"Dомбыра PARTY" толқыны Ақтөбеге жетті
Ақтөбемізде тұңғыш «Домбыра PARTY» өтті.
Фархад терме орындауда
Олжас пен Қуаныштың күй тартысы
Маралбек жүргізуде
Халық қызыға тыңдап түр
Сұлтанның даусы керемет!
Ақтөбемізде тұңғыш «Домбыра PARTY» өтті. О бастағы мақсат-міндет -қазақтың қазіргі өміріне жаңаша ұлттық дем беру, домбыраны тек той-томалақ және мерекелердің атрибуты ғана емес, сонымен қатар қазақ қоғамының бір бөлшегі ретінде енгізу болғаны белгілі. Көздеген басты мақсат орындалды, иісі қазақ ағайын бұл шараны жылы қабылдап, жалғасын қалайтындарын білдіріп жатты. Домбыраның қоңыр даусы жүректерді тербеп, бір уақ сананы дүнияуи ойлардан арылтты. Соған шын мәнінде қуандық. Шараның «пати тек бейсенбіде өтуі керек» деген ережесінен ауытқып, қаланың 144 жылдығына саябаққа адам көп жиналады-ау деген ниетпен дәл сейсенбіге әдейі қойғанбыз. Бұндағы ойымыз адамдарды осындай шараның болып жатқандығынан хабардар ету еді. Ресми шара еместігіне, әрі күннің кешқұрымдығына қарамастан 4 БАҚ-тың өкілдері келді. Алдын-ала айтып кетейін, біз ешкімге кел деп, иә болмаса арналарға баспасөз қағазын таратқамыз жоқ. Олар осы әлеуметтік желілер арқылы біліп, өздері қызығып келген. Шынымды айтайын, бірінші рет өтіп жатқасын қаланың «мен» деп қалған күйші-домбырашыларына хабарласып, шараға қатысуларын сұраған едім. (аттарын жария етпейін).Сылтауратып ешкім келмеді, сенесіз бе. Сондағы дәметкендері — «гонорар!»! Ұялмастан «бар ма, кім береді» деп қояды. ..Қош, ең бастысы, ДП керемет өтті, ондаған күй, Шәмшінің әндері аспанымызда қалықтады.Маралбек те кешті сәнді де мәнді жүргізді. Ұғынғанымыз — халыққа БҰЛ ШАРА өте ұнайды! Тек арасын үзіп алмау керек. Домбыра халықтың рухын көтеретін серік фунцкциясын атқаруы керек. Себебі ол қазақтың жаны, тарихы, шежіресі. Ұлт ретінде жоғалмаудың бірден-бір символы ол-домбыра!(М.Әуезов). Келесі бейсенбіден бастап Ақтөбеде ДП сағат 20-00-де өз жалғасын табатын болады.
Пы.Сы: өзімше Патиге келе жатпаймын ба, қолымда домбыра(бірақ мен әлі ойнау білмеймін, өкінішті). Інімнен алған домбыраның салатын қалбыры болмай, жалаң өзін ұстап автобусқа отырдым. Сондағы автобустағы, одан қалды көшедегі адамдардың маған бадырайып қарағанын көрсеңіз, мені иә асаба, иә музыкант деп ойлап қалған болулары керек) Ішімнен «мыналар қазақ емес пе» деп қоям. Содан кейін былай деп ойладым: Біз,қазақтар домбыраны тыққыштап қалбырына салып, кешегі Маралбек айтқандай, төрге тек іліп қана қоюды доғаруымыз керек. Оған антиквариат ретінде қарауды қоюымыз керек. Бүкіл қазақтың үйінде кем дегенде бір домбыра болуы керек. Оны тарта білуіміз міндет! Сонда ғана «нағыз қазақ» бола аламыз!!! Осылайша, біздің қала «Патиды» қабылдаған 11 қала болып тарихта қалды-ау…
Айтпақшы,… мен жайлап домбыраны үйреніп бастадым, ұят, әйтпесе… ал, сіз ше?

МЫНАУ СОЛ СУРЕТТЕРДЕН АЗДАП