Жер бетіндегі Қызыл ғаламшар

ЮТА штатындағы мына шөлді-қыратты мекен — Марс ғаламшарының тіршіліктен ада ландшафтын еске түсіреді. Дәл осы жерде марсиандық шөл дала зерттеу станциясы орналасқан. Жобаның басты мақсаты да сол, келер күндерде адамзаттың қызыл ғаламшарда әрекет ету мүмкіншіліктерін байқап көру. Мұнда түрлі тәжірибелер жүргізіліп, бұған қоса Марста және Айда пайдаланылатын техникалар ғарышқа жіберілместен бұрын, алдын-ала тексерістен өтеді.
Рейтер агенттігінің фотографы Jim Urquhart осы Жерде орналасқан Марсқа барып, ондағы тіршілікті көріп қайтқан екен.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Шын мәнісінде, бұл — Жердегі екінші марсиандық орталық. Алғашқысы 2000 жылы Канада аумағындағы аралдардың бірінде тұрғызылған.

Қабырғадағы суретте Марстың картасы
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Канададағы марсиандық станцияда жұмыстар тек жаз мезгілінде жүретін. Оған себеп, арал орналасқан аумақ- арктикалық ауа райы құшағында болатын. Сондықтан қыс маусымында жұмыс тоқтайды. Ал, шөлдегі зерттеу станциясындағы тіршілік, керісінше қыс пен жазда қайнап жатады.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Жақында мұнда 3-экипаж келеді, жалпы зерттеу жұмыстары 7-мамырға дейін ғана созылады. Сосын келер жылға дейін тоқтайды. Сыртынан қарағанда, жұпыны станция
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Мұндағы өиір-қарапайым. Марсиындықтар цилиндр типтес, биіктігі 10 метрлік екі қабатты модульдің ішінде тұрады. Қосымша жәрдемдік модуль мен жеке обсерватория бар.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Тынығу үшін жеке-жеке ұядай ғана жатын бөлмелер бар. Әр бөлмеде үстел мен жатын кереует. Тоңазытқыштар, сумен қамтамасыз ету жүйесі, электргенераторлар және дәрілік қорапша да орын тепкен.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Экспедиция кезінде түрлі техникалармен әр алуан тәжірибелер жасалады.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Станцияда скафандралар, геологиялық жабдық құралдары мен квадроциклдер бар. Расын айтқанда, скафандралар тек сән ретінде ғана қолданылатын сияқты, сонда да экспедицияның жұмысына жарап тұр.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Табылған, жиналған гелогиялық үлгілер
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Бұл экспедициялардың барлығын да «Америкалық марсиандық қоғам» ұйымдастырады. 1998 жылы құрылған бұл қоғамдық мекеменің мақсаты: «Марсты игеру және Қызыл ғаламшардағы хал-ахуалды жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ететініндей күйге келтіру». Қазіргі күнде қоғамдық ұйымның 50 елден 4000-нан астам мүшесі бар.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Техас даласындағы «Марс» бетіндегі серуен. Гелогиялық үлгілерді жинау.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Марсиандық қоғамның байрағы да символикалық: қызыл-жасыл-көк түстерден құралған. Оны 1999 жылы NASA-ның инженері Паскаль Ли жасаған. Мағынасы сол, құпия ғаламшардың келешегін бейнелейді. Яғни, қызыл жолақты түс-бүгінгі Марс, жасыл мен көк-осы ғаламшарды адамзаттың игеру қадамдарынан хабар береді.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Әдетте экипаж құрамы алты адамнан тұрады: командир, геолог, биолог, дәрігер, бортинженер және астроном. Ережеге сай, экипаждың әр мүшесі екі түрлі қызметті бірлестіре атқарады.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Құнды «марсиандық» үлгі
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Жердегі Марс осы
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Геологиялық үлгілерді жинауға кеткендердің станцияға оралуы
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Түнгі станция
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар

Суреттердің мекені: бір, 2, 3
Бөлісу:

1 пікір

ken
2009-жылы Жерге ұқсас Глизе 581 г планетасы ашылды/табылды (атмосферасы, сұйық түрдегі суы бар дейді). Ғарыштық өлшемдермен алғанда Жерге жақын орналасқан көрінеді, небары жиырма жарық жыл қашықтықта екен. Соған бару жолдарын қарастырмай ма, Марстан көрі.