Сары қорап

Павлодар қаласындағы көшелердің бойында көліктердің жылдамдығын өлшеп, артық кеткендерін түсіріп тұратын бақылау камераларының (сырты сары болғандықтан жұрт оны сары қорап дейді) кейбіріне қосымша камералар орнатыла бастады (көлікті алдынан және жанынан түсіріп алады). Егер сол қосымша камераға түсіп қалсаң, ол жолда тұрған негізгі камераға сигнал береді де, негізгісі көлікті жарқ еткізіп түсіріп алады. Сол қосымша камераның қызметіне куә болғанымыз бар…
Нағашы ағамыздың 70-ке келген мерейтойына туысқандар қол біріктіріп (асарлатып) көлік сыйладық (Нексия). Той өткен соң ауылдағыларға рахметін айтқан ағамыз, енді қаладағы туысқандарыма рахметімді айтып кетуім керек деп, бір қойын сойып қаладағылардың басын қосып шәй беред. Сосын бәйбішесі екеуі ұсақ-түйек бірдеңелер алуға базарға шықпай ма, сол кезде жоғарыдағы айтқан камераға нағашым түсіп қапты. Ойбууууй, жылдамдық кетіп қалды ма, қайта көрейінші деп кері қарай 40-пен өткенде тағы жарқ еткізіп түсіріп апты. Ашуланған нағашымыз камераны бір боқтап алып, үшінші рет жылдамдықты 20-ға келтіріп тағы өтеді, тағы шік еткізеді. Басына қаны тепкен ағамыз арлы-берлі тағы бір-екі өтіпті. Бала боп кеттің ба, мүмкін дұрыс істемейтін шығар деген бәйбішесінің сөзі әсер етті ма, көңілінде дұрыс істемейтін шығар деген ойы бар үйге келеді. Ал енді сары қорапқа әбден жыны келген нағашымыз ауылға қайтар жолда әдейілеп тұрып камераға тағы бір түсіп алады. Қызықтың көкесі қаладан шыға берісте Ертістегі көпірдің аузында тұрған МАИ қызметкері тоқтатқанда болады. Сүйтсе бар бәле нағашымның ауылда жүргендей қауіпсіздік белбеуін тақпауында жатыр екен. Кейін бірнеше күннен кейін бір тайыншасын әкеп тапсырып, куәлігін алып қайтқаны бар.
ПыСы: Өзіңіз тұратын қаладағы сары қораптан «зардап» шеккендеріңіз бар ма?
Бөлісу:

12 пікір

satibaldi
Лібә, тұрмыстық деңгейден жоғары жазушы едің ғой, саған не болған? Әлгі, Семейдің қызы…
Armanjan
 күн өтіп кетсе керек, жынды ыстық тұр. /әй қоймайсың-ау Сатеке, қай-қайдағыны еске түсіріп/
satibaldi
Со қыздың тағдырын сенен гөрі мен қайғыратын сияқтымын, неге олай, а?
Armanjan
Сатеке, сол күндерді есіме алсам қорс-қорс болмаса да, кеңкілдеп алам ші. Айтпақшы жуық күндері бір құдаларымызды Ақтөбеге лаулайтын сияқтымын. Сонда саған барып мүбәрәк қолыңды алып, сәлем салып қайтсам қалай. Әлде жоғал нақ деп тырқыратасың ба?
satibaldi
Сол ғой: әлгі Семейлік арудың тағдыры дипломатиялық қатынастарға көлеңкесін түсіретін сияқты…
Armanjan
өләәәәәә, алдын ала білгенім жақсы болғаны ма, әйтпесе салып-ұрып барғанда, маңдайыңа тас тигендей болғанда, бетің қайтқанда, салың суға кеткенде т.с.с.…
konvict
Өтірік секілді. Жылдамдықты түсіретін камера үш жолақтан өткенде барып іске қосылады. Ал, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін камера түсірмейтін еді. Ондай камералар жазып алып қалып, кейін гаи қызметкерлері тарапынан штраф жіберіледі.
Armanjan
ана негізгі сары қораптан бұрын орналасқан, бір бүйірден және алдан түсіреді, және негізгідей емес төменірек орналасқан, сосын түсіріп үлгерсе, негізгіге сигнал береді екен, айтпақшы «Универсал полиция» дегенді республика бойынша Павлодарда бірінші болып сынақтан өткізген жоқ па, бұл да сынақтан өтіп жатқан қызмет түрі сияқты, болашағы әзірге белгісіз.
konvict
Сондай бәлені таразға да әкеліп, бірінші рет деп айтқан еді. Қой біліпті кім нені тексеріп жүргенін
omarbirat
Бояннн. Интернетте кемінде былтырдан бері жүрген прикол.
Оның үстіне, камераға түсе салысымен, жасаған ереже бұзуғышылығың үшін дәл сол күні жолда тұрған жол полициясы сені тоқтатпайды. Үйіңе бір айдың ішінде хатпен келеді.
Қателесуім бек мүмкін, бірақ қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін камераға түсіп қалып, үйіне шытырап келген жүргізушіні әлі көрген де, естіген де жоқпын
Соңғы түзету: