Таныстырсам өзімді...

Таныстырсам өзімді… Астаналық Керекшілер арасында мем болып келе кеткен тақпақбасы. Осыны енгізген aza бауырымыз жалғасын айтпай жүр. Келіңдер көмектесейік. 4 жол өлеңдер жазайық, үздікті aza өзі таңдасын.

Блог - asaubota: Таныстырсам өзімді...

Үлгі керек болса мыналарды бір шолып шығыңыз:

Таныстырсам өзімді Нұртлеуова Жаңыл деген.
Математика пәнінен дәріс берем.
Қиынын мамандықтың таңдап алдым.
Болғасын қыр-сырына тереңдеген.

сілтеме

***

Таныстырсам өзімді тегімменен,
Руым — Беріш қиындықтан шегінбеген.
Әбу тегі Рақымқызы Альбинамын,
Өнер менен білімді егіз көрген.
сілтеме

***

Таныстырсам өзімді
Құлақ салғын сөзіме,
Сіргелінің ұланы
Оңтүстіктің баласы
Әруақты бабам қолдасын
Қарашаш атты анасы.
Атым болса Ердәулет
Туған қалам бұл Шымкент
сілтеме

***
Таныстырсам өзімді — Кіші жүзбін,
Тыңдасаңдар мен туралы құлақ түргің,
Аталарым Маңғыстауды мекен еткен,
Сол жерде менде өмір сүріп жүрмін.
сілтеме
Бөлісу:

164 пікір

aza
1000 бірлік берем ей
aikarakoz
Таныстырсам өзімді — Ергалидың қызымын,
Төрт ағама қарындас, еркенің дәл өзімін.
Қара қызы ем, дара қызы ем әкемнің,
Ал, анама бақыт, шаттық көзімін.
asaubota
елестетіп көрдім 8-ші класта Қыз сынында қазақ көйлекпен мектеп сахнасында тұрғаныңды
aikarakoz
Видеолары бар ауылда. Бір барғанда осында салу керек екен. Қарқылдап күліп алатын
aza
Буын санында кемшілік көп. Былай идея сақталған.
sammita
Таныстырсам өзімді,
Саммита деген мамамын.
Асико деген ұлымды,
Қарап үйде жатамын.

Инет қосып үйіме,
Құтырып отырмын қарағым.
«Кімсің?» десең архивті,
Ерінбей ашып қарағың
AKY
 келіп қалдым де, қарғам
sammita
сболыш сенен жауап күтіп екі күн кіре алмай отырдым.
AKY
Мен агентіме қарасам, сен бірдеңе жазыпсың, бірақ уе отключенсың. Сосын не дейм))
Әйтпесе, сенің жағдайыңды айтып осында көмек сұрадым, жауапсыз қалмадым
kerekinfo.kz/blog/narrator/11106.html#comment273020
satibaldi
Ом манэ… Аспан иелері…
AKY
күүүштіііі ия?
asaubota
Таныстырсам өзімді
Аршат болад есімім
Ақтөбенің тумасы
Әлімұлы Кетемін
aza
Ұйқастан жұрдай! Қоқысқа!
asaubota
ау енді сондай болмай ма мұндай өлеңдер? 1000 бірлігіңді беремесең берме, бірақ ержігітті көкірегінен итерме, о несі-ай…
aza
))))))))))))) Көкіргенінееен))))) Демекші, сен жігіт сұлтанында тұрсың на, 8 ә нің атынан, сонда ұйқасы қаңғыватқан өлең айтып тұрасыңбане?
asaubota
Бермесең бермей-ақ қой бірлігіңді
Жақсы деп ойлап жүр ем тірлігіңді
Сексенбестегі Әдөкке айтам ертең
Содан кейін көрейін ерлігіңді!
aza
!!! Мінііі, әдемі өлең!
Кетнақ, құры бар, сексенбестегі Әдөкті жеңетін адам жоқ девотсың ба, құдайға шүкір, 84 тегі Шіңкәнің көршісіміз. Әнәугүн қорасын тазаласқанымда, біреу тиіссе маған айт деген, қарағым, абайлап сүйле, біддің бә?!
kariim
1. Үшінші жол ақсап тұр, буыны артық.
2. «ерлігіңді» деген сөзіңіз алдыңғы «бірлігіңді» мен «тірлігіңді» деген сөздерге кішкене келіңкіремейді екен. (нәпсіңізге тимесін)
edige
**** Кетемін
келесісі?
AKY
Таныстырсам өзімді,
Дабыди дабыддай
Әйгерім Кеулімжай
дабыдди дабыддай
дабыдди дабыддай ©
aikarakoz
Anar70
Ойлап таппайтыны жоқ мына қыздың
serjan
Таныстырсам өзімді,
шығын қылып сөзімді.
Мен қазақтың баласы,
ашып қара көзіңді.
kariim
Міне мынау өлең. Өлең деуге тұрарлық дүние!
kokbori
Таныстырсам өзімді,
Көкбөрі деген никтемін.
Мұғалім болып жарытпай,
Астанаға кеткенмін.

