Жазда оқылған кітаптарға шолу

Құрметті керекинфолықтар, қалайсыздар!? Оразаларың қабыл болсын!
Осы постта маусым-шілде айларында оқыған кітаптарыммен таныстырсам демекпін.
Блог - Nodar: Жазда оқылған кітаптарға шолу
Жоғарыдағы кітаптарды оқығандар бар болса, ойларымызбен бөлісейік, ал оқымағандарға рекомендеймін, себебі мен оқитын кітап таңдауға келгенде өте салмақтымын.
Блог - Nodar: Жазда оқылған кітаптарға шолу
1. Фазиль Искандердің шығармалар жинағы. Жинақ «Кролики и удавы» аңызынан, «Созвездие козлотура» атты повесть және «Детство Чика» әңгімелер топтамасынан тұрады. Фазиль Искандердің бірлі-екілі шығармасы, соның ішінде Чик атты баланың хикаяттары туралы орыс әдебиеті сабағынан таныс болатынбыз. Жазушының тілі мен стилі, берер ойы Нодар Думбадзеге ұқсаңқырайды, бірақ ол өзі өмір сүрген кезеңнің ащы шындығын, абсурдты ұрандарын (пятилеткалар, жеке басқа табыну, жалған жоспарлар мен жалпы бүкіл жүйе) бірде қояндар мен жыландар қоғамы кейпінде суреттесе, екіншісінде турлар мен ешкілерден козлотур атты тұқым алуды көздеген, мақсатсыз, шуға айналған ұранның төңірегіндегі ситуацияларды баяндайды. Ал Чик атты ақылды, әділетсіздікке жаны қас, қарапайым баланың қызықтары айтылатын бөлім ең тамашасы. Қызық болғанда, ол да кәдімгі балалық шақтағы басымыздан өтетін кішігірім жайттар, алайда жасына қарамай ақылды, шексіздік деген не дегенге өзі сұрақ қойып өзі жауап таба алмай қиналатын Чиктің көзқарасында әрбір әрекет маңызды болып шыға келеді.
Кітап шыншыл, ұялттыратын, күлдіртетін, ойландыратын жерлері өте көп.
Блог - Nodar: Жазда оқылған кітаптарға шолу
2. «Вашу мать, сэр!» атты ағылшын тіліндегі сленгтер туралы суреттерге толы түсіндірме сөздік. Сөздік деуге де келіңкіремейді, себеі оны сөздіктен гөрі кәдуілгі қызықты зерттеу кітабы сияқты қабылдайсың. Кітапқа қосымша CD-диск жапсырылған, оны әзірше тыңдамадым. Кітапта Америка халқы жиі қолданатын, тіл үйренетін басқа кітаптарда кездеспейтін тіркестер мен сөздер берілген. Жай беріліп қана қоймай, пайда болу хикаясы мен қолданылатын жерлері өте жақсы баяндалған. Біраз сол халықтың менталитеті мен өмірінен хабардар болуға болады. Айта кету керек, кітаптың екі авторының біреуі Канада азаматы, ал суреттер көшеден, газет-журналдардан алынған.
Блог - Nodar: Жазда оқылған кітаптарға шолу
3. Марио Пьюзо «Крестный отец». Киносы да, кітабының да атақ-даңқы әлі басылмаған бұл шығарманы «жұрттан қалмайын» деген оймен оқуды бастаған едім. Артынша сүйікті болмаса да, қайталап оқытқызғысы келетін кітаптарымның біріне айналды. Бұл кітапта әдеби тіл, көркем де терең ойлар жоқ. Романтика мен сүйсіндіретін кейіпкер де жоқ болып шықты мен үшін. Тек Корлеоне атты тұқымның бізге аса таныс емес саладағы өмірінің осылайша таза, нақты, шын суреттелгені ұнады.

Сөз соңында алдағы жаз айында оқуға ниеттеніп жүрген кітаптарымды жаза кетсем, себебі бұларды «Меломандардан» және т.б. кітап дүкендерден таппадым, ал кітапханадан кітап алғанды жек көрем. Алматыда аталған кітаптарды қайдан табуға болады?
1. Роберт Капа «Slightly out of focus»
2. Редьярд Киплинг «Сталкер и Ко»
3. Джон Стейнбек «Земля тревоги нашей»
Бөлісу:

5 пікір

Marco
Әннәсті оқығым келіп кетті
Aidakonya
қандай ақылдысыз, ал мен болсам шырылдауық шегіртке… сияқты, барлық еңбек демалысымды кітаптан тыс өткіздім
satibaldi
Америго Бонасьера күйеу баласына азаматтық алып берумен дон Корлеонеге келетін жерден басталушы еді ұмытпасам… ЖақС кітап, дачы.
Nodar
Жоқ ол басында емес. Америго қызының абыройын төккен арсыздардан кек алып беруді сұрап келеді. А ең алғашқы беттер сот залындағы әділетсіз шешімге ызаланып шығуынан басталады.
mampasi
«Крестный отец» деген кітапты оқып отырғанша киносын көре салған тезірек