Әзіл тәпәқ боса...

Керекке керек жандар! Ал, шабыттарыңызды байқайық. Өздеріңіз шығарған қызықты өлең, тәқпәқтәрыңыз боса бөлісіңіздер. Әлде уақыттарыңыз жоқ па? Бірақ мұнда «ерікпеш» дейтіндер де табылады. Кім сүйтіп айтат, сол — қатын. Айтып қойдым!

Базардан киімдерді көп көресің,
Ұнағанын үстіңе кип көресің
Ал бағасы 48 мың дегенде,
Сол киімді өмір бақи жек көресің.

Тамағым менің ауырып тұр өте қатты,
Айқайлап оқыдым мен мына хатты.
Айқайламай оқиын десем бұл хатты,
Айқайлап жазыпты ғой мамам хатты.

Жалғастырамыз…
Бөлісу:

92 пікір

nurbolkhan_
Байқайм бұл жердегілердікі әшейін құр оттау-ау, мұндай өнерлеріңіз жоқ сияқты ғо Әй поворлар?!
danakyz
жексұрын болмай құрысай
Abilakim
Мына жерде біраз Кывыны жігіттер бар.Оларға қарап квн-де салмақты әзіл айтатындар да бар, астарлы сөйлейтіндер де бар деп қуанамын. Сенің мыналарыңды оқығанда олай ойлай алмайды екенмін
nurbolkhan_
Бопты!
Abilakim
Бауырым, біз де қуамыз. Біз де сәтсіз жазбалар жазамыз. Тек, бұл жерге жазба жазар алдында бір мезет КВН әлемінен шығып барып жазшы
Daniar-Alan
мына бір жердегі
Гастаның мына бір пікірі дәл келеді екен
Жазу стандарттары өсіп кетті. Бұрын жәй құса салып соны арзан бағаға өткізіп жіберуге болатын еді, қазір аудитория қатаа-ал.
Шалыс бассаң, біреуі желкеден бір перед, «а шешшесс» деп кепкаң жерге түсіп кетіп оны көтеріп алуға еңкейіп жатқанда артыңнан тағы екі охуерман тақалып, басжверуге ыңғайланып жатқанын байқайсың.

Бірақ сол дұрыс. Босаңсымайсың.
Daniar-Alan
Қойыңдар енді тепкілей бермей
Daniar-Alan
Мынау да бар

