Демеушіміз Болашақ!

Ал, бәрімен қырылып болып, жаңа пост жазуға кірістім. Бұл жерде де түтіп жейтіндер табылатынына зрением жетед. Бәлкім олай болмас. Айтайын дегенім бұл емес. Айтайын дегенім — Демеушіміз Болашақ!

Бұларың кім тағы, дейтіндер аяғына дейін оқып шығыңдар. Жазу үшін ғана жазылған пост, құсық — дейтін жандар бірден жаба салыңыздар өтініш (Бастан өткен)

Ал кеттік. «Демеушіміз Болашақ» деген, қазіргі таңда Жайдарманның, (ескі адамдарға түсінікті болсын) КВНның туын желбіретіп жүрген топтың бірі. Көрген болсаңыздар команда құрамында 3 қыз, 1 жігіт ойнайды.
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!

Құрамы бірнеше рет өзгерді. Топта ойнаған қыздар: Айжан, Еңлік, Айнұр, Мереке, Дина. Топтың тұтқасы — Нұрболхан. Топ 2012 жылы құрылды. Биыл Жоғары лигада екінші жыл өнер көрсетуде. Жеткен жетістіктеріміз де аз емес:
2012 жылы Шығыс Қазақстан облыс әкімінің кубогы, 2-орын.
«Жасыбай толқыны-2012» Бас жүлде.
«Жыл жаңалығы-2012» номинациясы.
2012 жылғы Жоғары лига ойындарының жартылай финалисттер.
Бағындырар белестеріміз де алыс емес бұйырса. Халықтың көңілінен 9 квадрат орын алып жатқан бұл команда биыл Жоғары лигада тағы да бақтарын сынап жатыр. Алда Жартылай финал. Жанкүйер болыңыздар.
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!

«Демеушіміз Болашақ»-деп не үшін қойылды?! Себебі команда құрылғаннан бастап Демеушілік жасаған «Болашақ» Қауымдастығының құрметіне қойылған атау. Топтың Демеушісі — «Болашақ»! (Уәәә, бізде демеуші бар. Кешіріңіздер!) Сол үшін Ринат Маженов және Максат ағаларыма команда атынан алғыс білдіретінімді айтып барыңыздарш көргендер.

Қазір топта ауысқаннан қалған осы 3 қыз.
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!
Қысқаша команданың өмірбаяны осы. Керекке керек болмаса, маған керек!
Бөлісу:

57 пікір

nurbolkhan_
Марк Дакаскос не ғып жүр дейсің ғо
torgai
Көшіп жүрген шығар, жоңғардың образынан шыға алмай
Korkem
Үш қыздың ортасында жалғыз өзің, ғажап өмір десеңші
nurbolkhan_
Үш қызы барлар жұмаққа барад, дейші мед.
Korkem
мяя мылжың екенсің өзің, ұйқаспай қалД қо
nurbolkhan_
мен де ұйқасатын ештеңе көріп тұрған жоқпын
Korkem
 әзілім ғой, қалжың деп ойлап қалма бірақ
nurbolkhan_
ҮҮҮйййййй, мына әзіліңізді кластастарыңызға айтарсыз!
Korkem
иии ораза ма едіңіз)) қабыл болсын!
nurbolkhan_
Әумин, Аллах разы болсын!
neoaskar
Үш қыздың ортасында жалғыз өзің, ғажап өмір
дегенге жаман ойлап отырсың ба, оның жақсы жақтары да бар. тамағың дайын, киімің үтіктеулі, автобуста ақшаны өздері төлей салады (енді арасында жалғыз еркек кіндіксің ғо), анда-санда өздері-ақ ауысып тұрады (командадан шығып кетіп дегендей, кейде декретке), материалдарды сразу дайындап беріп отырады. осылардың несі жаман.
Үш қызы барлар жұмаққа барад
бұл өзіне туылған үш қыз туралыға айтылған хадис. командадағы үш қызға емес.
asaubota
сыболыш

дұрыстап өсір, күйеуге шығар. сосын саған гарантия жұмақ.
torgai
VIP дейсің ғой.))). Бірақ, 3 қызы бола тұра мына өмірдің люксін қимай жүргендер бар ғой)))
Sashok
Сахнаға балеткамен шығу — талғамсыздық.
nurbolkhan_
Онда сізді стилист қылып аламыз командаға
xsanatos
сценарист кім?
nurbolkhan_
Өзім, Алмас (көзілдірік) және көмек берген жігіттер бар.
xsanatos
неше процент өзіңіздікі? (сәйкесінше неше процент алмастыкі және көмек берген жігіттердікі?) қыздар ештеңе жазбай ма?
nurbolkhan_
Енді сценарий жазып отқан мына процент сенікі, менікі деп отпаймыз ғой. Қыздар жазбайды. Бас, қасында отырады.
Adiletshu
Жап-жас болып қарын шығарып алыпсың ғой
nurbolkhan_
Кешіріңіз, енді қайталанбайд Қазір кетті…
aikarakoz
Өзім жақсы көрем бұл топты. Ұ-НАЙ-ДЫ!!! Қазір неге шоуға көшіп кеттіңдер?) Стиль өзгерту қайдан келді ойларыңа?
satibaldi
Ұ-НАЙ-ДЫ!!!
Әрине, жабысып түскен суреттен соң «бітітватыр» деп айту қайда
aikarakoz
Ұнағасын түсіп жүрк та е сюретке
xsanatos
қандай шоу? қайдағы шоу? туған күндегі ма? ол шоу емес, паузаға толы, ешқандай әзілсіз қойыртпақ болды ғой. нұрболхан ренжімеңіз, бұл тек сол ойынға қатысты пікірім. жалпы ұнайсыздар)
nurbolkhan_
Ол шоу туралы: Біріншіден, ойынға 1 түн қалғанда шыққан дүние. Шикі иә. Екіншіден, залда болдыңыз ба сол ойында?.. Үшіншіден, рахмет!
Abilakim
Топтың тұтқасы — Нұрболхан.

