Бұл Түркістан!!

* Есі дұрыс адам Түркістанға жазда қыдырып бармайды" Ж.Ертай. Рас айтады, Рас!

* Біреулер үшін қала, біреулер үшін ДӘӘУ ауыл.

* Асфальттау деген түсінік жүрмейді, тіпті адамы көп базар маңындағы жолдарға, автотұрақтарға әрі кеткенде тек тас төгіледі. Болды.

* Қаланың тіршілігі негізінен базармен байланысты. 24 сағат сауда қайнап жатыр. Қызығы сатушылардың дені өзбектер. Сатып алушылар қазақтар.

* Бесіктің заттарын іздеп барлық дерлік дүкендерді араладым. Балалар тауарларын сатумен айналысатын 2 ақ қазақтың дүкені бар екен. солардың бірімен:
-Түркістандағы детски сататын жалғыз қазақпын.
-Алтын ордада бір қазақ кісі бар екен. Сол сізге жіберді.
-Е, ол оралман ғой.
-ммм да.

* Қала ішіндегі маршруттар қалаған жеріңде тоқтайды. Тіпті әр столбының түбінде бір бір адамнан тұрса да тоқтай береді. /мұнда да шаферлер өзбектер/

* Қалада санаулы жерге /базар маңына/ бағдаршамдар орнатылыпты. Адамдар әлі үйрене алмай жатыр. Әсіресе өзбектің әйелдері. Жасыл жанғанша шыдамайды, машиналардың арасына қойып кете береді.
* Машина айдайтын жігіттердің айтуынша машина жүргізу Алматы, Астана, Шымкентке қарағанда Түркістанда қиын екен. Себебі мұнда ол қалалардан басқа өзінің жол жүру заңдылықтары бар.

* Тойханаға бардым. Той жасау үшін адам басына төлеген ақыдан бөлек «САЛҚЫНДАТҚЫШҚА» ақы төлеуіңіз керек. Сағаты 1000 тг. Төлемесеңіз қосылмайды. /далада 40-45°C/.
* Түркістан-Шымкент арасы 800 тг. Салқындатқышпен барғыңыз келсе 1000 тг.

Пы.Сы: Қаланың осы жолы маған берген әсері осындай болды.

* Осы. Енді суреттер.
Бөлісу:

