Ақ саз маскасы туралы

Құрметті ұлдар мен қыздар!
Бетке арналған табиғи әрі арзан, сосын жасауға да оңай маска рецептісімен бөліспекшімін.
Маска беттегі әртүрлі дақтарды кетіруге, жалпы бетті тазартып тұруға өте пайдалы.
Блог - Nodar: Ақ саз маскасы туралы

Керек заттар: Ақ саз (белая глина)
Розмарин эфир майы
Су
Блог - Nodar: Ақ саз маскасы туралы
Құны: Ақ саз — 155 тг («Хозяюшка» дүкендер желісінен)
Розмарин эфир майы — 345 тг (кез-келген дәріханада сатылады, бағасы 500 теңгеге дейін)
Мерзімі: Егер аптасына 3-4 рет пайдалансаңыз, ақ саз 2 айға анық жетеді. Ал розмарин майы 6-7 айға.
Жасалуы: Кез-келген кішігірім ыдысқа, мысалы кесе, 2 үлкен қасық ақ сазды саласыз, үстіне 3-4 тамшы розмарин майын тамызасыз. Қою қаймақ сынды түрге келгенше су құясыз, араластырасыз. Бетіңізге жағып, 15 минуттан соң жуып тастайсыз. Бастысы эффектісі жоғары болады деп 15 минуттан артық ұстап жүрмеңіз, тастау керек ондай ұят әдетті.
Нәтиже: 2-3 пайдаланғаннан кейін-ақ бетіңіздегі өзгерістерді байқайсыз. Прыщьтардың дақтары кете бастайды, шығып келе жатқандары өздігінен жоғалады, бет терісі жұмсақ бола бастайды.
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
әдемі сурет қойсаң жазбаң тартымды болады, адамның назарын аудартады
toha9566
қыз ұнамай қалды ма