UFC: "Даниель Кормье vs. Рой Нельсон" келе жатыр

Төбелес клубы: UFC: Даниель Кормье vs. Рой Нельсон келе жатырStrikeforce ұйымын Zuffa компаниясы сатып алып, ол чемпионаттағы жекпе-жекшілердің барлығы UFC-ге өткеннен кейін бір-ақ рет жекпе-жекке шыққан Даниель Кормьенің (жеңіс-жеңіліс: 12-0) өнерін тамашалайтын да күн алыс емес сияқты.


Рой Нельсонның (19-8) UFC-мен келісім-шартының мерзімі бітіп бара жатқаннан (немесе тіпті бітіп кеткеннен) кейін, Даниель Кормьені жекпе-жекке шақырды.
Твиттердегі хабарламасы:

Төбелес клубы: UFC: Даниель Кормье vs. Рой Нельсон келе жатыр
For Facebook — @dc_mma What are you waiting for uncle @danawhite permission because I am ready!!! Just in case you missed it.— Roy Nelson (@roynelsonmma) July 18, 2013


Шамамен:
"@dc_mma @danawhite ағаңның рұқсатын несіне күтіп отырсың? Мен дайынмын!!! Әлі хабардар болмаған болсаң."
дегенге келеді.

Дәкең шақыруды қабыл алыпты. Оның жауабы:
Төбелес клубы: UFC: Даниель Кормье vs. Рой Нельсон келе жатыр
@roynelsonmma glad we agree, now call @ufc and tell him send the bout agreement. I already signed mine. See u in Houston. Ur good at this.DC— Daniel Cormier (@dc_mma) July 18, 2013


"@roynelsonmma келіскенімізге қуаныштымын, енді @ufc-ге хабарлас та, жекпе-жек туралы келісімді жіберсін деп айт. Мен өз жағымнан қол қойып қойғанмын. Хьюстонда кездескенше. Бұл жағын сен қатырасың ғой. ДК"

Енді Дейна (Дана деп жүрсем, осылай оқылады екен ғой) Уайттың шешімін күтеміз

*Суреттер www.mmavalor.com, www.fightplay.tv және fightlinker.wpengine.netdna-cdn.com сайттарынан, ал хабарламалар жекпе-жекшілердің Твиттердегі ресми аккаунттарынан алынды.
Бөлісу:

6 пікір

Abilakim
соңғы жылдардағы сегізбұрыштың шеберлдерін тіпті танымайды да екенмін. Бірақ, мынандай жарнамадан соң көруге болады.
Омеке, «Битва под Москвой» жайлы не айтасың? Біздің жігіттер екі рет барып келді осы жылы. Тлауов бір рет жеңіп, бір рет жеңілді. Асұлан Тоқтарбаев жеңіспен оралды ана жолы. Асұланның әлі сегізбұрышқа толық төселмегені көрініп тұратын секілді. Жалпы, біздің төбелескіштер бірінші раундтан кейін "өшіп" қалады
omarbirat
Беделді чемпионаттарға апаратын жақсы баспалдақ деп ойлаймын. Ол жерде дағыстандық спортшылар көп. Солармен тәжірибе жинап алған адамға басқа жақтың спортшыларымен төбелесу қиынға соқпайтын сияқты. Бірақ соған біздікілердің дайындықтары онша болмай жатыр. Шынымен, төзімділік жетіспейді, тез өшіп қалады.

Жалпы, «Алаш Прайдтың» төбелестеріне онша қызықпаймын. Олар туралы жаңалықтарды менсіз де жазып жатқандар жетерлік, «ережесіз төбелес» деп қойып
omarbirat
Кезінде М-1 еді. Қазір көбейіп кетіпті. «Битва под Москвойдан» басқа, «Легенда» деген біреуі шықты. Қазір Федордың бірәтішкесі Сашка сонда жүр.
xsanatos
Екінші суреттегі фон енді…
omarbirat
Бриттни Палмер мен Арианни Селесте. Сегізбұрышта раундтың санын (сонымен қатар, өздерінің санын да) жариялайтын қыздар
Соңғы түзету:
zholantai
керемет, туиттер арқылы хабарласады, и за одно жария етіледі.