Синдзи Кагаваның келер жылы үздік атануының 5 себебі
Бүгін www.bleacherreport.com сайтынан қызық жазба оқып едім. Сайттың Макс Тоуле деген колумнисті «МЮ» футболшысы Синдзи Кагава туралы жазыпты. Өзімше аударған болдым. Түсініксіз жерлері болса, айып етпеңіздер.
Чемпиондар лигасы финалының алдында Юрген Клопптың Синдзи Кагава туралы айтқан пікірін оқып жылағым келді.
The Guardian басылымына берген сұхбатында «Боруссия Дортмунд» бапкері Кагаваның «Олд Траффордтағы» дебюті туралы былай деді:
Жапон үшін әлемдік аренадағы өткен жылы есте қаларлықтай болды, бірақ аздаған кедергілер әсер етті. Ол қазіргі кезде «қызыл сойқандар» үшін ерекше атанудың аз алдында тұр. Келесі маусымда «МЮ»-дың үздік ойыншысы атануы мүмкін. Төменде мені ондай ойға жетелеген бес себепті оқыңыз:
Кагаваның өткен маусымды сәтті өткізе алмауының себебі, оның алаңның басқа жағында, Сэр Алекс Фергюсон белгілеген жерде ойнауында.
Ол уақытының көп бөлігін жарақаттан емделумен өткізді. Тіпті аяқ-қолы сау кездің өзінде қосалқы құрамда қалды. Не Уэйн Руинді алмастырады. Дегенмен, ағылшын шабуылшысы шабуылдаушы жартылай қорғаушы рөлінде ойнағысы келмейді. Сондықтан, клубтан өзін трансферге қоюын өтінуде. Кагаваға бұл міндетті бермегені өкінішті. Келесі маусымда Руни кеткен соң, Кагава автоматты түрде бірінші орынға шығады. Өз орнын тапқан соң, ол жан-жақты ашыла түседі.
Дэвид Мойес жаттықтыратын «Эвертонның» маусымды ойдағыдай аяқтады.
Шотландиялық бапкер жаттығуды қатал өткізіп, ойыншылардың әлеуетін барынша пайдаланады. Ол мұндай жүйені «Олд Траффордқа» әкеледі, сондықтан бұл Синдзи Кагаваға ыңғайлы. Ол өзінің ойын кезіндегі икемділігін жақсы пайдаланады, бірақ бұл стиль британиялық ойынға қаншалықты сай келетіні белгісіз.
Соңғы ойындарда бір сағат жүгірген соң шаршап қалып, ойынды аяқтамай демалуға мәжбүр болды. Мойес бұны да пайдаланады.
Дэвид Мойестің «Манчестер Юнайтедке» әзірлеген тактикасы Кагава үшін өте тиімді болмақ.
Шотланд әдетте «Эвертонда» екінші леппен шабуылдаушы форвард қолданады. Мәселен, Тим Кейхиль, Маруан Феллаини тәрізді футболшылар әр кезде осы рөлде ойнады.
Кагава Робин ван Персидің арт жағында ойнап, орталық алаң мен шабуылды байланыстыратын ойыншыға айналуы мүмкін. Мойес Рафаель мен Патрис Эвра секілді қапталда ойнайтын футболшыларға қарсылас қорғаушыларының ара-жігін ажырату үшін пайдаланады. Қос қанатты кеңінен пайдаланғанда Кагава бар мүмкіндігін көрсетеді.
Мына нәрсені есте ұстайық: Синдзи Кагаваның бойында туа бітті талант бар. Сондықтан, келесі жылы оның «қызыл сойқандар» сапындағы үздік ойыншы атануына әсер ететін фактордың бірі. Юрген Клопп осылай ойлайды. Ол «Боруссия Дортмундта» жүргенде қарсылас үшін аса қауіпті ойыншы еді. Оған допқа иелік ету үшін алаңның аз бөлігі жеткілікті.
Кагава қорғаушыларды өзіне тартып, алаңның біраз бөлігін босату қабілетіне ие. Допты өзінен алыстатпай еркін пайдалануы және тез жылдамдық алуы оған көп мүмкіндік береді. Біз әлі оның «Олд Траффордта» өз деңгейінде ойнағанын көргеніміз жоқ. Оһ, Синдзи голды жеткілікті соғып тұрады. Германияда 49 ойында алаңға шыққан ол 21 мәрте қақпаны дәл көздеген еді.
Кейбір ойыншылар жаңа командаға тез бейімделсе, кейбірі үшін ұзақ уақыт керек. Синдзи Кагаваның «Манчестер» сапындағы аздаған үзілісін кешіруге болады. Өйткені, жаңа ел, жаңа тіл, ең бастысы жаңа командаластарына бейімделуі тиіс қой.
