Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Былтырғы Мәжбүрбойдақ тамағым естеріңізде болар. Өткен аптада бастау алған Ас кок жылдам тағамдар байқауының қазылар алқасына «сайланғандықтан» автоматты түрде ол конкурсқа қатысу/қатыспау мәселесі шешілді де, тағам пісіруді 15 минутқа сыйғызу, яғни уақыт мәселесі актуалдылығын жойды. Сондықтан асықпай, бірақ махаббатпен пісірілетін тағамдар тізбегін интернеттен көріп шықтым. Бірақ ол жердегі ингридиенттердің көпшілігі үйде болмағандықтан және де оны дүкеннен сатып алып жатуға біріншіден уақытты, екіншіден ақшаны қимағандықтан Мәжбүрбойдақ тамағы — 2-ні дайындау туралы шешімге келдім. Бұл өзгеру және әр-түрлі болу (ингридиенттері, дәмі, сұйықтығы т.б.) қасиетіне ие бірден-бір тағам. Яғни, сіз оны пісіріп жатып оның қандай болып шығарын білмейсіз. Сонысымен ерекше.
Сонымен, бастадық. Схема қарапайым: үйіңізде, тоңазытқышыңызда бар барлық көкөністерді аласыз (егер ерінбесеңіз ет те салуға болады) да пісіруді бастайсыз. Менің жағдайымда ол былай шықты.

Қажетті ингридиенттер:

Бірінші үйдегі бар көкөністер:

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Музыка. Менің жағдайымда джаз. Қалауыңыз бойынша өзгерте беруіңізге болады.

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Және де ораза ұстап жүрген, тамақ талап етіп отырған аш бірәтішкелер

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Алдымен әдеттегідей ыдыстарды жуып аламыз. Ия, біз еркектер әйелдер секілді тамақтанып болған соң емес, тамақтанар алдында ғана ыдыс жуамыз. Бұл біздің ерекшелегіміз.
Сосын қазанды қыздырып, май құйып қоямыз да, қызғанша пиязды аршып, турап тастаймыз. Сіздер әрине өз қалауларыңыз бойынша капустадан-ақ бастауларыңызға болады. Бірақ, мен 1-2 рет тамақ жасап жатқан әйелдерді байқағанымда, олардың алдымен пияз турап салатынын байқағанмын.

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Сонан соң барлығын кезегімен:

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Осыларды салып болған соң, әдетте білінбейтін, бірақ дәмді тағам дайындауда өз әсерін бермей қоймайтын бір детальға назарларыңызды аударғым келеді. Ол — отты басу. «Весь секрет в медленном поджариваний» екенін естен шығармаңыздар. Біздің мәжбүрбойдақ тағамымыздың құпия қаруы да осы. Ингридиенттеріңіз өзгере беруі мүмкін, бірақ от қатты болмауы шарт.

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Басқа заттар қуырылып жатқанда негізгі тағам капустаны турап, саламыз.

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Оның үстіне дәмдеуіштерді.

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Естеріңізде болсын: су құймаңыздар. Көкөністердің өздерінен қуырылып жатқан кезде су бөлінетіндіктен, мүмкіндігінше өз соктарына піскен дұрыс.

Ал олар қуырылып жатқан кезде темекі тартып алуға болады.

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Сонан соң ғана барып қазан қақпағын жабамыз.

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Ал сол кезде аштықтан бұратылып жүрген інілерің ашулана бастағанда, кешегіден қалған пельменді бере қоямыз

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Олар оны ішіп бітемін дегенше «Мәжбүрбойдақ тағамы — 2» де дайын болады.

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Вуаля. Ас дайын. Бон аппетито амигос
Бөлісу:

33 пікір

Daniar-Alan
satibaldi
Плитадағы жазбаның дизайны өзіңдікі-ау дейм, а?
Daniar-Alan
жоқ  мен сіз айтқан соң ғана байқаппын
asaubota
бұл пост жазудан да мастер класс ау деймін. суреттердің сапасын, мәтіндерін айтшиш!

бәріміз бірдей екенбіз ғой  мен де тамақ жасар және ішер алдында ыдыс жуамын
Emilia
Сүйкімді ашқарақтар әбден тойған сияқты
Daniar-Alan
сүйкімді ашқарақтар сіздің пікіріңізді оқып мәз
toha9566
шынында баріміз бірдей сияқтымыз, ішіп болған соң жуғым келмейді
Rafaello
Ет немесе фарш болғанда әдемі Дымляма болайын деп тұр екен
omarbirat
біз еркектер әйелдер секілді тамақтанып болған соң емес, тамақтанар алдында ғана ыдыс жуамыз. Бұл біздің ерекшелегіміз.
Ал үйленген бойдақ еркектердің ерекшелігі — үйде тамақ ішетін таза ыдыс қалмай қалғанда бір-ақ жуады
asaubota
түнгі отырысқа қарағанда бала-шаға нағашыларының ауылына кеткен ау, а?
zholantai
немесе үйге қонақ қыз келетін болса, менде солай
aikarakoz
Дон, қонағыңыз болуға әзірмін
Daniar-Alan
қонағыңыз болуға әзірмін
Сізді қызықтырып тұрған тағам әлде бойдақтар?
aikarakoz
кхм… не ғой… тамақ қалай болды өзі?
Daniar-Alan
ащы  тұз көп салып жіберіппін
Korkem
Бұл біздің ерекшелегіміз
Daniar-Alan
қате жазыппын: дұрысы: ерКекшелігіміз
AKA
 Баклажан мен қызанақ қосса уаще джынДы болаД.  Күшті мәзір ғой, өз сөлінде піседі бәрі, ммм ням-ням
jako_83
көбірек су қосып қайнатса борщ болатын мәзір))
Daniar-Alan
ол кезде оның аты — борщ болатын ед бобурым
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
sammita
көкөніс рагуы)) жалпы көкөніске тұзды азырақ салады, өз сөлімен піседі дегенің дұп-дұрыс, әбееееедд
satibaldi
Тәңіршілдіктен опа таппайсың бауырым, ақиретте жағама жармасып жылап жүрме, неге ескертпедің деп!
Daniar-Alan
Биыл жасамаппын ғо әкес  жасайм!
zholantai
пост басындағы былтырғы сілтемең ашылмайды ғо, жоқ дейд
MamaAya
))) Жегім кеп кетті плотно тойып отсам да. Түрі аппетитный сөз жоқ!  Өнерлі өзі!!!