен көрмек болайын деп ере кеттім қияр іздеушіге.

Барсақ, түрлі мәселемен келіп тұрған халық есігінің алдында иін тіресіп, «тігесің лібә Серега, шығармайтының жоқ!» деп, тастарын шайқап, таң бов тұр екен. Көт сыймайтын жерге басымды тығып, мен де қарасам: диванда Сергей жатыр. Қолында — ақ-қара телевизордың ПТК-сы(канал ауыстыруға бұрайтын хуйнясы). Соны бұраса… ом манэ падме хуум! — каналдар ауысады!!! Сүйтсе, ерінбей ұзын сыммен жалғап қойыпты лібәд! Мен көрген пульттің алғашқы нұсқасы сондай болды…

Не айтайын Сергей стақандасым туралы. Таза орыс мұжығы. Бірақ… орысшасы менің тамилшем сияқты, лібәдтің. «Біреуден кейін тістегені несі?» дейді ол тіскебасарды жұлып алып. «Екеуден кейін тістеген соң, арақтан не кәйіп қалд?» деп, тағы да жегізбейді. Осылайша алты-жеті стақанға дейін мәтелдері бар. Қазақша. Бір ғанибет енді онымен ішу. Қумайды. Еш. Теңселмейді де. Қызара бөртіп жүре береді. Жалпы байқағаным, арақты онша жақтырмайтын да сияқты. Тек қалыптасқан ортаның трендтерінен құлағдар болып жүру үшін ішетін сияқТ. Бір күні, әбден жақын танып, бірі біріміздің сарайымызға хеллоусыз кіре беретін дәрежеге жеткен күні, сұрадым:

— Сен осы, болса ішесің, болмаса көңілің жәй, жүре бересің. Былай кәйіп бермейд саған арақ ә?

Сүйтсем… шегеді екен… Шеккенде де енді… ТЭЗ тепловозы қызғаныштан депоға кіркетед…

Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

14 пікір

Abilakim
Бұл тоғыз саусағынан өнер тамған
оныншы саусағын белсебеттің артқы қырқаяғы жұлып кеткен шығар))))
Aya
сонда өзі арақ кәйіп беретін болды ма, болған жоқ па? шегед деген жерін түсінбей жатырмын, қалай бокетті деп
Aldeken
әбден жақын танып, бірі біріміздің сарайымызға хеллоусыз кіре беретін дәрежеге жеткен күні
лібә…
edige
 Әбілдің!!!
ПТК демекші, ұсталар соны сүртеміз деп желеулетіп арақ алдырушы ед егесіне…
burkitshi
Байғұс алкоголиктерім-ай, болмаса Ораза мен айтта нәпсілеріңді тыя алмадыңдар-ау
a63a1
Мәселенеің түйіні қатықпас екенғой, маләтәңңә…
AKA
хеллоусыз кіре беретін
AKY
Былай кәйіп бермейд саған арақ ә?
қатты қ*ам жепсің ғо
satibaldi
Талапкерлерге неге көмектеспейсің сен, босқа жырқылдағанша.
asaubota
сонда тек лайфстайл үшін іше ме?
satibaldi
Тек лайфстайл үшін ішед.
AKY
біртүрлі қызық емес шығар, кәйіп алмай отырған адаммен ішу?
Korkem
интернетім бүгін оралды, күлкіден көз ашпай отырым