Балықшы доңыздар
Жаз ортасы болған кез. Ырғыз-Торғайдың көлдеріне жақын құм төбелердің етегіне келіп тоқтадық. Қасымызға отарын иірген шопан жігіт, 5-10 шақырым жердегі суы тартыла бастаған көлшікте түнімен доңыздар балық аулайтынын жеткізді. Бұл әңгімені бұрын да естіп, сеніңкіремей жүргенбіз. Енді шешім өз-өзінен шықты: Бұл қызықты көру керек.
Кеш бата ұйқысын қиған 3-4 жігіт әлгі көлшіктің жағасына қамыстан күрке жасап жасырынғанымыз сол еді қалың маса лап қойды. Шыдауға тура келді. Тым-тырыс отырмыз. Жақын маңнан шиебөрінің шаңқылдаған дауысы естілді.
Бір кезде, жел жағымыздағы қамысты бір топ доңыз жарып шығып, суға бас қойды. Бұлар тамағына не болса соны жей береді деген бекер екен. Көл жағасындағы өлген, ісінген балықтарға қараған да жоқ, салқын суды қарнына жеткенше кешіп барып, тірісін аулауға кірісті. Суретке түсірмек түгіл, сәл қимылдасақ үркітіп алатынымызды біліп, тапжылмай отыра бердік.
Біреуі бізге тым таяп келді. Қорс-қорс етіп пысықырынып, сілкініп қалғанда шашыраған тамшылар бізге тиіп жатты. Бұл «жайсаң» тұмсығын суға тығып жіберіп, біраз тұрды да, 4-5 келі тартатын сазанды алып шықты. Олжасына мәз болғандай орғып-орғып алып, балықты шабытпен, қомағайлана жұта бастады.
Түн ортасы ауып кетті. Қайтар ай да көріне бастады. Бірақ, шошқалар әлі тоқтар емес. Таңқаларлығы кәнігі балықшылар сияқты бір-біріне бөгет жасамай, өзінің ғана олжасын қанағат тұтуда. Ал, жағадағы өлген балықтар шиебөрілердің еншісі екен. Оларда доңыздардай шеберлік жоқ, бірінің аузынан бірі тартып, апыр-топыр, шыж-быж болып жатыр.
Жалпы жабайы шошқа тамағын таңдап жейді. Қазір балық аулап жатса, енді бірер күннен соң қауын-қарбыз, жеміс-жидек іздейді. Күзде борық қазып, қамыс қоғаның түбін аударып жатқаны. Бақша піскен кезде тәттілерден ауыз тию үшін он шақты шақырым жүруге де ерінбейді. Доңыздардың тіршілігін зерттеушілердің жазуынша, олар тек қуаңшылық кездерде ғана өзге жануарларды азық етеді екен. Ал, мына біз көрген табын, маңайда азық жеткілікті болса да, таң шапағы білінгенше балық аулап, қарындары томпайғаннан кейін ғана, асықпай басып, қамыс арасына кіріп кетті.
Маса талаған бет-ауыз, аяқ-қолымызды уқалап, біз де лагерге қайттық. Ыстық, қою күрең шай ұйқымызды шайдай ашты. Алда жұмыс, ұйқыға уақыт жоқ, жоспарлы бағытпен жүріп кеттік.
Мұратбай Алашбайұлы

еті дәмді болад дейд, жеңсік ас деп жүретін, ауылдағы браттар. «Бөген» су қоймасынан сыздап шыққан су біздің ауылдың жанынан терең арық жасап алған, суы ащы, жер сор ғой. Қамысты мекен, арасында ілуде бір қабандар кездеседі. Негізі«Шошқакөлден» қаңғып келед дейд.
Харамнан аулақ болайық…
Жоғарыда айттым ғой, ауылдың іргесіндегі жайылма суға өскен қамыстың ішінде де жүрген екен бұрын. Қазір ойлап отырсам, олар да тек балық жеген шығар. Басқа не жейді?
Қабанды білмедім, ауылдың балықшыларында сазан аулайтын иттер болып еді