Басқа жаңалық жоқ менде,
Әкемнің әлі әйелі
Шешем байғұс екен ғой.
Ал шешемнің күйеуі
Әлі күнге әкем ғой.

Айттым, міне, өлеңдеп.
Бар мән-жайым анық-ты.
Астанаға келем деп,
Толып ішім қалыпты.
aza
Осы кезге дейінгі таныстырудың алды боп тұр! Ортасында аздап қуғанын есептемесек норм…
kokbori
Ой, рахмет, бро, сөйдеп қойш
Daniar-Alan
бөлмелік сыбайлас қамқорлық жоқ. Адайға бұрып кетті дим жеңіп кетсе
sigma
Бүтінді бөліп, жартыны жарып жеп жатқандар екен ғо
satibaldi
Білмеуші ем өздеріңді алыс тұрып,
Жатыр ғой арақ бізді табыстырып.
Жарапазан азынайтын дәруіштерше
Жіберейін өзімді таныстырып.

Таңба болған Сатыбалды деген атым,
Танысудың қажеті жоқ сонша жақын.
Ойлап қалма, Сатыбалды типі «ақын»:
Мақамды — Жезқазғандық Шымболаттан ұрлавалдым.
asaubota
жанр классикасы! керемет!
aza
Таныстырсам өзімді деп бастау керек-тін…
asaubota
иә, иә «Таныстырсам өзімді» деп көтеріңкі тонмен созыңықрап айту керек қо
kariim
Сатеке, нәпсіңді сынап көрейін!
1. Алғашқы шумақтағы үшінші жолдың бір буыны артық, басқа жерінде мін жоқ.
2. Кейінгі шумақтың үшінші-төртінші жолдары құсық. Таза құсық!
satibaldi
Жизнь такой, жить надо осторожно
С нашей стороны есть свой таможні.
Я знаю по русски как положно.
А ты кто такой, давай, до свидания,
Ты кто такой, давай до свидания!!!
kariim
 Қырт ептіні! Енесін сайдан келтір!
Arys_arlany
Сатыбалды өзін неге таныстырмайды деп енді айтайын деп жатыр еді, бәрібір таныстырмапты, еркек екен
Соңғы түзету:
aikarakoz
Таныстырсам өзімді,
Таныстырып жверейін.
Таныстыр деп сұрасаң,
Таныстырып көрейін
edige
qisyq келшиш… Сенің 1000 бірлігің жатыр мұнда…
sigma
Таныстырсам өзімді Алмаспын
Азаның бірлігінен құр қалмаспын
Ұйқасыма анау мынау, сосын не ғо, лібә братан… деватса
Аршат сияқты ренжіп қалмаспын.
kariim
1. Алғашқы жолға бір буын жетпейді.
2. "қалмаспын" деген ұйқас екі рет қайталанған.
qisyq
Бісміллә деп бастаееееен,
Сөзімнің басын дұрыстап.
Алысқа желе шабарда
Алайын бір тыныстап.
Қимылсыз жатқан бұлшық ет
Кері тартып құрыспақ.
Өмір дейтін сол, шіркін,
Алыспақ та жұлыспақ.
Онлайндағы трольдау
Оффлайндағы тұрыспақ.
Бұйыртпасын бұ Құдай
Пікіршіні сізге ұрысқақ.
Алдаспанға да керек-ау,
Дұрыс жасалған қылыш-қап,
Жаныңда жүрген жақының
Кетпесін қиында жылыстап.
Істеймін деген істейді
Істейтінін отырып бұрышта-ақ…

Екі көзді шарта жұмып, қара қобызды боздатып, еңкілдете жылатып, өзін де, өзгені де ах ұрғызып қойған адамның аты-жөні кім екенін ел білмей-ақ қойды. Тіпті басты шарт сол екенін жұрт ұмытқандай ма, қалай… Тек төрде отырған, шеті желінген ескі түлкі тымақ, жағасыз шапан киген aza ғана «Таныстырсам өзімді деп бастау керек-тін…» деп сыздана сөйлеп барып, шалқасынан жата кетті. Copa do Mundo FIFA de 2014 шарасының басталуына бір жылдан аз уақыт қалған-ды.
aza
Таныстарсайш енді өзіңді…
kariim
Ұйқастардың таңдалуында мін жоқ, бір-екі жолдың буындары артып кеткені болмаса.
AKY
Кішкентай бауырымның балабақшадағы жігіт сұлтанына айтқан таныстыруы:
Армысыңдар, ағайын,
Бастайын мен сөзімді.
Таныстырып алайын,
Ең алдымен өзімді.