«Топтың тұтқасы- мен. Команданың сенері мен»-деп ашық жаза салмадың ба?
nurbolkhan_
Осылай жазғаным да түсінікті шығар дегенім ғой
Aidakonya
сайқымазақтардың барлығы өмірде өте мұңды болып келеді, Сізде сондай сияқтысыз, сөзбен ғана көңілдісіз де, былайша көздеріңізде бірдене не то (мұң, сағыныш ...)
asaubota
жігіт ғашық ау деймін
Daniar-Alan
сайқымазақтардың
nurbolkhan_
Айдаконя, Сайқымазақтардың бәрі ондай емес Өмірде менің қасымда жүріп көрдіңіз бе? Жүресің ба мемен Адам болғаннан кейін уайым, қайғы болады ғо.
Gulistan
Іш пыстырмайтын команда!
Осы жігіттің аты кім екен деп жүр едім
AselSultanbek
нурболхан ага откенде айтканынызга рахмет(жайдарман 2013 туган кун)
AselSultanbek
сиздердин топтарыныз маган катты унайды!!!)))
Кудай каласа биік шыңдардан корине бериниздер!!!
aza
Еңлікті қайда жібердіңдер? Айжан жақсы ойыншы, айғайлап кететіні бар арасында. Жалпы, команда айғайға әуес. Ең ұнаған әзілі Ерлан Малаевқа, «жаппа бетіңді, мынаның ауға шаппағанына біраз болған ғой» дегені… Бір қалыпта, формасын сақтап, жинақы жүретін құрама деп мойындаймын! Айтпақшы, асабалықтың лебі бар…
AKY
Иә, айғайды азайтса екен деген тілек.
nurbolkhan_
мынаның ауға шаппағанына біраз болған ғой»
Жауға
BTuremuratova
Менің сүйікті тобым!
AKY
Ұнайсыңдар. Әсіресе, қыздар дерзкий
konvict
Маған та осы топ ұнайды. Фанатпын. Әсіресе, қыздарға
omarbirat
Бір-екі рет құлағым шалып қалғаны бар. «Атам қазақ» деген қандай әзіл? Видеоға сілтеме немесе жазбаша түсіндірме бар ма?
AynuraBolekova
Демеушимиз Болашак-сиздерге коп рахмет! Бакытты болыныздар!!!
nurbolkhan_
Бакытты болыныздар!!!
Бақытты болу үшін ақша керек
Соңғы түзету:
ofnur
Жақсы топ қой, тек әлі де өзгеріс керек… Чемпиондыққа үміткер. Комангданың аз ғана тарихында біраз жетістікке жетті. Жарайсыңдар!!! Мәдессссссссссссссс))
Aldeken
Алғаш құрылғанында «көрейік, қашанға дейін баратын жоба екенін» дегенбіз, сосын, «Мәәәә, әлі бар ма, не?» дедік… Опшым, таң қалдырды, негізі…
Сәттілік, бауырым, қарындастар…
Бірақ, командаға әлі бірдеңе жетпейді… Сосын, кейде, қыздар, сценарийдің толғағына қатыспағасын ба, ойнау үшін ойнап тұрғандай, кейде не туралы ойнап тұрғанын өздері де түсініңкіремей қалатын сияқты болып көрінеді. Өз ойым, әрине.
Бірақ, маусымдағы «Мисс Қазақстан», «Зейнетақы реформасы (Әжелерге арналған ән)», "Қайрат Нұртас туралы" блоктарыңа әңгіме жоқ, шәпкімді шештім…
asaubota
командаға жігіттер жетіспейді. қыздар жалықтыра бастады шынымен.
Erkekyz
Бірақ, маусымдағы «Мисс Қазақстан», «Зейнетақы реформасы (Әжелерге арналған ән)», "Қайрат Нұртас туралы" блоктарыңа әңгіме жоқ, шәпкімді шештім…

+1
mereika
Анау сенің қасындағы қара көзілдіріктегі қыз күшті қыз))) Ұнайд маған)))
nurbolkhan_
Танымадым ол қызды
mereika
Уайымдамаш брат, таныстырамын)))