"Шахтерды" қолдауға барайық!

Футбол, тек қана футбол!: Шахтерды қолдауға барайық!

30 шілде, сағат 19:00-де Астана Аренада үлкен футбол. Чемпиондар лигасы 3-ші іріктеу кезеңінде Қарағандының «Шахтеры» Албания чемпионы «Скендербеу» командасымен ойнайды. Керекшілер болып бірге жиналып, бір жерден қарайық.

Кіру тегін.

Бөлісу:

36 пікір

Nurgisa
Сағат алтыда-алты он бесте стадион маңында кездесейік
satibaldi
Меніңше біздер ұтатын сияқтымыз, себебі албандық дем салушылар мен вуду қатындар шатасып Донетск Шахтарын қарғаватқан көрінед
asaubota


букмекерлер де солай ойлап жатқан жоқ па екен? тым төмен кэф беріп жатыр.
Adiletshu
Қазақстанда ойнап кеткен сербтің интервьюін оқып едім. Нашар команда, Шахтердің физикасы аналардан 3 есе мықты дейді ғой
Ispek92
Оны кімнен естідіңіз?
konvict
Мұнда барып қайт
asaubota
ол маусым айындағы жаңалық қой, сборда ойнаған ғо Донецкімен
konvict
иә, солай екен. Басында дүрмекке ілесіп мен де солай ойлағанмын.
asaubota
қай секторда болатынымызды осы тақырып астына жазармыз, баратындар болса телефонмен кіріп қарай қояр. ал ойын алдында сыртта жиналып, сосын бірге кірерміз.
aikarakoz
Ертең қашып кете алсам, барам-ау осы
Футболды жақтырмасам, жақтырмайын, Астана-Аренаны көріп қайтам
Daniar-Alan
Футболды жақтырмасам, жақтырмайын, Астана-Аренаны көріп қайтам
және бізді
Erlan
3-4 кундикте бир талай қызықты ойындар бар екен
asaubota
мынаған қандай ой бар? х2 болады ау?
Erlan
Батэні уткасын, Шахтердің коэфицентін тусірген болар, Скендербеу: 0 голов — 1.74 или Скендербеу: 0,5 меньше, бирак кауиптилеу
Erlan
дома ойнайтын Лион, тагы бир мыктылар бар солардын, екі ушеуін біріктіріп, 2 коэфиценттей шыгарып, тігіп жіберетін болармын
zholantai
айтсайші бырат, 2-2,5 коэфке
zholantai
осы Шахтерге зың стадион жасап беретін уақыт болд ғо, өзі
Nurgisa
Көп гол күтпеймін бұл матчтан. 2,5 голдан артық салынбас. Екеуі де жабыла ойнайды, жабық ойын болады, рискке бара қоймас аса.
zholantai
2,5 менше деп қойып, рискке барсам, қалай, Нұрғиса бырат
Nurgisa
жо-жоқ, меніңше керек емес…
asaubota
кеше Скендербеудің Нефтчимен ойнаған екі ойынының видеоларын қарағам. Скендербеу туралы жақсы пікірде болып отырғам, Шахтерды қиналмай ұтады деп. сөйтсем түстерін шатастырыппын, қызылдар Скендербеу екен

Шахтер өте алатын қарсылас
Abilakim
Алла жазса бүгін түсте Астана бағытын бетке алатын боламыз
konvict
Вип ложа жақтағы секторға отырайық. Сол жақ жақсы
torgai
Бару керек. Жұмыстан шығып, кешірек қосылатын сияқтымын.
Rafaello
Бармаған дұрыс. Бір жерімнен бал ашқандай болмайын, бірақ Шахта бүгін жеңіледі. Албандар үшін бұл үлкен мүмкіндік, өлсе де мұндай шансты жібермейді. Шахтер сияқты тек физикалық футболға негізделген ағаш команданы техникалық жағынан мықты албандар қатаң жазалайды. Беларустар өз малдықтарынан ұтылды, Шкендербеу бұл қатені қайталамайды.
Erlan
Шахтёр Караганда — Скендербеу 3-0. ура -ура -ура. Скендербеу: 0 голов — 1.74 или Скендербеу: 0,5 меньше, бирак кауиптилеу болжамымда ойнапты ))
Adiletshu
Мына сеткадан 5 команда жолдама алады. милан, Арсенал, Зенит деген сияқты командалармен кездеспейміз. Группавой этапқа шығуға реально шанс бар

«Базель» (Швейцария) — «Маккаби» Тель-Авив (Израиль)
«Мельде» (Норвегия) — «Легия» (Польша)
«Лудогорец» (Болгария) — «Партизан» (Сербия)
«Динамо» Тбилиси (Грузия) — «Стяуа» (Румыния)
АПОЭЛ (Кипр) — «Марибор» (Словения)
«Селтик» (Шотландия) — «Эльфсборг» (Швеция)
«Шахтер» Караганда (Казахстан) — «Скендербеу» (Албания)
«Аустрия» (Австрия) — «Хабнарфьордюр» (Исландия)
«Нымме Калью» (Эстония) — «Виктория» Пльзень (Чехия)
«Динамо» Загреб (Хорватия) — «Шериф» (Молдова)
Edu
Плей оффқа шыққан командалар сетка боынша кездесе ме? Әлде тағы жеребе бола ма?
asaubota
жеребе болады, мына жоғарыдағы жұптардың жеңімпаздары рейтинг ұпайлары бойынша екіге бөлінеді. Шахтер әлсіздер тобында болады. Селтиктен басқаларын былай өтуге болады негізі.
Daniar-Alan
torgai
Әріптерді танып тұрмын
Abilakim
бір сыныптық білімі бар қазақтардың барлығы танып отыр бұл әріптерді…
torgai
Мен ғана ма десем. Өкінішті