Теміржол билетін онлайн алудың артықшылықтары
Теміржолға билетті epay.railways.kz/ktz3/proc?pa=clients сілтеме арқылы онлайн түрде сатып ала аласыз. Әуелі әрине тіркелуіңіз керек. Барлығы тегін. Артықшылықтары:
1. Комиссия ұсталмайды
Билеттің тек таза құнын төлейсіз. Яғни үйдің қасындағы теміржол билетін сататын кассасы ұстап жүрген 500 теңге өз қалтаңызда қалады.
2. Билетті қайта тапсырар болсаңыз, ешқандай шығындалмайсыз.
Қандай бір себептермен билетті қайта тапсыру керек болса, билеттің толық құны карточкаңызға қайтадан түсе қояды.
3. Билетті кезексіз алу
4. Орын, вагон таңдау мүмкіндігі.
Ең үлкен артықшылығы да осы. Экранға өзіңіз таңдаған вагондағы бос орындар схема-сурет түрінде шығады. Содан сіз асықпай отырып жайлысын таңдайсыз. Сол немесе оң жақ, жоғары немесе астыңғы орын, туалеттен алысырағы және т.б.
5. Өзгелерге де билет алу мүмкіндігі.
Достарыңыз бен ағайындарыңызға тек жеке куәліктерінің номері арқылы билет ала бересіз. Яғни мысалы ауылда жүрген ағайыныңыз үшін үйде отырып-ақ билетін алып қоясыз.
6. Маршрут таңдау.
Яғни сіз мысалы Алматыдан Ақтөбеге билет іздесеңіз сол бағытта жүретін поездардың тізімі шыға келеді. Тек тізімі емес, әр поездың жолға кететін уақыты, жүретін күндері, тіпті жол бойында тоқтайтын барлық станцияларын көре аласыз.
Көбіне билет алғанда кассадағы қыздардың мезін шығарып боламыз, содан сәл қысыламыз да. Олардың міндеттері болса да, сұрайтын сұрақтарымыз көп болады: уақыты, жүру маршруты, орындар және т.б. Сосын құрысыншы деп тек тез алуды ойлап, бос билет бар болғанына қуанып ала саламыз. Онлайн билет алатын болсаңыз, өз таңдауыңыз бен комфортыңызды қанағаттандыра аласыз.
CirrusMaestro, Master Card, Visa Electron, Visa дегендер болады ғой
Жолаушы сапар шегуден бас тартқан кезде, билет кассасында міндетті түрде алдын – ала басып шығарылған жол жүру құжатын қайтарудан басталады. Темір жол билетін қайтару кезінде жеке басын куәландыратын құжат (немесе паспорт) болуы тиіс. Билет құнын қайтарып алу үшін билет кассасына басып шығарылған жол жүру құжатын тапсыру керек. Жол жүру құжатын билет кассирі алып, жолаушы қолына орынның қайтарылып берілгені жөнінде қосымша құжат беріледі. «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ хабарласпай-ақ төлемді банк карточкасына қайтарылу.
Жол жүру құжатының төлемақысы автоматты түрде аударылатын банк карточкасына осы төлемақының кері қайтарылуы жолаушылар «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ хабарласпай — ақ 5 жұмыс күн көлемінде жүзеге асады.
Жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктерді Қазақстан Республикасының (2004 жылғы 18 наурыздан бастап № 122-1 Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация Министрінің бекітілген бұйрығы)
тасымалдау ережесіне сәйкес қолданылмаған жол жүру құжатын (билеттерді) кассаға қайтару кезінде жолаушы кері ала алады:
— пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешікпей – жол жүру құжатының толық бағасын;
— пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағат ішінде, бірақ 6 сағаттан кешікпей– билет құнын және плацкарт құнын 50 пайызын;
— пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағат ішінде және пойыз жіберілгеннен кейін 3 сағаттан кешікпей – билет құнын, бірақ плацкарт бағасы ұсталады.
— Жол жүру құжатын (билетін) қайтару кезінде билет құнының қайтарылғандығы туралы қалта телефонына SMS хабарлама түрінде келмейді. Баланстың түскендігін банкомат арқылы тексеру қажет немесе жол жүру құжатын (билетін) сатып алу мерзімі бойынша есеп шоттан (банктік, төлем карточкасынан) көшірме қағаз алуы тиіс. Ақшаны қайтару бойынша 600-238 телефонына хабарласыңыз.
Негізі жолым болып кетті, мың болғыр 10-вагонның жолсерігі мінгізіп алғанына. Ол кісінің мінгізгенін айтқам жоқ, жүз жасасын! Өзім бұрын солай билет алып қойған, бірақ распчетка жасап үлгермеген адамдарды мінгізбей қойғанын өз көзіммен көргем.
А так, онлайн-билеттеріңді ертерек қағаздап қойыңдар, жамағат!
Түсіп қалған шанадан
Халық банктың картасымен еш проблемасыз төлем жасап жүрмін. Бірақ ВТБның (Visa Gold) картасымен төлей алмадым.