2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)

Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)Биыл көрген жекпе-жектердегі мен үшін ең әсерлі болған нокауттарды GIF форматында бөліссем деймін. Басқалар сияқты орын-орындарға бөліп, хит-парад түрінде ұсынсам да болатын еді, бірақ, шыны керек, қайсысын қай орынға жатқызарымды білмей отырған жайым бар. Нокауттардың барлығы мен үшін бірдей болып тұр
Оның үстіне, өзім аралас жекпе-жек өнерлерінен өтіп жүрген жарыстарға қызығып жүргеніме көп болмағандықтан, постты субъективті шолу ретінде ұсынуды жөн санап отырмын. Яғни, бұдан да мықты нокауттар орын алған болуы мүмкін. Мен тек өзім көргендерді ұсынамын.

Ал кеттік!

Ең алдымен маған ұнамаған нокауттардан бастасам деймін. Ұнамағанмен, мықты нокаут болғанын мойындаймын, амал не? Қанша жерден фавориттерім болса да, нокаутқа түсіп қалған өздерін кінәласын

***
Крис Уайдман — Андерсон "Өрмекші" Силва
Мынаны айтайын: Андерсон Силва — UFC тарихындағы рекордсмен тұлға. Қатарынан 16 рет жеңіске жетіп, 10 рет чемпиондық атағын қорғаған. 2006 жылдан бері барлық салмақ дәрежелері бойынша (pound-for-pound) үздіктер рейтингінде №1 болып келді. Бірақ соңғы болған жекпе-жекте не түлен түрткенін кім білсін, қайдағы бір аты жөнді шыға қоймаған Крис Уайдман деген біреуден масқара болып нокаут алды.
Негізі, түсініксіз төбелес болды. Жекпе-жектің алдында-ақ Дейна Уайт бар, Жорж Сен-Пьер, Даниель Кормье сияқты мықты спортшылар бар — барлығы бір ауыздан жеңісті Уайдманға алдын ала беріп қойған еді. Бірақ орта салмақтағы 10 дүркін UFC чемпионы жеңілмейтініне сенімді болдым. Дегенмен, ұтыла салу мүмкіндігін жоққа шығармадым. Ойлағанымдай-ақ, Өрмекші жекпе-жек кезінде дұрыстап төбелескен де жоқ, сайқымазақтанып жүріп алды. Бұрын да сондай әдеті бар болатын, бірақ дәл осы жекпе-жектегідей қышынған емес, енді. Ақыры нокаут алып тынды:

Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)
Суреттің алынған жері
Жекпе-жектің алдында барлық сарапшылардың ойынша Уайдман күреспен жеңуі керек болатын. Әлемдік деңгейдегі күресші екен. Жекпе-жекте ешқандай күресін көрмедім. Есесіне ешкім күтпеген нокаутқа куә қылды.

***
Антониу «Дәутабан» Силва — Алистар Оверим
Алистар Оверим де мен сыйлайтын мықты спортшылардың бірі еді. Ең мықты страйкер ретінде білетінмін. 2011 жылдың аяғында UFC-де Брок Леснарды нокаутқа жіберген сәтті дебютінен кейін, 2012 жылдың мамыр айында Жуниор дос Сантостың чемпиондық белдігіне таласуы керек болатын. Бірақ… 2012 жылдың басынан-ақ жолы болмады. Бір әйел Оверим маған қол жұмсады деп, үстінен заябы жазжверіпТ. Кейін қалай құтылғанын білмеймін. Одан кейін наурыз айында допинг тесттен өтпей қалды да, атлетикалық комиссияның шешімімен жылдың соңына дейін сегізбұрышта өнер көрсетуді тек түсінде көре тұратын болды.
Белгіленген сегізбұрыштан аластату мерзімі біткен соң, титулға таласу үшін алдымен Антониу «Дәутабан» Силвамен жекпе-жекке шығатын болды. Кездесу алдында Оверим қарсыласына қаратып біраз болмайтын нәрселер айтып тастаған көрінеді. Тіпті беттестірген кезде Силваға «Мен сенің а*ыңды шығарамын» (I'll f*#@ing destroy you) депті. Силва қой десе де қоймаған. Ақыры сегізбұрышта Антониу Силва өзін сыйлатты!
Сонымен, алдарыңда — Антониу Силваның орындауында "Әдддемі жазалау"!
Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)
Суреттің алынған жері

***
Витор Белфорт үшін бірінші жарты жыл нокауттарға толы болды. Ну енД, өзі екі рет шықты. Екеуін де нокаутпен жеңді. Әдемі тебістермен!

