Мүсірепов бағалауындағы Мағауин
«Бұл Мұхтар туралы бірінші айтпағым — оның жастар қатарында саналатын кезеңі бұдан едәуір жыл бұрын өтіп кеткен екен. Біздің сыншылар ол жайды кезінде-ақ көрген болар, мен өзім кешірек көріп қалдым. Оның алпысыншы, жетпісініші жылдары жазған әңгіме, повестері қалам ұшы өткір, әр сөздің ішкі-тысқы ен таңбасын, қат-қабат сыры барын сол кезде-ақ танытыпты. Мұхтар Мағауиннің сол тұста жазған „Әйел махаббаты“, „Күтпеген кездесу“ сияқты әңгімелерін, „Қара қыз“ сияқты повесін оқыған сыншы, не болмаса замандас достары сол күні-ақ авторды құшақтап құттықтаған шығар деп ойлаймын. Өз басым сол достар қуанышының ішінде болмағанымды өкініш еткендеймін. Пендешілік тағы…
Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от жалынды,әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ меңгеріп алғандығын көрсетеді. Тіліміздің оралымдылығын тереңдетуге қосқан үлесі де аз емес. Еркек-әйел бейнелері қандай сом! Әр түрлі өмір талқыларына түсе жүріп, сол шытырман-шырғалаңдарда майыса да сына білмеген жастарға еріксіз қызығасың. „Күтпеген кездесудегі“ Сәлкен мен Көшім сияқты ер жігіттер, зымиян Айгүл сияқты махабат жолында да, басқа тіршіліктерінде де табанды айнымас жүректі әйелдермен қатар Шәрипа, Тұлымқан, Гүлжиһан сияқты „дүниеқоңыз“ әйелдер де жеткілікті. Бар арманы ғылым емес, атақ-даңқ, баю болып кеткен Бексейіт доцент, ақындық қабылеті болмаса да ақын атанып жүрген Уақас сияқты, ғылым мен әдбиетте, құдайға шүкір, тым көп кездесетін типтер де босқа күйеленбей, әділ бейнелеген.
Мағауин шығарма желісін тартуға шебер. Сиыспас бірдемелерді тоқпақтап жіберу „әдісі“ онда атымен жоқ. Оқиға соғыстары — себеп пен өрісі шебер түйілген. Адам мінедерін оңашалап алып қарасаң бәрі де таныс-бейтныстар.
Әсіресе ерекше мән бере айтылуға керекті, ерекше бағалануға тиісті жағы — бұл кездері жас жазушы қатарында жүрген Мағауиннің барлық тақырыптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі күндерімізді көрсетеді. Бейнеленген адамдары да осы дәуірдікі. Осы айтқандарымыздың әділет екендігіне сенгендіктен Мағауин Мұхтар бұдан он-он бес жыл бұрын-ақ іргелі жазушыларымыздың қатарына қосылды демекпіз. Оның соңғы жылдарда шыққан екі томдық романы „Аласапыран“ бұл ойымызды толықтыра түседі. Мағауин қазір үлкен жазушылар қатарынан сенімді орын алды. Үлкен шығарма,үлкен талдауды керек етеді. Әдебиет зерттеушілерінің шаруасына қол сұқпай-ақ қысқаша ғана өз қорытындымды айтсам:
»Аласапыран" қазақ совет прозасының тағы бір үлкен мақтанышы. «Жақсы еңбек» дейтініміздің шеңберіне сыймайтын, ойы терең, тіл көркемдігін түгел меңгерген, шебер қаламынан ғана туа алатын қымбат қазына.
Мұхтар Мағауин қай шығармасында болсын еркін отырады. Тақырыптары ұсақ-ұлаң емес, бүгінгі күніміздің іргелі сауалдарына толымды жауап береді. Атүсті емес, терең жауаптар. Алған тақырыптарын терең зерттеп алатынын байқалады. Әсіресе, «Аласапыран» романын жазу үшін қанша архивті қопарғанына, қанша қалаларды кезгеніне таң қаласың. Мағауин Мұхтар орнықты дарын, үлкен талант.
Аз-мұз оқыс сөйлемдер де кездеседі: «Арқардың тоқтылары мен ешкілері» депті бір жерде. Тоқтылары десең, «саулықтары» деген дұрыс болар. Ешкіден тоқты емес, лақ туатын. Сұлу қызды бейнелегенде «апай төс» депті. «Апай төс» балуандарға, кеуделі еркектерге ғана айтылады емес пе?! Маған өте ұнамағаны — «сымбаттытын», "ұстамдытынсың" деген екі сөз. Бір сөзде қатарынан үш «ы» әріпі болса, ол сөзді ауызша айтқанда аузың икемге келмей кететін шығар." Қазақ әдебиеті газеті, 1984 жыл,27 июль

Қаззақта мынауың құсық деп тіліп тастайын жалғыз Асқар Сүлейменов еді ғой. Қайсардың қасқасын қазір көбісі ұмытуға тырысады. Алда-жалда біреулер болмаса. Ол шығармаңа құстым демеген адам қалмаған шығар лібә Сыншы деп соны айт!
— Мухыч ты Мухырло, өз ойыңнан ештеңе қоспай, баспаға тап осылай бер! — деп.
Тыңдамай, өзі бірдеңе қосқысы келген түрі ғой енді, бәрін құртты Ой лібәәә, шұлғауды тарқатып тұрып атты нақ "ұстамдытынсың" — ужсс нақ