Ата-әже еркесі
Рахат деген баламын.
Есет батыр ұрпағы,
Кіші жүзде Тамамын.

Санжар атты ініме,
Қамқор болар ағамын.
Жасым кіші болса да,
Таудай үлкен талабым.

Ауторы мен
Соңғы түзету:
kariim
Міне, мынау өлең. Нағыз өлең! (Екінші және үшінші шумақтардың сыңар ұйқас болып қалғанын есептемегенде)
AKY
сіздің әдебиеттен үмітіңіз бар екенін білмеппін
kariim
Біткен іске сыншы көп деген емес пе қазекем
AKY
Менің таныстыруларым «армысыңдар» деп басталады екен  
Мынау мамама "Әжелер сайысына" шығарып бергенім:

Армысыңдар, балалар,
Бұл өмірде бағалар
Сүйіп, мақтан тұтатын
Үш бақытым бар, олар:

Шәкірттерім — жемісім,
Үлкен бақыт мен үшін
Оның әрбір жетістігі,
Оның әрбір жеңісі!

Балаларым — бастауым,
Жазылмаған дастаным.
Биік болсын белесі,
Ұзақ болсын жастары!

Балдан тәтті немерем,
Оған бәрін берер ем,
Рахат, Санжар, Исламбекпен
Кеңейді ғой керегем.

Осынау қасиетті,
Үш жауапты міндетті,
Қатар алып келемін:
Ұстаз, Ана, Әжемін!
kariim
1. Екінші шумақтың ұйқасында біраз ақсаған екенсіз.
2. Үшінші шумақ та дәл солай.
3. Төртінші шумақтың үшінші жолы қуыңқырапты.
4. Соңғы шумақтың алғашқы екі жолында өзара бунақ үндестігі кемдеу екен.
AKY
қойщәй
«Карим, Карим» дегенге бөркі қазандай болғандай-ақ
kariim
Нәпсіңізді сынап көргім келген. Сынықтан сүріндіңіз.
AKY
Нәпсіқұмар екенімді үнемі мойындап жүрем
Aldeken
Таныстырсам өзімді… Атым Алдан,
Өнеріммен жерім жоқ қапы қалған
Еріншекпін, сол ғана кемшін тұсым,
Әйелді де үйімде жатып алғам.

Сұрай қалсаң кәсібімді шенеунікпін
Жұмысыма бастықтан желеу күттім.
А так, былай, движуха жүріватыр
Жұмыс бітті, босс кетті, мен де зыттым…

Мә, сендерге пафос әнассс…
kariim
Алғашқы шумақ жігітше!
Кейінгі шумақтың соңғы жолы ақсапты.
Aldeken
Кейінгі шумақтың соңғы жолы ақсапты.

Кейінгі шумақта негізі бір-ақ жол ед… ))))))))))
kariim
Иә, анау «шенеунікпін» мен «желеу күттім» өзара жынД кеткен дә, бірақ ол ұйқасқа «мен де зыттым» деген сөз шәмәлі келіңкіремеген. Соны айтып салған едім, бұлқынып тұрған нәпсіңіз сыр берді ғой!
Aldeken
шумақтарды санап алуды рекомендеймін, а так, ия, ауыз бекіткен жоқпын биыл…
Rafaello
Таныстырсам өзімді атым Рафа,
Боламын Марсель ата немересі.
Арғы атамды сұрасаң — Нақу ақын
Мақсатыма жеткізеді өнер осы.
kariim
Соңғы жолда буын артық.
qisyq
Таныстырсам өзімді Қисық атым,
… сан-санатын.

...................қисаятын.
torgai
Таныстырсам өзімді, ақынға ұқсап,
Руым — Әжіқабай, тайпам — Қыпшақ.
Астанада тұрып жатқан торғайлықпын,
Биографиям осындай, қысқа қылсақ.
kariim
Өлеңге жарамсыз. (нәпсіңізді қолыңызға ұстаңызшы енді, ренжіткім келмеген)
torgai
Сыныңды өлеңмен жазсаң нетті!
Әйтпесе, қазылығыңа байым епті.
Соңғы түзету:
kariim
Сыншының ақын болуы міндетті емес қой.  Жеке басыңызға қастығым жоқ негізі.
torgai
Туф. Айтыса ма десем. Қызық емес. Шегіне салғаны несі бірден
sigma
Азаның әділ қаздар қазылар алқасының төр ағасы Кәрім бе?
aza
Соған таңғалып отырмын да Бір жағынан рахат екен, Кәрім братқа ұнауға тырысыңдар еееу, ептілер
Aldeken
Бір жағынан рахат екен, Кәрім братқа ұнауға тырысыңдар еееу, ептілер
дауылбай, Кәрім бір қызды жүкті қылса, баланың әкесі сен боласың ба?
dark_nazgul
Таныстырмайм өзімді,
Қор қылмайын сөзімді.
Мені бәрі біледі,
Көріп жүр ғой көзімді.
Соңғы түзету:
kariim
Мынау да өлең деуге келеді екен.
satibaldi
Сөздеріңнің сарынын сараладым,
Айтарымды әу бастан шамаладым:
Лібә нақу талмайды екенсіздер
Жылап жырлап ізгі ісін бабалардың.

Мен де жырлап, екіленіп, төгілейін,
Бедеріндей алашаның сөгілейін,
Өз атам — чмо болған, оны емес,
Зинақор бабамды айтып көсілейін.

Болыпты қыр мұрынды Кербаба атам,
Әр қатыны осы ауылдың көзін сатқан.
Ешкімді көзге ілмейтін хас сұлуың — Сарайда тыр-жалаңаш күтіп жатқан.
kariim
1. Бірінші шумақта мін жоқ. ЖынД кеткен.
2. Екінші шумақтағы соңғы жолдың ұйқасы ақсап тұр.
3. Үшінші шумақ түгелімен құсық.
satibaldi
Ах ты рибенок, на тебе — мани каша,
У нас есть мамаша, еще папаша.
Что хочешь ты от меня Наташа?
Твой рейс дубай до свидания,
А ты кто такой,
Давай до свидания!
Давай иди, гуляй до свидания!
kariim
Қара өлеңде ептілігің еленгенімен, сары өлеңде нақ-Тылығың байқалмады.
dark_nazgul
типі атаңызға тартқансыз ғой.
sigma
Карим обрыздан шығалмаятыр ау, а? Алдекеннің
дауылбай, Кәрім бір қызды жүкті қылса, баланың әкесі сен боласың ба?
дегені жағып тұр ау шамасы.

Барін былай қойғанда, Сатыбалдының құсығына "Құсық" деп баға бергеніне таң қалвотырм.
Marco
Сатыбалдының құсығына "Құсық" деп баға бергеніне таң қалвотырм.
burkitshi
Таныстырсам өзімді, Алтынбекпін
Аз уақыт интернетті ермек еттім
Руым Абақ Керей Орта жүзден
Кеп отыр бүгін біраз термелеткім

Сайтына керекинфо кіріп жүрміз
Қырқысып, бірде ойнап күліп жүрміз
Керектің кейбірінің көзге ілмейтін
Кеудесі бар екенін біліп жүрміз

Сайттың басым болғанмен ұнарлығы
Көрініп бірақ кейде тұрар міні
Мысалы кей посттың жоқ құнарлығы,
Қинайды және тілдің шұбарлығы

Жылауық жыр арнаса біраз інің
Демеңдер неге сонша құлазыдың?
Қазақ ғалаторы үшін еңбегіне
Дегенмен, жараңдарым, разымын!!!
Соңғы түзету:
asaubota
бес деген баға қойдым!
kariim
1. «ермек еттім» мен «термелеттім» нақ-Ты кеткен екен, бірақ бул екеуіне «Алтынбекпін» деген сөз келіңкіремей ме, қалай!
2. Екінші шумақ Жігітше!
3. Үшінші шумақ та Жігітше!
4. Төртінші шумақтағы үшінші жолда бір кәкір бар.
torgai
Саған ештеңе ұнамайды екен. Мынау қалай ендеше?
Мен емес жаман бала,
Ренжіме маған да, заман ға да!
Қарызынан Отанның құтылайын,
Отан деген – маған да, саған да Ана!
Қи мені Отаныма, алаңдама.

Сен – менің жаратушым құндақтаған.
Мен сенің ұлыңмын деп кіл мақтанам.
Кешір, Ана!
Бір сенің еркең болмай,
Отаныма ұл болу – қымбат маған.

