Интернет арқылы ақша табу
Қазіргі технологияның шарықтап келе жатқан заманында интернет қолданушылар өте көп, тіпті кейбір жандар ең жақын досына айналдырып алғандары да табылып жатады.
Интернет қолданушыларды санаттарға бөліп қарайтын болсақ
1. Ойындар ойнау үшін
2. Ән тыңдап, видеолар көру үшін
3. Қажетті мәліметтерін іздеп білім алу үшін
4. Іштері пысқандықтан уақыт өткізу үшін
5. Жаңа достар табу немесе танысу үшін
6. Интернетті өзінің офисіне айналдырып, жұмыс істеп ақша табу үшін.
немесе өзіміз тағыда санаттар қосып алуымызға болады. Мен осы санаттардың ішінде 6-шы қатардағы санатқа жатамын. Неге десеңіздер мен 1,2,3,4,5 санаттың барлығын көріп, тауысып болдым. Интернет арқылы ақшаны табатын жолды өзім ғана білген жарамас дедім де, интернетте боска уакыт өткізбеу мақсатында басқаларға көрсеткім келді. Сонымен…
Интернет арқылы ақша табуды үйрену үшін бірінші сенім керек, уақыт керек және ынта керек (желания).
Интернетте ақша табудың артықшылығы: Өзіңе өзің бастық боласын, налог дегенді төлемейсін, уйден шығып куннін ыстығында немесе суығында офиске барып жүрмейсін, үйде отырып барлық істі бітіре бересін…
Әрине, ескерте кететін жағдай: Білімің жеткілікті болмаса бір дегенде көп мөлшерде ақша табу қиынға соғады.
Енді қалай ақша табамыз, оның өзін санаттарға бөліп қарастырсақ.
1. Ешқандай білімді қажет етпейтіндер үшін (Тек қана интернетті және компьютерін қосып өшіруді білсе жеткілікті)
2. Орта білімді алғандар үшін (Интернетті ғана қолдануды емес сонымен қатыр қосымша бағдарламаларды да қолдануды үйренгендер)
3. Жоғарғы білімді алғандар (Интернеттің негізін түсінгендер, компьютерлерді қолданудан АС болғандар, қосымша графикалық, мултимедиялық бағдарламаларды білгендер және сервердің не екенін оқығандар немесе т.б.)
— Ал осы сайттан ақшаны қалай табам?