Уа, аса қадірменді қауым! Уа, үриттеп-айтақтап, қан жоса қырғыды қарап болып, кенет поэзияға жүрегі елжірей салатын екіжүзді көрермен қауым!
Керектік қауымның көңілін дәп басып табу қиынның қиыны
Abilakim
Шаштаразға шашыңды алдырасың
Тақырламай жартысын қалдырасың
Кейбір жерде мың теңге шаш алдыру
Өсе берсін жалбыраса жалбырасын
***
Мониторға қараймын сығырайып
Мойным созып алдыға мықырайып
Бұл жерде жоқ әрине біздің айып
Нұрболхан жазған екен сығырайып
nurbolkhan_
Сығырайып жазсам оның несі айып,
Бұл посттан кетпеймін ғой мен де байып,
Керек көлінің жағасына келген екен,
Ешкімге зияны жоқ, бұл бір қайық.
Armanjan
Базардан киімдерді көп көресің,
Ұнағанын үстіңе кип көресің
Ал бағасы 48 мың дегенде,
Сол киімді өмір бақи жек көресің.
мұндай «керемет» өлеңдерді оқығанда кемсеңдеп кететінім бартын, Нурболхан ака мен де үлесімді қосайын ие…
Тууууу, басым қатты сынып тұрған-ай,
Бас жазуға ақша болмай тұрған-ай.
Мәәәәә, бас деймін ау, ораза екен ғой,
Қап әттеген-ай, ұмытшағымдай…
satibaldi
«Ваш японский оскорбляет мой слух!»©Altygradus
Ildar
Ептібайматтың оқырмандары ұнамаса пиздуйте бұл жерден!
Нұрболхан, әзілдерің керемет және командаңда керемет!
Жаза бер! мен қуана-қуана оқимын!
Abilakim
үстіңе су шашайын ба? Тым қызу қанды екенсің
Abilakim
Бүгін тіркелесің, тіркеле сала айқайлайсың. Қызық. Нұрболханды жақтап пікір жазасың.Басқа жерден көрінбейсің. Түсінікті әрі түсініксіз…
meirzhan
Нұрболхан?
konvict
 өтпей қалды деп отырған шығар
Ildar
Жалпы жанкүйер болсам, жақтауым керек!
Бұл кызуым емес, жақтаушылық созім Абіке!
totiya
несіне жазды екен мына постты
Marco
Торғайлар мен қасықтар айға ұшты,
Төрт тәрелкі саунада ажал құшты.
Терешкова насыбайды шашқа жақса
Ламборджини етік тапты темір ұшты.
Ең аяныштысы осындай өлеңдерге күлетін адамдар бар әлі
Ildar
)))) аллай аллай б9л не деген -ле4 жолдары! Ужас
satibaldi
«Сахнаның әзілі болады, жазба әзіл болады. Масқара — бірі екіншісіне ауыз салғанда басталады» деп еді Құдайберген ағам кулуарда, жарықтық, айтудай-ақ айтыпты(((
Соңғы түзету:
Marco
Дәл айтқан екен, марқұм!
danakyz
топырағы торқа болғыр Нұрболханның өстетінін біліп айтқан екенда…
Abilakim
Нұрболхан капут?
danakyz
пусть! данЗынға)
meirzhan
Не деген қатал едіңдер ) Бәрін серьезно қабылдайды екенсіңдердааа
danakyz
мынанікі еш қабылдауға келмей тұр ғой…
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік. Ер табылса, жарайды қылса сұхбат… с Құнанбайдың баласы
meirzhan
Бастауыш сынып әзілдерін сағынған шығармыз.
AKY
топырағы торқа болғыр Нұрболханның
nurbolkhan_
Шақырдыңыз ба?
AKY
ии, жанымка, мылжа-мылжа қылыпты ғой сені
nurbolkhan_
Қаз келем, шыққан топырағымды көмп кетейін!
Adiletshu
КВН қарамаушы едім. Бұдан кейін енді мүлдем қарай алмайм
Korkem
Керекте әзіл жазылса астары болушы еді…
Marco
Мүмін осылай қуып тұрған да жақсы шығар. Дабайте қуайық!
Marco
Көкжиектен аттың басы көрінді
Аттың басы көкжиектен көрінді
Көрінді аттың басы көкжиектен
Басы аттың көкжиектен көрінді
danakyz
Маркоға ұстатыңдар қамшысын
Қуа түссін Нұрболханның соңынан
Сүрт маңдайдың су боп аққан тамшысын
Айың тусын оңыңнан
meirzhan
Айың тусын оңыңнан
Нұрболханның постына
Коммент жазайық солынан
Поштасына борасын
Уведомление деген хаттар
Жеңіл желпі әзілмен
Мазасын оның алайық
Ал, қанекей халайық
Marco
Белдеуге байлап қойдым мерседесті
Гаражаға тығып қойдым көк бестіні
Мұның бәрі өтірік шынымды айтсам
Мама, мама сағынышым дублеңкі
aikarakoz
Сұрасаң тақпақ, мінекей,
Күн астындағы Күнекей.
Бүгін күн ысып кетті шо та,
Би билейік қанекей!
Marco
Жағалап қыратты
Келе жатты салт атты
Қарсы алдында бір айғыр
Шауып бара жатты
Жете алмасын білгесін