Сеніменен Отаным егіз деймін,
Сенен – Отан, ал Отаннан – сені іздеймін.
Отаныма бер мені басы бүтін,
Нашар әйел тапқан ұл дегізбеймін!..
kariim
Мынауың енді ұрды! Бірақ тақырып — таныстыру ғой.
torgai
Түсінер ең
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?
Мынау ше?
kariim
Ұйқасқа уклон бере бергенмен іс бітпес. Бірақ ренжіткім келмеееей отырғаны.
torgai
Қысқасы мынауым құсық па?
kariim
Жок-а, былай, жаман емес сияқты.
torgai
Құсық деп көр. Аптыры мына кісі Басып оқы
Daniar-Alan
Таныстырсам өзімді атым Данияр,
Аланмын, сақа емес не мадияр
Күреңменен желдей жортып далада
Деп қуып кетсең щещесс
torgai
Мынау біздің Данияр.
Сөзінде айтқан жаны бар.
Даниярға сынған қыздардың-
Маңдайында бағы бар)))
Daniar-Alan
мынау біздің Торғай,
әңгімесі майдай,
жағып барады
Ұйқасы жоқ, бірақ поқ
хяйлаулім хяйлім әгугәйййй айййй
torgai
 сен жеңдің)) Кәрім асылып өлсе де айтарым осы)))
torgai
Кәрім күлді. Жеңдің ғой дим шынымен)))
satibaldi
Игә-гә-гә-гә, или-гәй,
Или-гә-гә-гә, или-гәй!
Ымммм, сұрадың есімімді тәеукелмен,
Ыңңңң, көресің не болса да бірге елмен.
Хыңңң, Тағы да айтам, есімім — Сатыбалды,
Кәнеки онымнан пайдаң көрген.
Игә-гә-гә-гә, или-гәй,
Или-гә-гә-гә, или-гәй!
sigma
Алтыдан сағат өтті ме
Өлеңдеткен керекші жұмыстарың бітті ме
Аяқ алыс басылып,
Таныстыру осымен ертеңгі күнге кетті ме
asaubota
жұрттың бәрі kariim ұйықтауға кеткенде келеді енді
kariim
Просто, мынау оң жаңбасқа келетін мәселе екен дә.
satibaldi
Енді айтайын мен жайын Жаңаөзеннің
Дайындаңдар запасной прокси-сервер.
Командасы Кы-бы-ен озып-ақ тұр,
Бұған бола блоктамас енді, құрғыр.

Илигә-игәәй, игә-гәй,
Илигәй-игәй, гә-гә-гәй!
qisyq
Таныстырсам өзімді атым Қисық,
Арақ ішсе қуалайды құрғыр мишық.
Өзіміз әрең отырсақ сыйысып-сыйысып
Зайбалдарыңды шығардым ба тиісіп-тиісіп?
kariim
Ұйқастан жұрдай екен — десем, шалқаңнан түскелі отырсың-ау ә?
qisyq
Наездница болғанды ұнатушы ме едің?
asaubota
Жылап-сықтап, қылмаңдаршы зайыбал,
Табытпенен әкеткенде мені ажал.
Одан да бас сүйегімді алып қал да —
Сыра ішетін жынды бокал жасавал! ©
qisyq
Таныстырсам өзімді kariim атым,
Күндерің туды маған жағынатын!
Бейбіт сол кездеріңді сағынатын,
Басыңды и, тізеңді бүк, шал мен кемпір,
Еркек-әйел, бозбала мен кәрі қатын!
kariim
 «Кәрім атым», «жағынатын», «сағынатын» нақ-Ты келдіңіз дә, «кәрі қатын»-ға келгенде құсып жібердіңіз
satibaldi
Ииииииииии, ииии.
Ииииииии, ииии, иииии.
Танысайық деп қолқалайд мына жұртым…
(домбыра: дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің, дрің-дрің-дрің-дрің)
Сұлулар да қолқалап, көздің құрты…
(домбыра: дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің, дрің-дрің-дрің-дрің).
Ииииииии, ииии, иииии.
(домбыра: дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің, дрің-дрің-дрің-дрің).
Сатыбалды туғаннан менің ныспым…
(домбыра: дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің, дрің-дрің-дрің-дрің).
Бата алғам Кеудембектен!.. деме «о гім?».
(домбыра: дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің, дрің-дрің-дрің-дрің).
Кеудембектен бата алдым мен…
(Өзі: дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің-дрің, дрің-дрің-дрің-дрің).
Aya
Таныстырсам өзімді болам Ая,
Әкем қойған жүрсін деп көпке сая.
Дәйім менің мінгенім маңғыл қасқа,
Керекте сүйгенім жоқ Саттан басқа (satibaldi ).

Сайт дегенде сайт, сайт екен ғой,
Сайт дегендер әр жерде көп екен ғой.
Аптасына ататын екі бес жүз,
Керектей сайт қазнетте жоқ екен ғой.
Игигай, гигай, илигай гөк,- деп қояд дима)))
kariim
Бірінші шумақ:
11 буынндық өлеңнің соңғы төрт буыны ұйқасып отыруы керек қой, тәртібі солай. Ал сіздің өлең 11 буындық бола тұра 2-ақ буын ұйқасып тұр.
Екінші шумақ:
Алғашқы жол төңірегінде біраз жұмыс жасалуы керек екен. Өзге жолдары Жігітше! Ой, ұрғашыларша — дегенім ғой!
MERmukhanov
сайт екен ғой
мен
көп екен ғой
дегенді ұйқастырған түрің құрсын, мәрһабам. :)
kariim
Өлең жеңімпазыны 10 (он) бірлікті өз қалтамнан аттым! Ставкалар көтерілуде
satibaldi
Ииииииии. Ииии. И. И. И.

Туғаннан өлеңнің майын іштім…

(домбыра: дрің-дрің-дрің)

Енді ше, көршімін ғой Кеудембекпен…

(домбыра: дрің-дрің-дрің)

Қара сөздің қаймағен шайып іштім…

(домбыра: дрің-дрің-дрің)

Батасе қабел болеп Кеудембектің…

(домбыра: дрің-дрің-дрің)

Кеудембек, әруағың ырза шығар…

(домбыра: дрің-дрің-дрің)

Көрші берген сендей… құдайым мырза шығар…

(домбыра: дрің-дрің-дрің)

Сен көргенде шибұт болсам-дағы…

(домбыра: дрің-дрің-дрің, дрің-дрің-дрің,
дрің-дрің-дрің, дрің-дрің-дрің)


Күшіген бір жылдан соң бүркіт болар…

(домбыра: дрің-дрің-дрің).

Иииииии, и, и, и, и…
Соңғы түзету:
kariim
дірің-дірің, ірің-ірің
MERmukhanov
А-е-е-ей!
Таныстырсам өзімді ақынмын ба,
Қысатын сәт секілді тақым бұл да.
Мерей деген кешегі айтыскер ем,
Ұқсап кеткен өлеңі татымды ұлға.
Ондай атты алдында естімесең,
Заманбектің қызының атын бұлда.
Асау бота секілді админ емес,
Юзер болып таңымды атырдым ба?
Сатыбалды секілді қисық сөйлер,
Бола алмадық троллингте батыр жын да.
Кәрім көкем секілді Хақ дін ұстап,
Айналмадық пікірі батыл құлға.
Нұрғисамен айтысып жүргенменен,
Ұқсамадық дәл сондай ақылды ұлға.
Алдекеңдей болмадық аппаратчик,
Сөзіміз де айналды-ау ақыр мұңға.
Артық ет ұстамайтын бойдақ болып,
Айнала алмай жүрміз бе қатынды ұлға?
Аза деген көкеміз шындық айтса,
Мың бірлік мені күтіп жатыр мұнда!

/пы.сы.
Төкпелетіп, бәріне шолу жасап,
Деп ойлап жатырмын мен "қатырдым ба… "
Соңғы түзету:
kariim
Мынау — ӨЛЕҢ!!! Серьезно айтып отырмын сендерге! Арасыдна «Кәрім» сөзі болғандықтан емес, дұрыс түсініңдер, қарақтарым. Меніңше топ жарып тұр қазір. Бұл жігітті сындырар ер бар енді араларыңда? Әй, қайдааам, майдаланып кеттің ғой, қазағыыыым!
Aldeken
Бұл жігітті сындырар ер бар енді араларыңда? Әй, қайдааам, майдаланып кеттің ғой, қазағыыыым!
Нәпсімізден бастап, майдалап турап тастаған саған болсын, обалымыз… дееееееееееп, дайындап келген ұйқастарымызды жинавацақ, ия?
Aldeken
Браво!!!
Мерей, тапа, әнассссс…
burkitshi
Ұқсап кеткен өлеңі татымды ұлға.

деген жерін түсіне алмай жатырмын
kariim
"Ұқсаған әр өлеңі татымды ұлға" — болса, қатесін байқай алмас едің
Aldeken
«Көкбөрі өлеңді жақсы шығарады» деген Азаның бағасын шартты түрде Кәрім «Көкбөрі-өлеңі татымды ұл» деп өзіндік аллегориямен жеткізсе, Мерей сіз меңзеген өлең жолында өзін Көкбөріге ұқсатып тұр.
Пы.сы. Кәрім, дұрыс айттым ба?
kariim
MERmukhanov мен Көкбөрі екеуі бір адам ба сонда?
MERmukhanov
жоға, мен Мереймін))) Ұқсап кеткен дегенім — «именно» кешегі дп-да ұқсап кеткен дегенім ғой. Ал былай кім білсін...))
kariim
ааа, нәпсіңе ауыр алма, бауырым!
MERmukhanov
Дп болған кезінде,
Өлеңнен жұртқа татырдым.
Содан шығар бұл термин,
Өлеңім — менің татымдым.
Сыртқа шықсам батырмын,
Ас үй жақта "қатынмын",
Әншейінде мен осы,
Астарлайтын ақынмын,
Саған бірақ жыр жолын
Түсіндіре алмай жатырмын!
Соңғы түзету:
kariim
Осы бір жері жынД кетті-ау деймін
MERmukhanov
есіме түсті, керек ұшып кетіп, плюстер мен каменттердің бөлігі жоғалып па еді сондай… пост
AKY
Айнұд Тұдсынбаеваның мақамымен:

Ал, халқым енді, адмысың?
Төдт көзің түгел бадмысың?
( домбыда: дідің дідің дідің дідің дідің, интдига):
kariim отыд екен ғой,
дайындап бізге қадғысын.

( домбыда: дідің дідің дідің дідің дідің):

Итім, итім үдім тұұұд,
Біддеңені біліп тұұұд.
( домбыда: дідің дідің дідің дідің дідің)
Ал, халқым енді алдыңаа,
АКҮ қызың келіп тұұұд — аай…

( домбыда: дідің дідің дідің дідің дідің)

Таныстыдсам өзімдіі,
Әйгедіммін Кеулімжаай.
Өзімдегі сезімді,
Айтсам егед, көңіл жаай…

( домбыда: дідің дідің дідің дідің дідің)

Келді бүгін себебі,
Қаламқас қыз, Темідбайй.
Денжімеңдер, дегелі
тұдмын тағы дабыддай -ааййййй.
ай-ай-ай-ай- даббыдди
дабыдди да, дабыддайййй
abzalsariyev
Ғашық болдым көзіңе,
Одан кейін сөзіңе,
Ғашық екем бірақ та
Оказывается өзіңе… (шын жүректен Халқым қабыл ал!)
asaubota
сақталған пікірлер, Гуглға шүкір:

ErNur

Таныстырсам өзімді…
Ақтөбенің баласы.
Інілердің ағасы,
Руымды сұрасаң
Жиембеттің Танасы
Мен — мен едім, мен едім!
Керекинфо сайтында
ErNur деген ер едім.
«Көттің кірі» емеспін,
Көптің бірі, дер едім
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей жандардың,
Досы болсам деп едім.
Көтриоттай жаулардың,
Қасы болсам деп едім,
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
«Шива» дегізіп, бақыртып
Тасын кессем, деп едім
Еейййдее деп қойыңдар

asaubota

kariim бауырым, жұрттың нәпсісімен әуре болма. халқымның нәпсіметрі мына жерде
бірнеше жылдық сайт жүргізу тәжірибеме сүйеніп айтатын болсам секс тақырыбы болмаса сайтқа адам кірмейді, тіпті діни сайт жасасаң да ішінде «исламда орал секс рұқсат па?», «ораза кезінде жыныстық қатынас бола ма?» сияқты сұрақтары болмаса ешкім кірмейді. ал былай троллинг жасап отырмын десең, базар жоқ, сәтті жүріп жатыр
kariim

Шамалы кеш қалыппыз-ау «Оразадағы жыныстық қатынасты» періп жіберу керек еді Үлкен мәселе ғой шариғаттағы ол да.
Ал енді мына өлеңнің құрылымын білуші едім бала күнімнен. Бір оңтайлы тақырып болған соң әрі төрешінің реті байқалмаған соң ғой менікі…

asaubota

ашуланбашы. мен де нәпсіңді тексеріп көріп жатырмын ғой

Gastarbaiter

бірінің артына бірі үңілгендер кілең

sigma

Кетті, кетті, өрт!

qisyq

Scheschesse

Aldeken

робин гуд, епті…

JAKO

Әууууу-ей,
Таныстыру айтайын менде өзіме,
Құлақ салып тыңдаңдар бұл сөзіме,
Екі жыл суын іштім бұл Керектің,
Үйіріп ала алмады мені өзіне,
Сонда да келіп-кетіп мен жүремін,
Айтыңдаршы шек бар ма бұл төзімде,
Өкпелеп қақалмаңдар өңшең троль,
Jakoның қыртып айтқан бұл сөзіне.

Janasil

Таныстырсам өзімді — Орта жүзбін,
Тыңдасаңдар мен туралы құлақ түргің,
Аталарым Отырарда мекен еткен,
Ал мен Астанада өмір сүрдім.

Түпнұсқасын тауып берген адамға 500 бірлік ал.

sigma

Ал мен Астанада өмір сүрдім.

