Қажылық парызын өтеу мұсылман армандарының бірі. Тәуелсіздігімізбен дініміз келгені белгілі. Қазір таңда ақшасы бар адам қажылық сапарын өтей алады. Тіпті орташа жалақысы бар адам да қажылыққа бара алады біздің елде. Себебі елімізге берілетін квота өзге елдерге қарағанда жеткілікті. Білуімше жыл сайын қазақстандықтардың қажылық сапарын өтеу үшін 5 мыңнан астам квота беріледі. Егер де малазиялықтар өмірінде бір рет болсын қажылыққа бару үшін біздің елдегідей бала-бақша тізіміне туа салысымен жазылғандай дүниеге келгеннен кезекке тұрса, қытайлық мұсылмандардың кейбірі өз кезегін 25 жыл күтеді екен. Біздің жұртшылық Алланың жазуымен Аллаға шүікр барамын десе, ақшасы болса баруына бар мүмкіндіктер қарастырылған. Қажылыққа барғандар жақсы біледі. Кей кездері қажылыққа барып тұрып, парызын өтей алмай елге қажы болмай келгендер бар. Ондай да көбінесе жұртшылық қажылық парызын өтеу тек Алланың қалауымен ғана таңдалған адамдар бара алады дейді. Десе де, бұл сапарды өтеген адамдардың өмірін екі кезеңге бөледі. Оның бірі қажылыққа дейінгі өмір де, қажылықтан кейінгі өмір. Қажылықтан кейінгі өмірдің жақсы жаққа бұрылуы ол парыздың қабыл болуының бірден бір дәлелі болса керек. Бірақ ол жайында кеңірек дін қызметкерлері айтып бере алады. Мен Қасиетті Рамазан айы мен Қадір түнінің қарсы алдында сіздерге қажылық сапарда түсірілген фотосуреттер көрсеткім келеді. Себебі Пайғамбарымыздың (с.а.с) табаны тиген, Қасиетті Қадірлі Мекке мен Медина қалаларында болған адамның сезімі мәңгілік есте қалады. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл ретте суреттер сөйлесін. Керек инфоның жамағаты ұстаған оразаларыңыз бен Қадір түнінде тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Алла тағала сіздерге екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Әумин!
Бұлай орысша жазады, дұрысы — «Мекке мен Мәдина». Биыл қажылыққа барушылардың санын азайтуда деп естідім елімізде. MERS-CoV вирусының таралуына байланысты балаларға, үлкен кісілерге, сосын сырқаты барларға баруға шектеу қойылған -ау.
Егер де малазиялықтар өмірінде бір рет болсын қажылыққа бару үшін біздің елдегідей бала-бақша тізіміне туа салысымен жазылғандай дүниеге келгеннен кезекке тұрса, қытайлық мұсылмандардың кейбірі өз кезегін 25 жыл күтеді екен.
Мына жерін ұқпай қалдым. Малайзиялықтар ма қытайлықтар ма?
Малазиялықтар қажылыққа бару үшін арнайы тізімге жазылады екен. Тізімі келгенде қажылыққа барады. Қытайлық мұсылмандарда да солай. Қытайда тұратын бір ұйғыр қажылыққа бару үшін 25 жыл күткен екен. Қажылық сапарында кездестіргенімізде солай деп айтқан болатын.
Бес парыздың қажылықтан өзгесіне арнап Құранда арнайы сүре айтылмаған. Тек "Қажылық сүресі" / سورة الحجّ деген сүре тіркелген. Иман сүресі, Намаз сүресі Ораза зекет сүресі деген сүрелер жоқ. Бұл нені білдіреді? Біз мән бере бермейтін қажылық шариғатымызда қандай орынға ие? Сіздерге Құран сүрелерін парақтап, оқып шығуларыңызды насихаттаймын.
Мына жерін ұқпай қалдым. Малайзиялықтар ма қытайлықтар ма?