Тұра қалды салт атты
Мылтығына жармасып
Атты атты атты
meirzhan
 Жібер аттың басын
aikarakoz
Қане, тез мойындаңыз, Жігерден тігіп кеттіңіз бе?
Marco
Соңғы жолы плагиат, есте жоқ ерте заманда asaubota Nurgisa sigma деген ақсақалдар осындай гениалды тіркестер шығарған. Соны пайдаланып отырмын.
Жігер әзірге
Мен мультфильм қарағым келгенде,
Мыналар жаңалық қосып қойды.
Сонда мен мультфильм қашан қарайм
Сайбал на, кеттім кухняға, — деген өлең шығарды
Соңғы түзету:
Marco
Ішуге болсаң зар
Үйің болса және тар
Анау үйдің артында
Бар бар, бар
Abilakim
Кей-кездері беріліп ән тыңдаймыз
Суықта жеңіл киінсек қалтыраймыз
Айгүлмен шыныменен құрбы ма екен
Сәбиттің әйелі ше, Алтынай қыз
nurbolkhan_
Кәнсерт беріп жүргендеріне қарасақ,
Айгүл, Алтынай шпилкі киген тұяқты.
Сәбитің де тегін адам емес қо,
Екі чип салатын телефон сияқты.
dark_nazgul
Кәнсерт беріп жүргендер далбаса ғой,
Көп адамға, қайтейін, салмаса ой.
Сәбитің екі чип салатын телефон емес,
Екі телефонға салынатын бір чип қой.
nurbolkhan_
Не боса да сол Сәбитің жарады,
Сәл шыдасаң тағы қатын алады.
Екі қатынның ортасында жатамекен,
Соны білгім келіп менің барады.
Adiletshu
Біреуімен жатады. Алтынаймен
nurbolkhan_
Тиыштық па сенікі? Не болд тіке айта салдың ғо Білеміз Алтынаймен жататынын
Adiletshu
Осы сұрақ мазалап жүр екен ғой
nurbolkhan_
Сені мазалап жүрген нәрсені білу керек боп тұр ед
nurbolkhan_
Айтпақшы, басқа посттағы сұрағыңа жауап жазып қойдым. Шауып барып қарап кел, күте тұрам осы жерде
nurbolkhan_
Минус басуға жәнің құмар кен
toha9566
Айтысқа барсаңдаршы домбыра ұстап алып
nurbolkhan_
Қой ол жақта бізге жегіжверер. Біздікі сурып салма мес, жазбаша ғо!
toha9566
Осы жердегі де жетед дейсін ғой
nurbolkhan_
Әрине қолтырауын!
totiya
бәрі қайтты үйіне, мен отырмын жұмыста,
бәрі кілең бос кеуде, мен бір жүрген құмырсқа.
ken
енді сен қосылдың ба?
totiya
аа лакпа тәпәққа да руксат керек пе ед не
Armanjan
Нурболханның жағдайы қалай екен қазір…
danakyz
мүшкіл…
Armanjan
бәсе, тәпәқ-тәпәқ деп қалуы жаман ед
Daniar-Alan
жігіттер, қыздар минустамайық енді Нұрболханды. Нұрболхан жалғыз келген жоқ. Артынан 3-4 адам келді. Тәрбиелеуге ұмтылыңдар қайта. Түбі адам болатын бала ғой
Janasil
тәрбие емей не енді.
Daniar-Alan
Қызықсың. Цирктегі жолбарысты да таяқтаумен қатар арасында пряник беріп отырады ғой
danakyz
енді беретіндер бердіғо прянигын, сұраған тәпағын жаздығо
Adiletshu
Артьынан келген 3 қызын қалдырсын да өзі кете берсін
danakyz
мен барғо, бұрыннааан оқим Керекті… пыросты бүгін тіркелу бұйырып тұр кен… нұрболханға түк қатысым жоқ құрысыын… артынан келген деп айтпанызШ…
Adiletshu
Не болд қуыстанып
danakyz
артынан келд деген ынғайсыздау екендә
Daniar-Alan
артынан келд деген ынғайсыздау екендә
konvict
Иә, иә, командасындағы үш қызын тастап, өзі кете берсе болады
AKY
құдай қолыңа қуат бергей
nurbolkhan_
Иә, бәріміз кезінде қолдан бастадық қо!
Daniar-Alan
құдай қолыңа қуат бергей
лібәә қойсаңдаршиш  Сыртқа көрсетпегенмен, іштей біртүрліі болып қалатын шығар. Ешкім жоқта қорс-қорс жылап алатын шығар
AKY
керісінше, мақтан ететін сияқты )
konvict
 құдай-ау, мені де түсінетін адам бар екен ғой
dark_nazgul
тыңайтыватырқ қо енді.
nurbolkhan_
Бір күні пост жазбасам, «Adiletshu сыйлаған минустар!» деген
Adiletshu
Мынаны пікіріңді көрмеппін. Соңғы кезде көрінбей кеттің. Пост жазам деген уәдеңді ұмытпа
MERmukhanov
тым қатал бағалапсыздар,
сәл сәл қанағатсыздар,
қандай арам-ақсыздар,
неткен жаманақсыздар

Нұрболхан бауырым-еу,
Өнерлі көкем еді.
Сахнадан мәнерімен
оқыса, өтер еді
Соншама минустамай,
жымисаңыздар жетер еді…
Қойшы, сәулем,
Бәрін де көтереді.
Соңғы түзету: