Білгім кеп жүр

Бір сұрақ: Білгім кеп жүр
Осы керектің мүшесі болғаныма кейде қуанып кетемін. Неге деуге себеп көп, әйтеуір. Мен бір балалықпен ой айтқым кеп отыр, рұқсат етсеңіздер. Осы жерге тіркелгеніме көп болмаса да, осы жердегі үлкен кісілердің бір-бірімен сөйлесу мәнері, қалжыңдасуы, соғыс жариялауы маған қатты ұнайды. Көбісі таныс адамдар екенінде байқадым. Айтпағым мынау еді: осы жердегі үлкен кісілердің ойын білгім келеді. Егер де сізде әлемдегі ең беделді саналатын сыйлық(премия)-Нобель сыйлығын осы сайттағы бір адамға беру мүмкіндігі болса, кімге берер едіңіз және не үшін? Бұл сұранысымды наққа жібермессіздер деген ойдамын
Бөлісу:

38 пікір

Daniar-Alan
Осы керектің мүшесі болғаныма
… оның рас енД
Ispek92
Мүше деген еркектіктің белгісі
Aldeken
Кетнақ, Нобель сыйлығын өзім тұрғанда басқа біреуге беріп, жынды дейсің бе?
Daniar-Alan
Нобель сыйлығын
Кобель деңіз Алдеке, кобель
Aldeken
Даник, тілімді қышытпай тыныш отыр… мен сыйлықты айттым, ал сенің айтып отырғаның атақ вә қоғамдық статус...
dark_nazgul
Тәәәкккк. Менен басқа біреуге беру туралы ұсыныс жазғандар автоматты түрде әже жауларым қатарына қосылады.
Aldeken
Сіз де біреуге беретін шығарсыз, ия, Назгүл ханым?
dark_nazgul
Нобель сыйлығын ба? Жоқ. Тек қана өзіме.
Daniar-Alan
… ал мен ұмтылмаймын… Халқым өзі береді…
asaubota
бір бірін танид дегенде, не ғой бұл жердегілердің 90 пайызы бір бірімен сайтта танысқан адамдар. кейін барып реал өмірде кездестік. яғни бәрі виртуалдан басталды.
Aldeken
сайт знакомств, епті...
asaubota
жаңадан келгендер, сырттан бақылайтындар солай ойлайды. ой мыналар бәрі бір бірін таниды деп. шындығында осында таныстық қой.
Aldeken
қойнақ, сенімен вокзалда таныстым на…
Daniar-Alan
сенімен вокзалда таныстым на
asaubota
90 пайыз дедім ғо  біздікі он ғо
konvict
Астананың вокзалы ма?
AKY
Бәгзәлдә не істеп жүр екен))
Aldeken
Астананың вокзалында танысу тек қолөнершілерге ғана жарасқан… ))))))))))))
Marco
Физика. omarbirat Төбелесті жақсы көргені үшін. Ну енД біреудің жағын салбыратып қоюға құштарлығы жоқ шығар, бірақ, осы жердегілердің ішінде жекпе-жек өнеріне бір табан жақын тұратыны анық. Төбелестің физикаға қатысы қанша дейсіз бе? Ал неге қатысы жоқ. Мысалға, соққының күшін, траекториясын, жұмсалған энергиясын бақылау, соған қам жеу физика емес пе не? Әлі де күмәніңіз болса Омарбыраттың өзімен сөйлесіп көріңіз.
Химия. AKA Керекте түрлі элементтерді (ингредиенттерді) бір-бірімен араластырып, тәжірибе жасап, оны жариялап, оған өзі бірінші болып қуанып жүретін осы кісіден лайықты көрмей отырмын.
Физиология мен медицина. dark_nazgul Адам жанына шырақ алып түсе білетін шеберлігі, физиологиялық, психологиялық, сексуалдық тақырыптарда көрген-білген, оқыған-тоқығанымен ұялмай бөлісіп, тәжірибесіз "қолдаушыларын" «Ох-ох» дегізіп, тәжірибелі оқырмандарын «Лібә, точно» дегізіп қоятыны үшін.
Әдебиет. Aldeken Ол кісінің көлемді пікірлері біле білгенге нағыз інжу-маржан. Жарықтық заң, құқық, әзіл, секс, дін, саясат, несін айтасыз кез-келген тақырыптарда өлтіріп жаза береді. Әсіресе, ол кісінің ара тұра қайталанып тұратын "  ", "  ", деген пікірлері бір төбе.
Бейбітшілік. Осы тұста көп ойландым. kariim шейх та лайық сияқты еді, дегенмен ең құсық материалдың өзінен позитив көре алатын VKM жеңіп кетті.
Соңғы түзету:
MERmukhanov
экономика?
Marco
Оны Нобельдің өзі енгізбегесін қарамадым.
Кәдімгідей жюри болып отыр ше
dark_nazgul
Қой е, ол салада Gastarbaiter лайық.
Marco
Қойш, оның миын скоро стеройдтар деп қояды
dark_nazgul
ойбай, естімесін.
aza
Бір үйден бір адам алса жарайды Рахмет, Марко!
dark_nazgul
Әрине, алдымен Алдан ағаң алсын.
aza
Алдан алам десе таласым жоқ, алсын, әдебиетші ғоМен Бейбітшілік аталымын меңзеген едім.
dark_nazgul
Бәсе))) тура сұрауға батпай, бұрып жіберіп едім))) дөп түсіппін ғой)))
Ereimen
Маған бермей ақ қойыңдар… алмаймын деп қойсам иә? әрине беріп жатса дайын асқа тік қасық болар жағдай жоқ!!!
Marco
Әрбір терминалдан тиын санап жүргенің үшін экономиканы саған берер едім  (әзіл)
kariim
Альфредтің өзі тіріліп келіп сайтымызға кірсе, банкрот болатынына сенімдімін. Оның үстіне сыбайлас қамқорлық жүйесін ол әлі біле бермейді ғой!
Ispek92
ағалар тақырыптан ауытқымаңыздар, кімге береміз соныменMarco брат өз ойын керемет айтты солай жеткізсеңіздер
a63a1
тақырып аптырына шнобель силығын