Витор Белфорт — Майкл Биспинг
Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)
Суреттің алынған жері

Витор Белфорт — Люк Рокхолд
Бұл тебісі енді — шедевр!
Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)
Суреттің алынған жері

***
Жоғарыда былтыр Алистар Оверимге қарсы Жуниор дос Сантос чемпиондық белдігін қорғауы керек болатын деп едім ғой? Уооот, негізі дәл сондай жекпе-жек биыл да өтуі тиіс еді. Тек айырмашылығы — Жуниор дос Сантос былтырғыдай чемпион емес. Демек, жай ғана жекпе-жек болуы керек еді. Антониу Силвадан таяқ жегеннен кейін Алистар Оверим аталған жекпе-жекке дайындалып жүріп, бір бұлшық етін зақымдап алыпты. Нәтижесінде ЖДС-қа шықпайтын болып қалды. Оверимнің орнын Марк Хант басты…

Марк Хант кім екенін бұрындары білмеген екенмін. Кейін қарасам, бұл «Супер Самоалық» деген нағыз брутал біреу екен. Нокаутқа оңайлықпен кете қоймайтын көрінеді. Ал енді Марк Ханттың өзі нокаутқа жіберсе…

***
Марк Хант — Стефан Струве
Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)
Суреттің алынған жері

Былай қарағанда, кәдімгі нокаут болып көрінуі мүмкін. Бірақ, осы жекпе-жектен кейін Струвенің бас сүйегін рентгенге түсіргенде, жағы сынып кеткені анықталыпты!
Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)
Суреттің алынған жері

***
Жуниор дос Сантос пен Марк Хантқа оралайық…

Бұған дейін Жуниор дос Сантосты мен және көбі сегізбұрыштағы ең мықты боксшы ретінде біліп келген болатын. Бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеуі бар дейді, бірақ күрескенін ешкім көрген емес. Тек жұдырықпен төбелесіп, нокаутпен жеңетін жігіт қой. Сөйтсек… ЖДС тебе де алады екен!
Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)
Қалай нокаутқа жібергені дұрыстап көрінбей қалды ма? Ендеше…

Төбесінен қарап көріңдер:
Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)

Баяу қозғалыспен де көріңдер:
Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)
Суреттердің алынған жері

Опшым, жұдырығымен сүйкеп қалса, қарсыласын нокаутқа жіберетін ЖДС-тың қолы ғана емес, «аяғы да ауыр» екен

***
Өзім үздік деп тапқан биылғы жарты жылдың нокауттары осындай. пост тым ұзын болып кетсе, ренжімеңдер. Ішімде жиналып қалғандарды share тарқатып жатқаным ғой

Қаласаңдар, өздеріңе ұнаған нокауттардың суреттері мен видеоларын сендер де осы тақырыпта бөлісіңдер! Бірге тамашалайық.
Бөлісу:

37 пікір

nurbergen_makym
Жанап жіберсе, жыға салады екен, епті
omarbirat
Сондай сиқыры бар өзінің. Болмашы соққымен нокаутқа жібере салады
asaubota
мықты гифшіктер! рахмет, өзім теуіп жатқандай рахаттанып қалдым
Aldeken
мыкты пост. боец телеканалы уишип кеткендей екен…
torgai
Ананың жағын сындырғаны үшін есе қайтарды. Жарайсың ЖДС! Керемет пост.
MickThatsMyNick
Соңғы түзету:
zholantai
ufc-ti zhoninde kazakhstandagy baq-tar: sport basylymdary, sport aidary bar gazetter, telekanal da bar, jazbaityny,korsetpeitini,tym bolmasa sholu zhasamaityny, omarbiratka gonorar usynyp, material zhazyp turu turaly kelisim zhasamaityny okinishti. A to, okyrmany,korermeni,auditoriyasy tabylad dp oilaimyn. Sport saittarga tipti aitarym zhok, mul'timediya mumkindigin keninen iske zharatuga bolad.
asaubota
күзде ашылатын бір ақпараттық сайтта колумнистік ұсынғым келеді. саған да
zholantai
болд ғо, бар боп тұрм онда.
omarbirat
Ойбай, мен әлі «gonorar usynyp, material zhazyp turu turaly kelisim » деңгейіне жеткен жоқпын
ММА туралы жазады ғой. «Алаш Прайдтың» жаңалықтары бар. Телебизірден де көрсетіп жатыр.
omarbirat
MickThatsMyNick , қойған видеоң көрінбей тұр. Сілтемені жаңартып жібересің бе?
omarbirat
Ең бірінші гиф басталған кезде Андерсон Силва соққыдан есеңгіреп қалған екен деп ойлап қалмаңдар. Өтірік тәлтіректеп Уайдманды мазақтап тұрған болатын
asaubota
видеосын көрдім д*лб*ебтың  риза болдым анаған
MickThatsMyNick
omarbirat
Мықты страйкер ғой. UFC-де жолы болмағаны өкінішті.
Гонзага осы «хорват ментті» өзінің фирменный маваши гериімен нокаутқа жібергені бар ғой тағы
Соңғы түзету:
omarbirat
Габриель Гонзаганың Мирконы нокаутқа жіберуі:

