Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІ
ЖАЛҒАСЫ
Сонымен төрт «уаххабшы», бір сыбайлас, антитеррорист пен участковой Мақтаарал аудандық ІІБ келдік. Ішке кірсек конференц-залында бірқатар адам жиналып қалыпты. КНБ-шы, криминалист, бізбен келген террормен күресуші. Енді тек прокурор келуі керек екен. Соны күттік. Ол келгенше бізден жан-жақты жауап алып жатыр: Кімсіңдер? Не істеп жүрсіңдер? Мақсаттарың не? Рұқсаттарың қайда? Неге тізім жасап жүрсіңдер? Бітпейтін сұрақтар. Қарап тұрып ызаланып, ішімнен күлкім де келіп отыр. Бір ғана әлеуметтік зерттеуден осыншама проблема жасап, бұлардың басқа жұмыстары жоқ-ау деймін. Сөйтсем аяқ астынан әбігер бола қалуының басқа да себебі бар екен. Оңтүстік аймаққа іс-сапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ертең Мақтаарал ауданына келеді екен. Атакентте бір өндіріс орнының ашылуына қатысады-мыс.
Елбасы келетін болған соң белгілі ғой, алдымен аймақты келіп СОП сүзіп шығады, барлық органдар белсеніп кетеді.
Соның барлығы жүк болып тұрғанда біз төртеуміз бүйректен сирақ шығарып жүрміз. Өздері мұрнынан сүрлігіп жатқан байғұстарға қосымша жұмыс тауып беріп. Оны кім жақтыра қойсын.
Көптен күткен прокурор да келді-ау әйтеуір. Сөйтіп барлығы президиумға жайғасты. Төртеумізді қарама-қарсы отырғызып қойып, түсініктеме жазуымызды талап етті. Жазуға кірісіп кеттік. Криминалист ашуланып жүр. Ентігін баса алмайды:
— Бля, адамның мұрнынан қан ағып жүргенде сендер де басқа бәле болдыңдар нақ. Не жетпейді сендерге? Не жұмыстарың бар кімнің баласы мақта теріп, кімнің баласы термегенінде? Содан бірдеңе бола ма сендерге? Сукалар, сендердің кесірлеріңнен барлығымызды қазір СОП айдап жатыр, бля. Кім анау елді шулатып жүрген уаххабисттер? Ұстаңдар да Елбасы кеткенге дейін жауып тастаңдар, арттарын қысып, тыныш жатсын епті — деп тапсырма берді бізге. СОП-тың не екенін білесіңдер ма өздерің? Сендердің ООН, ПООН-дарың херня оның қасында. Олар үшін бірінші кезекте Елбасының қауіпсіздігі. МОТ-тарыңдыссс (Международная Организация Труда). Онсыз да жұмыс бастан асып жатқанда енді жетпегені сендермен возиться ету еді. Қазір апарып қаматамын да, соттатып жіберемін осы ваххабисттер деп, епті.
Оның бұл әңгімесіне еш таң қалып отырған жоқпын. Мент пен мәдениет ортақ әріптері болғанымен Құдай қоспаған ұғымдар ғой. Несіне таң қаласың. Бәріміз түсініктеме жазып болдық. Олар толық оқып шықты да, арасындағы әр сауалнама үшін респондентке берілетін 200 теңге мәселесіне қадалды да қалды.
Ол теңгенің мәнісі мынада. Әрбір мақталыққа барып жұмыс істедім деген баламен анкета толтыруымыз керек. Ол біздің жұмыс. Ал 200 теңге біздің жұмысымызға уақытын бөлгені үшін сол уақытының өтемі ретінде берілетін аз ғана сыйақы.
Менттер бұл жерден бірден сатып алу, параның иісін сезе қойды:
— Әр адамға 200 теңге? Бұл таза подкуп қой. Сонда сендердің қаншама ақшаларың бар? Не деген батпан құйрық ол? 200 теңге әр адамға! Не деген көп ақша ол?!
Әңгімелерін тыңдап отырып АҚШ-тың әскери бюджеті туралы сөз болып жатыр ма деп қаласың. Нәйеті бірнеше мың, ептілер. Не керек, қадалатын тұстары көбейіп кетті. Тағы бір қадалғаны ХЕҰ Қазақстандағы жетекшісінің аты-жөні Дина О`Брайан болуы. Өзі Алматының қазағы. Тегінің не үшін олай екенін сұрамаппыз да. Әйтпесе екі-үш күн бұрын ғана келіп, жұмысымызды тексеріп кеткен. Тағы сұрақтар: Бұл кім? Шпион шығар. Неге қазақ болса О`Брайан? Ақырында әрқайсымызды жеке алып, тергеуге көшті. Сөзден айырмашылық тапқысы келді-ау шамасы. Мені КНБ-шы дәлізге ертіп шықты. Өзі бір иығымен қабырғаға сүйеніп тұрып алып, соқты-ай дәйіс:
— Бұл не енді Ғалымжан? Өзің айтшы. Өстіп Отанды шетелдіктерге сата береміз ба? Олардың біздің балалардың құқықтарына түкіріп қойғаны бар. Осы мәліметтердің барлығын өзімізге қарсы пайдаланады ғой ертең. Соны ойладыңдар ма? Отан, мемлекет деген қайда қалды сонда?
Көздері кіртиіп кетіпті, дауысын барынша бәсеңдетіп алған. Мәнерлеп сөйлейді өзі. Сондай әсерлі. Көркем сөз шебері дерсің тіпті. Екі көзіне бар қазақтың қайғысын сыйғызып алған. Мен тұрмын ішімнен күңкілдеп: Қайғы-көтриот епті. Керемет болсаң астыңдағы супермаркаңды қай айлығыңа алғаныңды айта қойшы қанекей. Сырттай айтуға дух жетпейді. Соның қолындағы тұтқынмын ғой мен. Біраз ми тазалау әңгімелерін жүргізген соң конференц-залға қайтып кірдік. Жолдастарыммен де патриотизм жайында әңгімелер жүріп жатыр екен. Қасымыздағы Достық ауылының тұрғынына участковой ерекше шүйлікті:
— Көтек, мля. Өзіңнің ауылыңның қандай пәлеқор екенін білмейсің ба не? Құртпайсың ба басқа жаққа. Именно ең пәлеқор ауылға ертіп барып, басты ауыртып, епті.
Сөз соңында төменгі қабатқа түсіп, фотосессия өткізетінімізді айтты. Түстік. Тар бөлмеде бір мент отыр. Фотографы екен солардың. Саусақ іздерін алып, толық мәліметтерді жазып алған соң шетімізден суретке түсіруге кірісті. Біріміз түсіп жатқанда қалғанымыз өз телефонымызға түсіріп, прикол тастап мәзбіз. Ананың нөмір ұстап, жұлдызды сәтінің туып жатқанына қуаныштымыз енді. Мент жынданады-ай байғұс бала:
— Нелеріңе мәзсіңдер? Журналға түсіп жатқан жоқсыңдар ғой. Базаға қойып қоямыз. Содан кейін учетта тұрасыңдар мәңгі. Соған мәз болып жатсыңдар ма?
Оған құлақ асып жатқан біз жоқ. Мәзбіз. Бізге прикол керек. Е, түремшік. Қылмыскер мля — деп, бір-бірімізді мазақтап әуреміз. Өзі тыныш ұйықтап отырған кабинетіне келіп, жұмыс тауып беріп, оның үстіне күліп жатқанымызға ана менттің арты ашып, ұрғысы-ақ келіп тұр. Одан шығып, қолымызды жуып, жоғары көтерілдік. Барлық құжаттарымызды алып, ешқайда кетіп қалмаңдар деп, жіберді ақыры.
Қасымыздағы жолсерігімізді үйіне апарып тастауымыз керек. Біздің кесірімізден құрбан болды ғой. Түнгі 12 шамасы. Үйіне жеткізіп тастап, келе жатсақ ауылдың бар баласы көшеде ойнап жүр. Түнгі 00:00! Жарылдым-ай келіп:
— Мля, оңбағандар! Сука! Күндіз ваххабисттен қорқасыңдар. Мектепке апарып, әкелесіңдер. Үйлеріңнен шығармайсыңдар. Ал түн ортасында балаларың қараусыз көшеде ойнап жүр. Әрине сөйтесіңдер. Өйткені ваххабисттеріңнің сыйқы мынау, таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін график бойынша жұмыс істейді. Өләғалыңдар шеттеріңнен! Вахховозды басыма көтердім-ай өзім де. Қасымдағы жолдастар маған күліп жатыр.
Ертеңіне таң атысымен бар менттері Елбасының іс-сапарын күзетуге кетіп, бізбен ешкімнің шаруасы болмады. Өзіміз бастықтарға звондап, шу көтеріп жатырмыз. "Құтқарыңдар. Террорист болып кететін түріміз бар". Дина МОТ-қа, МОТ министрлікке хабарласты ма әйтеуір шешіп беретін болды. Тек Елбасы кетіп, түс қайтқанда ғана бізге көңіл бөліп, прокуратура, ментураға сенделте бастады. Ақырында ешнәрсе таппаған соң енді келмеңдер, көздеріңді жоғалтыңдар деп, құжаттарымызды қолымызға ұстатты. Біздің ауданда жұмыстарың болмасын, өзіміз білеміз, кімге не істететінімізді деп ескертуді де ұмытпады.
Ментурадан шыққан соң Достыққа барайық дедім. Санат неге дейді. Сол. Кеше бізді ұстап кеткенін қазір бүкіл ауыл біледі. Менттер қазір шулап отырған елді тыныштандыру үшін солар екен ваххабист. Ұстадық, енді қауіп жоқ, тынышталыңдар дейді да, бізді пайдаланып, отчетын жасап алады — деймін. Барып, өзіміздің еш уаххабтарға қатысымыз жоқ екенін, ештеңе таппаған соң босатқанын айтып кетуіміз керек. Террорист деген клеймомен кеткім келмейді. Жолдастар көнбей қойды. Ертерек кетейікші мына жерден. Құрысын. Не десе о десін деп, табандап тұрып алды. Сөйтіп кешқұрым жолға шықтық. Жетісайдан кетіп қалуға асықтық бәріміз. Қаладан шыға бере Бауыржан газды басты-ай дейсің. Жарықтық Вахховоз жүйіткіді.
Бостандық! Еркіндік! Мұнша қымбат болармысың?! Жәй ғана алаңсыз кетіп бара жатқанымыздың өзінен ләззат алып барамыз. Эмоция ғой әрине: Жетісайды желкемнің шұқыры көрсін деп барамыз. Қашып келем, қашып келем, артыма қарамай келем дегеннің нақ өзі болды бұл. Шынымен-ақ қашқандай болып кеттік. Сарыағашқа келіп, анкеталарымызды Баукеңнің бажасына қалдырдық та, қайта жолға шықтық.
Әлі алда Шәуілдірге бір апталық сапар күтіп тұр. Я, Алла! Сәтін сала көр!
ЖАЛҒАСЫ БАР

Енді оқып отырмын.