Адамгершілік пен мейірімділер әлемінде...

Негізі мейірімділік пен адамгершілік таныту өте оңай, тек біздер көмектесуге еш құлық танытпай, байқамаған сыңай танытамыз. Кішкене болса да жасалған мейірімділік пен жақсылық адамға кез-келген байлықтанда күштірек қуаныш пен махаббат сыйлар еді. Төмендегі оқиғалар таза өмірден алынсада, кадрдан көп жағдайда тыс қалып жататыны рас. Осындай жақсылық ппен мейірімге толы істер адам жүрегінің қаншалықты кең, мейірімге толы екеніне көзімізді жеткізеді. Сонымен:

1. Добри атай
Мейірімді ата, өмір жасыңыз ұзақ болсын !
98 жасар қайыршы қария Болгарияның Байлово ауылында тұрады, киімін суреттенде көріп отырсыздар(үйден тігілген киім, көне былғары бәтеңке). Ел астанасы Софиядағы әулие Александра Невский соборы алдында отырып қайыр сұрайды. Әр күні таңмен ерте тұрып, астанаға(София) дейін 10 шақырымды жаяу жүріп келумен өтуде. 2010 жылы осы собор жайлы деректі фильм түсірілімі кезінде телеарна журналисті архивтен таңқаларлық материал тауып алады. Не екен деп ойласаңыз айтайын, собор тарихындағы ең жомарт(яғни ең көп берілген садақа) 40 000 евроны осы біздің қайыршы Добри атай берген екен. Жалғыз бұл ғана емес, Добри атай қайыршылықтан жинаған ақшасына тиіскен емес. Ол өзінің айына алатын 100 евро пенсиясымен өмір сүріп жатыр. Біздің атай үйсіздерге көмектеседі, жарық мен жылуға ақшасы жетпеген балар үйіне де ақшасын бергенде біздің атай. Атайдың жақсылықтары өте көп, оны біле алмаймыз себебі ол істері жайлы ештеме айтқан емес.

2. Музыка-жарықтық
Не деген мейірімділік !
KoЯn тобының Мәскеудегі концерті кезінде көрермендер мүгедектер арбасындағы жас жігітті жоғары көтеруде, сүйікті тобына жақындай түсті осылай.

3. Супербатырлар
Бақытты балар үшін !
Менфисадағы жуу компаниясының жұмысшылары Le Bonheur балалар госпиталында кішкене мереке ұйымдастырды. Олар терезе жуу кезінде балалардың сүйікті батырлары: Бэтмен, Капитан Америка, Спайдермен киімдерімен шыққан. Еріктілердің айтуынша, Спайдермен терезеден оларға қол бұлғағанда балалардың қуанышында шек болмаған. Госпиталь дәрігерлерінің айтуынша, бұл балаларға оң әсерін тигізеді, ауруларын ұмытады, ойы бөлінеді.

4. Батырдың ісі
Комментарий қажет емес
Өрт сөндіруші өз өмірін қатерге тігіп жанған үйден мысықтың баласын алып шықты, бірқалыпты дем ала алуы үшін кислород маскасында тағып берді.

5. Полицей болсаң, осындай бол...
Бізде осындай полицейлер қалды ма?
Нью-Йорктік полицей Ларри Депримо Таймс-Скверде кезекшілігін атқару сәті. Аяқ киім дүкені жанынанда отырған қарт-үйсіз кісіні байқап қалады. Сөйлесу барысында, ол аяқ киімінің өлщемін бәрін сұрап алады. Біраз уақыттан соң, жаңа қыстық бәтеңкемен, жаңа шұлықпен қайта оралып, киюінеде көмектеседі. Бір қызығы, ол өзін жасырын басқа полицей досы түсіріп тұрғанын білмеген еді. Ол жай ғана үйсіз кісіге көмектесіп, кезекшілігін жалғастыра берді. Кейін бұл суреттер Фейсбукта шарлап жүрді.

6. Алыстағы туыстан көршің жақын
Көршіңмен тату бол
«Сэнди» ураганынан соң мыңдаған адам жарықсыз қалған еді, үйде жарығы барлар сыртқа розеткаларын шығарып басқаларға телефондарын зарядтап, туыстарына хабарласуына көмектесуде.

7. Солдатта адам

Бұл солдат ұзаққа созылатын кезекшілікте, шаршаған сарбазды байқаған ауған шөлін басуға көмектесуде

8. Бітірушілер ерлігі
Жарадыңдар
Сербияның Пирот қаласындағы гимназия бітіушілері бітіру кешінде қымбат көйлек пен костюмдерден бас тартты. Оның есесіне, жиналған қаржыны ауру балалары бар 3 отбасыға таратып берді. Салтанаттан соң, бітіушілер орталық алаңға арқаларында «сенің 5 минут жарқылдауың-біреудің бүкіл өмірі» деген жазуы бар футболкамен шықты.

9. Тегін түскі ас

Subway ерікті түрде осындай акт ұйымдастырды: кез келген үйсізге тегін түскі ас.

10. Қайырымдылық

Рио-де-Жанейродағы үйсіз қызға өз аяқ киімін беріп тұрған мейірімді кісі. Қыз жылап тұр
Бөлісу:

8 пікір

Korkem
Әлеуметтік желілерден өзге тілде оқып-ақ жүрміз, қазақшаласа әсерлірек екен
nurjanbay
8-шісі Қазақстандағы түлектерге үлгі боларлық екен.
neoaskar
8-ші суретті түрегеп тұрып қолдаймын. дәл осындай шараны бізде де ұйымдастыру қажет. бір киілетін көйлекке 1 мың доллорға дейін жұмсайды, мен бергі жағын айтып отырмын. ол ақшаны қайырымдылыққа аударса тіпті жақсы болар еді
bizbike
Бір күндік қарын тойдыру — той, марқұмға еш пайда әкелмейтін той сияқты садақа/ас беру. Сол ақшаны да солай қайырымдылыққа пайдалануға болады.
temir1986
7 сурет өтірік. Өзі постта тұрған сарбаз қасына неге адам жолатады?