«Көгілдір ақымақ» және заманауи өнер туралы боқ сасыған пост

Ол ойға итермелеген — осыдан дәл бір апта бұрын Мәскеудегі «VLADEY» аукционындағы заманауи өнердің көктемгі сатылымындағы ең қымбат картина – Иван Чуйковтың 1971 жылы салынған атсыз туындысы — №16 ЛОТ – 85 мың еуроға сатылғандығы болды. Менің ойым: бұл сурет – таза хуйня!
Бірақ, бұл суретте әйтеуір, әлдебір еңбек бар ғой. Бұдан да мағынасыз дүниелердің бұдан да сорақы бағаға сатылып жатқаны бар.
Әлбетте, мәмбеттің (атам Мәмбетқұлды тап осылай һәм кіші әріппен атай береміз) ұрпағының ва үшінші сыныпта асфальтқа сурет салудан бірінші орын алып, соған масаттанып, қылқалам өнерінің теориясы мен тарихына аз-мұз қызығушылық танытып келе жатқан қарапайым өлімдінің пікірін 80x57 тақтайға эмальмен салынған суретті 16 жарым млн теңгеге сатып ала алатын адамның тіккені бар ма?!

Бірақ, мен бәрібір, мұны боқ деймін. Сатып жатқандары да, сатып алып жатқандары да – боқ! Өйткені, бұл қауым – көтентесті, тойыс, көкейкесті деп аталып жүрген заманауи өнерді бағалаушылар, шынында да кәдімгі боқты сатып алуға дайын. Кәдімгі боқ болғанда, консервіленген боқ. 30 грамм алтыннан 100 есе қымбатқа бағалайды, 30 грамм кәдімгі консервідегі боқты. Кәдімгі консервідегі боқ болғанда, осыдан жарты ғасырдай бұрын италян суретшісі Пьеро Мандозидің тышқан боғын. Тышып-тышып, тоқсан банкіге салып, әрқайсысына жеке нөмір беріп, сыртына төрт тілде (италян, ағылшын, неміс және француз) «Суретшінің боғы» («Merda d’Artista») деп жазып, Ұрымның Pescetto галереясында сол кез курсымен 1 троя унциясына пара-пар бағамен сатқан боғын.


Бірақ, бәрібір, басты сұраққа жауап жоқ – заманауи өнер деген не? Менің жауабым: боқ! Сіздің ше?
айтпақшы сол Моно еркек екен дейді, дәлелі бар көрінеді,
Ұқсамайтын ит мейлі көрініп тұр /2 200 000 $/, "Қан қызыл айна" дегенің полотнога құйылған тек бояу. 1000 000 $?
Бәлкім мен ештеңе түсінбеймін…
Негізі, бәрін бүлдірген авангардистер ғой. Өзгеше ойлау немесе өзгеше ойлауға тырысу осының бәрін тудырған. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары музыкалық авангардизм де белең алған. Консерві банкілерімен даңғырлату, виолончельді ойнап отырып, шешіну сияқты элементтерді Нью-Йорктегі Бродвей көрермендері де ду қол шапалақпен қарсы алған деседі. Ұятқа қалмау үшін шығар бәрі.
ПС: Маған Келін фильмі ұнайды.
p.s. біз салсақ осылай бәрібір ешкім алмас еді