113 пікір

GALEKE
Түркістанда ең есте қалғаны жол жүру ережесі деген түсініктің болмауы. Ол жақта әркімнің өз индивидаульды ережесі бар. Сеніңкі қызықтырмайды. Және жол жүру ең арзан қала. Такси, автобус, маршрутка тиын. Бұрыыыыынғы рафиктерді көргің келсе сол жаққа бар, музейге мінгендей боласың
asaubota
бармауға болатын қала екен
Janasil
)) Барасыңғой Ареке. Баруға тура келеді болашақта. Негізі жақсы жақтары да баршылық. Оны келесі жолы тізбектермін.
Соңғы түзету:
Yafoo
Түркістан ол күндіз Түркістан!
Ал түнде Ауғанстан деп Ел басымызға бір кісі айтып ед.
Janasil
Бірнеше жыл бұрын солай болған. Қазір тыныш секілді.
Janasil
Түркістан оңтүстіктің орталығы болады деген әңгіме гулеп тұр екен. Шымкент жеке қала болады дейді қатындар. Рас болса есін жиып қалар еді есіл қалам.
saken
Қызылорда облысы екеуін қосады екен деп жатқан жоқ па? Арал мен Қазалыны Ақтөбе облысына қосып. Осы "өсектің" көтерілгеніне біраз уақыт болып еді.
GALEKE
Бола қоймас. Географиялық жағынан келмейді, бір шетте. Қызылорданың орталығы болса сенемін.
saken
Рафиктер жүр екен. ))
GALEKE
Әр столбтың түбінде адамдардың тұрғаны ойлантып тастады. Қоғамдық әжетхана жоқ па
Соңғы түзету:
Janasil
Бел сосатуға қатысы жоқ. Әр кім өз үйінің тұсынан шығап тұра береді қол көтеріп. Аялдаманың маңызы жоқ.
Daniar-Alan
Бел сосатуға
???
— брәтішке жүршиш қыздарға барып бел сосатып қайтайық та
— кеттік быратан
Marco
Кафенің аты мықты екен. Астанада да бар біреуі. Түнгі клуб пен қонақ үй. Аты «В дали от...». Кімнен немесе неден екенін өз қалауың біледі.
omarbirat
Жол жүру ережелерін жеті жыл бұрын байқағанмын. Жаяу кісілерге өтіп кет деп жол берсе өтпейді. Әлде өз көздеріне өздері сенбей тұрды ма екен
zholantai
иә, пешеходтан өтуге болмайды, риск. Пешеход жоқ жерден өту керек, зуу етіп
zholantai
зор қала, басқа жақ өліп-тіріліп, қырылып-жойылып жатса да, Тұранды қызықтырмайды. Кез-келген шынайы Түркістандық өзін басқа облысқа барғанда «Шымкенттікпін» деп айтпайды, «Түркістаннанмын» деп тұрады. кәуабы мен самсасы керемет, Универі бүкіл қаланың көктамыры іспеттес, барлық маршрут, бус, рафик, газель, кафе-асхана, базар-вокзал студенттер есебінен бір жанданып қалады, жазда: қала — үнсіз, бейғам, «сен тимесең мен тиме» күйге енеді, күз келе бойына қан жүгіреді. Арзан.
MamaAya
 жаным сол! Біздің Түркістан-ең мықты! люююююбой жағынан...
zholantai
иә, туған жерім, 6 жасыма дейін ажырамай өскен жерім, 6 жасқа толып, мектеп жасына жеткен соң, әр жазда жиендетіп барған жерім, универінде 4 жыл оқып, жоғары білімі бар деген куәлік алған мекен. эхх, Тұранды сүйем,
MamaAya
мына баланы Астананың буы ұрғанына слегка қарым ашып тұрғаны…

А так, Мен де сүйем!
zholantai
қумасайші, Астананың буы ұрғаны нес тағы, бүкіл тесіктен буды шығарғаны десейш, айтпақЧ, Астанада емеспін,
MamaAya
жаным інім, сені айтпадым, автор баланы айтамын!
zholantai
автор — Балтакөлдің жігіті еді, соншалық сұрқай реп жасағанын,
MamaAya
пхххххххххххххххххххххххкххххххх, Бал-та-көөөөл? онда түсінуге болат...
zholantai
онда түсінуге болат...
толығырақ, толығырақ,
MamaAya
из грязи в князь дегендей ғой…
zholantai
Janasil келе жатыр, мачетесін ұстап,
zholantai
мына фотореп дұрыс болд, бармағалы 1 жыл болған еді, сағыныппын. Күз келсін, бару керек.
neoaskar
Түркістанда өзбектер сауда жасайды деген өтірік, өзім сонда жүрген қазақ есебінде, ол жақта қазақтар сауданы қыздыратын. базарға бара қалсаң байқайсың. бәрі дерлік өзбек емес, қазақтар. ең арзан қала деуге болады. Астанадай айлығың, Алматыдай тұрағың, Түркістандай асханаң болса, рахат. 200 теңгеге тойып аласың, 150 теңге бір порсы тамақ, 50 теңге — нан мен шай (бір стакан).
Janasil
намысқа шаппаңыз. Дені өзбектер екені расқой.
MamaAya
воооот, басқа қаладан шет елдің тамағы деп пәлен ақшаға шөп-шалам жегенше?!
Olzhass
әлдеқандай қып па)
MamaAya
нуууууууууууу! аты типа шет елдік болған соң соны авторитет санайт та, а так самса мен шай с сутом оның қасында зор ғой!
Korkem
иии шынымен осындай ма? Өз басым бір ғана мәрте бардым, онда да түнделетіп тойға. Мынау тұрған Түркістан ғой деп шығып кетіп ек, 4 сағатта әрең жеттік түнгі 11.де. Сөйтсек құдалар әлі келмепті, той біз барып жайғасқан соң жарты сағаттан соң басталды.
Janasil
негізі бір жақты жазылған. Іздеген адам жақсы жерлерін де табады.
MamaAya
тек жаман жағын теріпсің бауырым, Астананың буы қатты әсер етіпті өзіңе!!!
Janasil
)) шын айтамын, тек осылай көрінді. Бәрі салыстырмалы түрде ғой әрине.
MamaAya
ия, әсіре қызыл тез оңар деген, абайла, жылтырағанның бәрі алтын емес… Бұл түріңде балтакөлді скоро ұмытатын шығарсың көрген бір жаман түстей…
Korkem
Жол бойы, «ит байласа тұрмайтын не қылған жер?» деп қабағым шытылып барып едім, түү жапандағы қаланы көріп…
Aikona
Хе хе жалпы оңтүстіктің қалаларының бәрінде светафор, анау мынау деген түсінік жоқ қой. «Түркістан» барып көру керек деген жерлер тізімінде, әлі де қалатын сияқты.
GALEKE
Лібә, барып көргендей соға салды. Аудан орталықтарының барлығында дерлік светофор бар. Барлық аудан орталықтарында болдым. Жоқ жерлер тек Шәуілдір, Қазығұрт, Шаян (нақты айта алмаймын, жоқ болуы керек, байқамағанмын) Ал аудан орталықтары, қалалардың барлығында бар. Осы жерде Шымкенттіктер де бар болып қалуы мүмкін шығар демей соғасыңдар ей ә
Aikona
лібә, барып көріп келгем  Шымкентіктер өріп жүр ғо, неден қорқам???
GALEKE
бір оқиғаны көріп бәрін сол бояуға бояй салу өсекшілердің тірлігі негізі
Aikona
кетш, мен өсекші емеспін. Алдымен өзіңе қарап алсайш.
Aikona
түсінік жоқ деген де қызыл жанып тұрса да жүре береді, адам жасылға өтіп бара жатса сигнал беріп тез өт дейді дегенім
Aya
әйтеуір Шымкентте пешеходта мені бір машина қағып кете жаздап, тағы маған ұрысқаны бар еді))
MamaAya
оңтүстік светафорында зор бәлеге талай ұшыраған жанның монологы ғой мынау, айкона!
kariim
Қайбір жылдары «түнгі базарында» болғам. Елімізде бір ғана қалада түнгі базар бар. Бұл 24 сағаттық базар емес, тек қана түнде істейтін базар екен. Көзбен көріп қана сендім, әйтпесе сенбес ем.
Janasil
Түнгі базар негізінен сырттан келетіндергі арналғын. Мысалы Қызылорда облысының адамдарына. Кешке поездбен келеді де таң ертең қайта мініп кетеді.
aza
Аянышты… Әлде солай көрсеткісі келді ме автор…
Janasil
Аянышты. Басқаланың жағдайына үйреніп қалғандықтан болар. Маған тура осылай көрінді Түркістан. Еш қоспасыз.
AKA
Рафиктерді көріп "Әлі де бар екен-ау?" дегем мен де. Көшелері тар. Ал, негізі көре білгенге әдемі жерлері бар еді, мәселен мешіт жақ. Көлікпен кетіп бара жатып бір ұзыыын ескерткіш көргем. Соны көрсеңіз жаза кетерсіз. Сосын, кампус жақ керемет, мен қатты қызықтым сол жерге. Тұтас бір қалашық дерсің, ішін араламасам да сыртынан әдемі көрінді, барлығы бір жерде тұтасқан. Түркістаннан шығатын қақпаны да жаңалап жатқан болатын, қорған іспетті. Кіреберіс жақ көңіл түсіретіні рас.
Adiletshu
2008 жылы барғам. Қатты ұнады. Тап-таза екен.
GALEKE
Жол ережесіне байланысты есіме түсіп кетті. Алдыңғы жылы сонда магистратурада оқитын бір ағайымызға қонаққа бардық досымыз екеуіміз. Кіре берісте Түркістантанушы болып өзімше оған ақыл айтып бара жатқанмын. Бұл жақта әркімнің өз ережесі бар брат, абайламасаң сызып кете салады, сенің эмоцияңа түшкіріп қойыпты деп. Сөйтіп Шымкент жақтан кіріп, бірінші бұрылыстан базар жаққа қарай бұрылып кетіп бара жатсақ қарсы бағыттағы көліктердің жүргізушілерінің бәрі бірдеңеге көңілдері толмайды. Бізге қарап, қолдарын ербеңдетіп, за рулем айқайлап бара жатыр. Тағы өздері наглый, тура қарама-қарсы жүреді бізге, біздің полосамен. Айттым ғой саған, қарасайшы, наглеж ғой мыналары деп мен ырза емеспін оларға. Сөйтіп, бір жергілікті тұрғыннан адрес сұрайық деп тоқтап, әңгімелесіп жатсақ ол бізге: негізі сендер односторонний жолмен келе жатсыңдар, бұл жақта тек қарсы бағытта жүруге рұқсат бар демесі бар ма. Оны білмейміз екеуміз. Көлікке отырған соң досым біраз күлді маған. Сені де жолсерік дейді, соғыстырып өлтіретін түрің бар деп. Сөйтіп, Түркістанның жүргізушілерінің кемшілігін айтамын деп, өзім олардан өткенін жасап қойыппын.
ken
Ескі қаланың суреттері бар ма? Жалпы қаланың ертедегі бөлігі — ескі ғимараттары, көшелері сақталған ба, Йассауи мешітінен бөлек?
Janasil
Жоқ сақталмаған.
ken
Қызық емес қой. Қазақстанда бір дұрыс сақталған тарихи қала жоқ.
aikarakoz
Ап-арзан, өте арзан қала екенін неге айтпаған аптыр?
Janasil
Арзан екені рас. Бірақ сапа жоқ.
Yafoo
Байқағаным Шымкент(Түркістан) жайлы жазылса жарыса жазады екенсіздер.
satibaldi
Байқағаным — жарыса жазғанымызды байқап отырады екенсіз.
Yafoo
Шымкентте күшті жігіттер бар мұртым(ң)ыз жоғары қарап қалмасын, (клаваны абайсызда басып қойып)
satibaldi
Әлгі, цемент зауыттың директорын айтасың ба?
Yafoo
Өлген адам сөйлемейді
danakyz
о діректрді көтіне кіргенше неге сонша мақтағааан?өлқаған емеспа?
danakyz
мұртым(ң)ыз?????
danakyz
???
satibaldi
Жынысыңыз: ер/әйел деген сияқты конструкция. Оны да білмейтіндер әдетте шетелге жіберілмейді.
Yafoo
м-ның орнына ң-ды қойып көріңіз сіз дегенменде Данақыз едіңіз
danakyz
өзіңізді де меңзегендей болдыңыздае
Yafoo
солайы солай
қааалай біліп қойдыңыз дегенмен Дана едіңіз
Соңғы түзету:
danakyz
кхм кхм ендіі ол атамнан дарыған қасиетссс
MamaAya
ЁЁЁЁ моЁ! менің Түркістаным ғой ол! онда бар кесене сендерде жоқ қой! Мен ол үлкен ауылды жақсыыыы көремін! Мен сол безправил машина айдайтындардың арасында қотыр-қотыр жолда ленд крузермен сырттан келгендерді шаңыма көміп кеткенмін талай-талай! минусқА КөмІп тастасаңдар да сол жақтың адамдарындай болып алыңдаршы! Түркістанда басқа қалалармен салыстырғанда ол жақта БОМЖ жоқ! сендерде ше?
Adiletshu
Мақтаншақ
MamaAya
Шуыңды жамандаса сен қосыла жамандайтын шығарсың, сол үшін сен мені түсінбейсің! Мақтанам, өйткені мен Түркістаннанмын!
Adiletshu
Крузагыңды айтып жатырмын. Скромно «мәшінемен» дей салсаң да болады ғой
MamaAya
не өтірік айтуым керек пе? внедорожник керек ол жақтың жолына!
Соңғы түзету:
Sashok
Девушку из деревни вывезти можно, НО деревню из девушки НИКОГДА!
Adiletshu
Жақсы айттың, дос
MamaAya
ууух, мен не деген керемет адаммын, менің арқамда 2 педик одно целое болатын болды!
Sashok
Бабайка, ұйқы қайда? Бай қайда, бала қайда?
ken
Өзбектер қаланың байырғы тұрғындары.
MamaAya
ия, олардың еш зияны да жоқ, олар болмаса арзан, мол көкеністер мен жемістер, тәтті нандар мен самсалар да болмас па еді?
ken
Шу сияқты (жаман деген сөз емес) болар еді.
Janasil
MamaAya Мамалай бермей жақсы жақтарын салсайш ортаға.
MamaAya
брәтише, мен мамаламадым, Мен Түркістан менің туған жерім- оның жолы тар болса, ол көне қала, қабырғасы жарылса ол да көне құрылыс деп туған жеріме мақтанып оның жаман жақтары еееш көрінбей кетеді,,, сен жаңалықтардағы Астанаңның жаңа соғылған аварийный қабырғасы ыржиып тұрған құрылыстары туралы жазсаңшы лучше… Киесі тиіп кетпесін!
Janasil
)) көрген көзде айып жоқ.
MamaAya
туған жерінің тек жаман жағын көретін көзге- аяныш!!!   басқа сөзім жоқ, не де болса, Алғааа!  Інім екенсің өзің…
Соңғы түзету:
Janasil
Шыны керек осы барғанда жаман болып келдім. Бұрын білінбейтін. Біраз сұрақтар мазалады… Негізі қаралау мақсатында салған жоқпын. Опшым әңгіме көп әпке…
MamaAya
по приколу жазылған дүния сияқты былай… не че! мен онда бір күні жазамын…
ken
Сыр бойындағы тоғайларда 19-ғасырдың соңына дейін жолбарыстар болған екен.
MamaAya
мәссаған!
ken
қазір дерек келтірем
MamaAya
 вот почему біз жақта мауглиге ұқсайтын адамдар көөөөп?
Janasil
Болған. Соңғы жолбарысты қалай өлтіргені туралы әңгіме де бар.
Adiletshu
Жолбарыс Шу өзенінің бойында да болған дейді. Кезінде Шу өзені ну қамыс болған
Janasil
Соңғы жолбарыс елдің малына шауып тыныштық бермеген екен. Содан жиылып жолбарысты өлтірудің амалын жасайды. Ауыл шетіне киіз үй тігіп ішін өлексемен толтырады. Жолбарысты амалдап кіргізіп есікті сырттан тарс жабылады да ішке Есбол деген кісі балтамен кіреді. Қарсы ұмтылған жолбарысты балтамен бір ұрып қалады. Жараланған жолбарыс орманға тығылады. Адамдар қан ізімен барып өлген жерінен тауып алады.
аңыз осылай дейді.
ken
1886 жылы басылып шығарылған кітап
ѣ деген әріп Е деп оқылады.

bizbike
Таджикского племени?
ken
Қалада негізінен тәжік, өзбектер тұрған. Даласында қазақтар көшіп-қонып жүрген.
mercedes
Сен осы шынымен милиционерсың ба Кен?
sammita
жоқ, өзінің түрі сондай
MamaAya
)))мәәә, мына жерде біраз жанмен қырлысыппын ғой тер төгіп))) Болмашыға пысынап.
Түркістан қандай болса да, кеше келсем де жүрегім сол жақта қалып қойған сияқты, сол елдердің жиіркенетін қаласы деп соғып тұрады екен!)
Бір кісі көнсе, Астанаға емес сонда көшеміз десе қуана келісер едім.
Janasil
Жалпы жақсы қалағой.