PayPal электронды төлем жүйесі туралы

Блог - Nodar: PayPal электронды төлем жүйесі туралы

PayPal төлем жүйесінің клиенттерді қорғау жағы өте мықты, жан-жақты. 90% жағдайда клиент қашанда дұрыс деген оймен, талабыңызды қанағаттандырады. Мысалы:
Интернеттен алдыртқан затыңыз сапасыз, бұзық болып келді ма, дереу PayPal-ға арыз тастасаңыз, сапасыз заттың суретін, видеосын салып, тіпті жай ғана толық түсіндіріп дәлелдесеңіз-ақ ақшаңызды қайтарып береді.
Немесе тапсырысыңыз бірнеше апталап әлі жолда келе жатырса, келуге тиіс уақытынан кешігіп жатса, тағы да арызданып, ақшаңызды қайтарып ала аласыз.
Бір сөзбен, PayPal-мен ғаламтордан қорықпай, сенімді түрде тапсырыс бере беруге болады.
Ғаламтордағы қолданушылардың пікірлерінен оқығандарым да осыны дәлелдей түседі.
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
осы Пайпалды казком карточкамен қалай ашу керегін дұрыстап түсіндіріп беретін бір мұсылман болса…
Nodar
бір шабытым келгенде жазармын тәптіштеп
Marco
Мүлде пайдаланып көрмеппін
satibaldi
Очм менде болды, КазКомның картасына байланған.
Карточка алғанда екі шот ашылады, біреуі — осы елде өзіңе шот, біреуі — Bank of New York-те. Сол Нью Йорктык шотқа Пайпал байланады.
Прога, аккаунт сатывалып, немесе donate жасап жүрдім. Бірақ инвойстарда көрстелімеген түсініксіз бірдеңелерге ақы ұстап қалады, 5-6 доллырлап. Разборкасы қиямет-қайым, ағылшынша сайрап тұрмасаң — тұяқ та жоқ. Жауып тастадым сосын, рахат нақ. Баақыттымын.
Соңғы түзету:
asaubota
жалпы маған қазір керек те емес сияқты. сол виза карточкаммен-ақ бәрін алып жүрмін.
Nodar
Разборкасы оңай-ақ, агылшыншага қиналсаң гугл транслэйт көмектеседі. Разборка болгасын уақыты ұзақтау, зато ақшаң точно қайтарылады. Ал ұсталатын ақшасы дәл есімде жоқ, тек басында тіркелгенде ұсталады қандай бір аз сумма, одан кейін маған еш тиіскен жоқ.
ken
Мысалы:
Интернеттен алдыртқан затыңыз сапасыз, бұзық болып келді ма, дереу PayPal-ға арыз тастасаңыз, сапасыз заттың суретін, видеосын салып, тіпті жай ғана толық түсіндіріп дәлелдесеңіз-ақ ақшаңызды қайтарып береді

Не құдайдың азабы десищ. Дәстүрлі сатып алу түрін қолданғанға не жетсін.
Соңғы түзету:
Gulistan
Мен EBay сайтынан гүл тұқымдарына тапсырыс беретін болып ашқам, ұнады. Тек тіркелу кезінде аздап қиындықтар туындады. Рас, басында 1,99 долларды карточкадан суырып алады, кейін қайтарады.
Аршат, көмек керек болса, айт.