Осы тебіс Кро Коптың коронный соққысы саналады
Abilakim
Кезінде «Бушидо» дегенді көріп жүрген уағымызда Такада дегенге таң қалушы едім. Сол Такаданың Миркомен жұдырықтасқанын көріп, жерініп кеттім. Маймылданып жерге көтін басып отыра қала беред…
omarbirat
Такада ММА-ға ауысқалы жолы болмапты ғой. Ақыр соңында өз шәкіртінен таяқ жеп, баз кешіпті деседі. «Бушидо» американдық реслинг сияқты актерлардың ойыны екенін мұнда білдім.
torgai
Расымен 8 бұрышта ит болды байғұс
Крокоптың жеңілгендері
Соңғы түзету:
omarbirat
Мирко Филиппович сүйікті файтерлерімнің бірі. Айтпақшы, осы жылдың аяғында Александр Емельяненкомен тағы да кездесуі мүмкін.
MickThatsMyNick
Федорды жеңе алмағанын түсінбедім…
omarbirat
Ол кезде Федор нағыз бабында болған кезі ғой. Өзінен атағы алты ай бұрын жүретін
Бір ырымшылдардан естігенім бойынша, ФЕ тек рингте жақсы төбелеседі дейді. Сегізбұрышқа кіргеннен-ақ жеңілістен көз ашпады. Шынымен, Страйкфорста үш рет шықты, үшеуінде де таяқ жеді. Кейін өзінің үйреншікті рингінде үш рет жеңіске жетті. Бірақ Джефф Монсонды таза жеңгеніне күмәнім бар. Көрермендердің ішінде Путин отырғасын, ұят болып қалмасын деп Монсонға ат-шапанын жауып келісіп алған ғой деймін
Ispek92
Адам қол-аяғына ештеңе жетпейтініне тағы бір дәлел, құдайым осындайларды маған жолата көр ме
asaubota
ол өзіңе байланысты ғой. тіліңе және тірлігіңе
omarbirat
Негізі, бұл жігіттердің көбі сегізбұрыш пен рингтен тыс жерде тыныш жүреді. Өзің соқтықпасаң
Ispek92
нағыз профессионалдар десеңші, рысбек оларға
Abilakim
Өткенде «Тенгрижаңалаықтарында» бразилиялық ережесіз жекпе жекпен айналысатын екі жігітті көше бұзақыларының ұрып кеткені жөнінде оқығаным бар еді. Көптің аты көп қой. Дегенмен, ол спортшылар жайлы мәліметің бар ма? Сыйлы адамдар ма еді, әлде «жәйскийлер» ме?
omarbirat
UFC-дан кейінгі ең беделді саналатын Bellator чемпионатының жігіттері ғой. Олар туралы өткен жолы Фейсбукта да жазған болатынмын.
Фалькаоның түсіндіруінше, ана заправкідегі қатын бұлардың нәсілдеріне тіл тигізген көрінеді. Жаңадан жұлдыз болып келе жатқан жігіттер шығар, қолдарын ала жүгіргеніне қарағанда. Андерсон Силва, Дәутабан, Фабрисиу Вердум, Ногейралар сияқтылар болса, ұстамдылық танытар ма еді.
Досы Кауе Менаға обал бәрінен де, бұған жақтасамын деп оңбай таяқ жеді.
Abilakim
«Футболист Фалькао ма?» деп сұрай салсаң ә)))
Marco
Қызды жақтан тартып жіберген өздері ғо. Бірақ, енді, аямай сабап кетіпті. Біреу үстіне отырып алып, айызы қанғанша бетін мылжалап жатқан видеосы бар еді ғой.
asaubota
omarbirat
Екеуі де жаттығып жүрген спорт залдарынан қуылды.
torgai
Таяқпен ұрыпты. Қорғалжыңның жігіттері ма дедім
omarbirat
Айтпақшы, 2010-2011 жылдары UFC-де бір рет өнер көрсеткен екен мына Майкель Фалькао деген. Бір қылмыстық топтардың арасында қақтығыс болған ба, опшым, бір әйел жараланған қылмыстық іске қатысты деген айыппен тұтқындалған кезінде UFC арттан бір теуіп қуып шыққан екен. Дана Уайт мына оқиғадан кейін бұрынғы болған жайтты растапты. Бізде төбелесті, бірақ анандай косяктары үшін шығарып жібергенбіз депті. Әйелдерге қол көтеретін спортшыға бізде орын жоқ дегенді де қосып айтыпты Дана Уайт
omarbirat
Майкель Фалькаоны Bellator да қуып жіберіпті
torgai
Дұрыс айтады. (оқуға сауатым жетпейді екен)