Ол кейбір ойындарда өте жақсы көзге түсті. Дегенмен, «қызыл сойқандардың» қанатында болу Кагаваға қалағанындай ойнауға мүмкіндік бермеді. Алда-жалда Дэвид Мойес box-to-box жүйесінде ойнайтын жартылай қорғаушы сатып алатын болса, Кагава үшін мүмкіндік молынан ашылатын еді.
Ендігі жерде ол «Олд Траффордта» жаңа ойыншы саналмайды. Кагава өзіне сенімді футболшылардың бірі болады.

«Синдзи Кагава – әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі. Қазір ол «Манчестер Юнайтедте» 20 минут ғана ойнайды. Сол қанатта! Жүрегім қан жылайды. Шынымды айтсам, көзіме жас келеді.
Орталық алаң Синдзидің ойқастайтын жері. Ол өмірімде көрген қорғанысқа көңіл бөлетін жартылай қорғаушы болғанына қарамастан көп гол соғатын жалғыз футболшы. Бірақ, көптеген жапон футболшыларына «Дортмундта» ойнағаннан гөрі, «МЮ»-да доп тепкен ұнайды».
Жапон үшін әлемдік аренадағы өткен жылы есте қаларлықтай болды, бірақ аздаған кедергілер әсер етті. Ол қазіргі кезде «қызыл сойқандар» үшін ерекше атанудың аз алдында тұр. Келесі маусымда «МЮ»-дың үздік ойыншысы атануы мүмкін. Төменде мені ондай ойға жетелеген бес себепті оқыңыз:
1. Өз орнын табу.
Кагаваның өткен маусымды сәтті өткізе алмауының себебі, оның алаңның басқа жағында, Сэр Алекс Фергюсон белгілеген жерде ойнауында.
Ол уақытының көп бөлігін жарақаттан емделумен өткізді. Тіпті аяқ-қолы сау кездің өзінде қосалқы құрамда қалды. Не Уэйн Руинді алмастырады. Дегенмен, ағылшын шабуылшысы шабуылдаушы жартылай қорғаушы рөлінде ойнағысы келмейді. Сондықтан, клубтан өзін трансферге қоюын өтінуде. Кагаваға бұл міндетті бермегені өкінішті. Келесі маусымда Руни кеткен соң, Кагава автоматты түрде бірінші орынға шығады. Өз орнын тапқан соң, ол жан-жақты ашыла түседі.
2. Әлеуетінің артуы
Дэвид Мойес жаттықтыратын «Эвертонның» маусымды ойдағыдай аяқтады.
Шотландиялық бапкер жаттығуды қатал өткізіп, ойыншылардың әлеуетін барынша пайдаланады. Ол мұндай жүйені «Олд Траффордқа» әкеледі, сондықтан бұл Синдзи Кагаваға ыңғайлы. Ол өзінің ойын кезіндегі икемділігін жақсы пайдаланады, бірақ бұл стиль британиялық ойынға қаншалықты сай келетіні белгісіз.
Соңғы ойындарда бір сағат жүгірген соң шаршап қалып, ойынды аяқтамай демалуға мәжбүр болды. Мойес бұны да пайдаланады.
3. Тактика
Дэвид Мойестің «Манчестер Юнайтедке» әзірлеген тактикасы Кагава үшін өте тиімді болмақ.
Шотланд әдетте «Эвертонда» екінші леппен шабуылдаушы форвард қолданады. Мәселен, Тим Кейхиль, Маруан Феллаини тәрізді футболшылар әр кезде осы рөлде ойнады.
Кагава Робин ван Персидің арт жағында ойнап, орталық алаң мен шабуылды байланыстыратын ойыншыға айналуы мүмкін. Мойес Рафаель мен Патрис Эвра секілді қапталда ойнайтын футболшыларға қарсылас қорғаушыларының ара-жігін ажырату үшін пайдаланады. Қос қанатты кеңінен пайдаланғанда Кагава бар мүмкіндігін көрсетеді.
4. Тума талант
Мына нәрсені есте ұстайық: Синдзи Кагаваның бойында туа бітті талант бар. Сондықтан, келесі жылы оның «қызыл сойқандар» сапындағы үздік ойыншы атануына әсер ететін фактордың бірі. Юрген Клопп осылай ойлайды. Ол «Боруссия Дортмундта» жүргенде қарсылас үшін аса қауіпті ойыншы еді. Оған допқа иелік ету үшін алаңның аз бөлігі жеткілікті.
Кагава қорғаушыларды өзіне тартып, алаңның біраз бөлігін босату қабілетіне ие. Допты өзінен алыстатпай еркін пайдалануы және тез жылдамдық алуы оған көп мүмкіндік береді. Біз әлі оның «Олд Траффордта» өз деңгейінде ойнағанын көргеніміз жоқ. Оһ, Синдзи голды жеткілікті соғып тұрады. Германияда 49 ойында алаңға шыққан ол 21 мәрте қақпаны дәл көздеген еді.
5. Танысу

5 пікір