Қонақта салған голдың "дәмі" тәтті болады
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдері де басталып кетті. Бұл іріктеу кезеңі еліміздің осы додаға түскен футбол клубтарына әзірге сәттілік әкелуде. «Астана» ФК санамағанда әрине. Футболшыларымыздан тек жеңіліс күтіп үйреніп қалған біздер бұнда батпан құйрықты күтпеген едік. "Өтсе «Ақтөбе ғана өтер», «Шапса біразға дейін солар ғана шабар» деген самарқауық та болды. «Ертіс» командасынан «Левскийге» екі гол соғатын ерлікті ешкім күтпеді мысалы.
Дәл сол сияқты қарағандының «Шахтері» Беларустың «БАТЭ»-сін өз алаңдарында жерге қаратып кетер деп ешкім де ойламаған болар. Тең ойыннан дәмеленгеніміз рас енді. Оның үстіне БАТЭ-нің бас жақтырушысы Виктор Гончаренконың ойын алдындағы мәлімдемелері «Балапанды күзде санайтынын» ұмыттырып та жібергендей еді.
Ойынның басымдығы алаң иелерінде болды. Бұрыштама доптарын орындауда да бізден оқ бойы озық болды. «Ең керемет қорғаныс шабуыл» тактикасын ұстанған БАТЭ-ліктердіңбірінші таймда жолы жолы болмады бірақта. Есеп тең де тең, яғни, нөл де нөл болып аяқталды.
Екінші таймда біздің жігіттер алаңға еш өзгеріссіз шықты(командадан кімдер шыққанын ізденіс арқылы тауып алуларыңызға болады). Ойынның 49-шы минутында бұрыштама соққысынан кейін серпілген допты Симчевич әдемі пасқа айналдыра білді. Допқа өзгелерден бұрын жеткен Хижниченкода допты қақпаға тоғытудан басқа амал қалмады. Есеп 1 де 0, яғни 1:0, қарағандылық клубтың пайдасына. Бұдан кейін алаң иелері қанша шабуылдаса да Рамазан айының әсері ме біздің қақпаға доп домалақ болса да кірмей қойды. Сөйтіп бірінші кездесудің қорытындысы біздің есебімізге шешілді.
Екінші кездесу 23-ші шілде күні кеншілер қаласында өтеді. Ерінбесем барып көрермін. Ораза тұтып жүргендіктен ерініп қалуым да мүмкін. Әй, бірақ ауа райы жақсы болса барарым хақ. Бірақ, алдын ала жоспарламай-ақ қояйыншы…

А так құттықтаймын! Жұғысты болсын!
Енді ответный матчта жеңсе
мына роликте ойынның қауіпті сәттері мен голды жинапты
Барселона 7 -22 Жетісу ???
Ертіс — Широки Бедры 1:0