Стақандастарым. Ғапон.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Ғапон.

Ғапон — менің көршім. "Құдай қосқан!" деп, Шиваның көтін шелек қылмай-ақ қояйын нақ. Жанымызда құлап тұрған қараша үй бар-тын. Қарашаның* бір күні сол үйде алдымен әйел пайда болды. Келесі күні еркек — Ғапон пайда болды. Сценарий бойынша, үшінші күні бала-шаға келе ме дегем. Жоқ. Үй тұрғындары осымен тәмам болды.

Қора-қопсымыз тиіп тұрғасын, бірі бірімізді күнде көретін болдық. Мен мал (тура мағынасында) жайлаймын, ол болса, фаунаның түр-түрін сояды да жатады. Киікті былай қойғанда, қарсақ, қасқыр, түлкі, қоян, очм, қанжығасы майлы көршіге тап болғанымды бірден аңғардым. Кейде қораның шиінің арасынан қызықтап қарап тұрған маған жалт қарап, «ааа шешесс, сен бе еді. Ережептің қасынан өте беріп едім, екі бұлдырық отыр! Тартып жіберіп едім — мінеки енді!» дейді. Лібә, жәй өтіп бара жатқандағысы мынау болса, әдейілеп аңға шықса — қызыл кітаптың аффтарлары асылывөлетін болар деп қ ам жеп те қалам.

Не керек, қорада бірдеңелерді міңгірлеп, күңк еткен фразалар алмасып жүрген бір күні Ғапон ту сыртымнан:
— Ей нақ! — деді.

Жалт қарадым. Мен өзімше ыңғайсызданып, тек сығалап жүрген қамыстың арасын енегін айырып тұрып аршып, басын кіргізіп алыпты.

— Не болд нақ?

— Ішесің бе?..

Байқағаным, Ғапон пайдасын жібермей ішеді. Бірақ санасып-есептесіп отыратын да сабазың ол емес. «Алдырыңдар тазасын, шешесін!» — деп, ортаға қызылқұйрық елуліктерді шашып тастағанда, анау-мынау мен деген мәрт пяншіктерді шошытады. Жігіттік мырзалық пен маскүнемдікті сәтті үйлестірген ғақылия жан.

Тағы да жақсы жері, өлердей мас боп тұрса да, мылтықты қауіпсіздіктің барлық канондарына сәйкес ұстайды. Ішівалып аулада мылтық ататындарды, мылтықты иығына аузын жоғары қаратып іліп алатындарды, отырған құсты ататындарды жеке ұставалып, міндетті түрде аңын шығарады, келесіде ертпейді. Ал біреуді атам деп қоқиятындарды тіптен жек көреді, олар Ғапон үшін адам есебінен мәңгіге шығарылып, өлікке айналады. Иә, ертеңіне «еу өлік, мыдыгел э!» деп, басын жаза алмай есі кетіп жүрген бейшараны тіптен тықсырады. Ғапонмен татуласу мүмкін емес. БҚШ-та тұрса, мықты шерифф болар еді деп қиялдайтынмын.

Амал не, қалай ғайыптан пайда болды, солай бір күні жоқ болды. Көршілік екі жыл екі күндей де болмапты. Кейде әлдебір жануардың көт жағынан еңкейіп, бұқпантайлап аңдып бара жатқанын көремін түсімде. Қай жерде жүрсе де аман шығар деймін сосын оянғасын…



* — тавтология Marco ға ұнамаса да солай, шын айтам, Marco !

Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

20 пікір

AKY
Мен өзімше ыңғайсызданып, тек сығалап жүрген қамыстың арасын енегін айырып тұрып аршып, басын кіргізіп алыпты.
ken
не жырқыл осы сенікі
AKY
аяйсың ба, бір құдайдың күлкісін
AKA
Бұлдырық дегенді алғаш естуім, білівалдым енді.
Aya
Кейде әлдебір жануардың көт жағынан еңкейіп, бұқпантайлап аңдып бара жатқанын көремін түсімде. Қай жерде жүрсе де аман шығар деймін сосын оянғасын…
жуық арада өлесіз.
edige
Әдейілеп аңға шықса да "Өтіп бара жатқам, қарасам..." деп айтатын аңшының әдеті…
))))
Abilakim
Бұндай аңшылар және стақандастар аз қалды ғой
Gastarbaiter
Ережеп деген егерь бар Үржарда)) Цицарка, бұлдырық, такса, кокерспаниельден бастап Маралға дейін, тойыс маралға дейін жайылып жүр қорасында Өз айтуынша бұрын аю да болған.
Соңғы түзету:
Marco
Лібәд, құрдасың болса Әбіл мен Гастадай болсын
Соңғы түзету:
Gastarbaiter
Ең қызығы Ғапон қалай Ережепті таниды? Кездейсоқтық болуы мүмкін емес. Сатыбалдының ауылы қайда, Үржар қайда
Ispek92
ана минус-пұлыстар дұрыс көрінбейді екен, абайсызда әдейі минустай жаздадым пұлыстаймын деп
Соңғы түзету:
asaubota
адам баласы осылай да әдемі жеткізе алады екен ғой. әлде Сәке, сен де адам емессің бе Месси сияқты?

рахаттанып оқыдым ше
Ispek92
Мессидің жанкүйерісіз ау деймін?
asaubota
жоқ, тек Ақтөбенің жанкүйерімін. Мессиді иә адам емес деп ойлаймын.
Ispek92
Адам емес дегеніңіз ойын мәнері жайлы айтып тұрғаныңыз ба? satibaldi браттан офф-топ, флудить етіп жатқаным үшін кешірім сұраймын
asaubota
әрине сондықтан айтып отырмын.