Марқұм, иманды бол

Gastarbaiter

Janasil

аха, рахмет!

Gastarbaiter

Марқұм осыдан төрт-бес жыл бұрын Дәрушөлген сайтындағы форумның Хардкор әдебиет тармағында алдын ала ұйқас сөз жазып, оған артынша өлең жазып ойнаушы едік.
Астана, аш бала, баспана деген үш сөзге жазған шытпақ:

***
Жүрген жүріс стройка, наххуу. Астана!
Үйде қалды ауру қатын, аш бала,
Гастарбайтер болған түрім құрысын,
Үйсіз жүріп, жұртқа салған баспана…

Janasil

бля…

PatriotKZ

ия, біздің елде жалпы солай, бірақ боқтағаныңыз дұрыс болмады.

Gastarbaiter

Ол кезде бойдақпын, жай берілген ұйқастарды бір қисынға сыйғызу керек болған

aza

Жарыс аяқталды! Жеңімпаз ЕРНҰР! Жекеге нөмірін жазып жіберсе, бәйгесін атып жіберем.
ПыСы: Қалғандарың жазғыларың келсе жаза берің, кстати, таныса отырайық.
a63a1
Таныстырсам өзімді,
Жерге тастап сөзімді
таныстырмайм өзімді.
Жалпы былай жарандар,
Көтімде үлкен жарам бар —
деп жүріпті бір тышқан,
сөйтсе тесігі екен,
Үй аңғал!
Негізгі айтар ол емес,
Арман, зайбал құр елес,
Біреуге жылдар ғашықпын,
Алынбайтын бір белес.
Оқиғаның бастауы,
2 мыңның сегізі.
Кризистің жылы еді,
Ситимолда бір сұлу,
көфе сатып тұр еді.
Жайлап барып тақалдым,
Білмекке оның көңілін,
болып шықты танысым,
ішіп тұрған кофеге,
жұтпай жатып қақалдым.
Күндер өтті ай өтті,
Құлын өтті тай өтті,
Қысқасы, созып не керек.
Екеуміздің арада махаббат деген «жай» өтті.
Жап жақсы біз жұп болдық,
үйленуге құп қылдық,
Пақан мақан, туысқа,
Той боларын ұқтырдық.
Сөйтіп жүріп не керек,
Бұрынырақ көрмеген,
Бұрымы ұзын, өрмеген,
Лағындай еліктің,
дос қызын көріп желіктім.
Ар жағы жоқ есімде,
әлі көрем түсімде,
өнбей қойды ісімде,
Сендіруге ол қызды
жетепей жүр әлі күшімде.
Басқа дым жоқ алаңдар,
Зайбал шықты жарандар,
Түзу көзбен қараңдар,
Осындай міне жарам бар!
Соңғы түзету:
a63a1
Түзу көзбен қараңдар,
Көтте емес екен, Жүректе, Міне осындай жарам бар — деп түзеткен едім. Қайссың түзеткен?
merekeee
Бәәәрі ақын екен ғой :)
ken
Қазақ тілінде өлең шығару оңай. Сондықтан шығар ақындар көп бізде.
Сөйлемдердің құралу тәртібін бұзып айтсаң, өлең боп қалатынын байқадым.

айтсаң бұзып сөйлемдердің тәртібін
қалатынын өлең болып байқадым

сөйлемдердің тәртібін айтсаң бұзып
байқадым қалатынын өлең болып
MERmukhanov
Сөйлемдерде тәртіп бұзып айтарым —
Өлең болып қалатынын байқадым.

merekeee
Ұйқас сөзді тармақтың соңына жіберу үшін барған шығар бұл қадамға бұрынғының ақындары.
VKM
ол кезде «Керекинфо» керемет еді) хех, бәрі өлең шығара салушы еді. Кейбір таныстыру дөй-дала, түк рифма жоқ, бірақ капец күлдіргі. Настальжи болып отырмын
DametkenBekembaeva
Сәлеметсіздерме. МАған тез арада «Мен қазақтын қызымын» тақырыбында. Таныстыру шығарып бере аласыздарма??
MERmukhanov
Арине.
100000 тугрик.
VKM
шығарып бере салсаңшы, Мерей. Тугрик смайликпен)
Осы постты керім жақсы көрем. Добрый сондай)
AsetEginbaev
Мерей таныстыру шыгарып беринизши!
MERmukhanov
саған 150000 тугрик
AsetEginbaev
Сәлеметсиздерме маған жігіт сұлтанына таныстыру шығарып бере аласыздарма?%)өтінем қатты керек болып тұр!
Basic
MERmukhanov шығарып бермейсіз ба мына құттай балаға