Сен өзі қазақпысың?
Әлеуметтік желіден:
— казахшаны жаксы жазасын гой
— енД өзім қазақ болсам…
— рас па?
— Жоқ. Жетінші атам гүрді екен, оның алған әйелі ғана қазақ, бірақ қазақ әйелдің арғы атасы грузин екен, бірақ ол алтыншы атаммен ауылдастығы болмаса еш туыстығы жоқ. Алайда алтыншы атам жетінші атамның әйелінің арғы бабасы сақадан (кейбіреулер чукча дейді) тараған деп айтып отыратын. Естуімше бесінші атамның да қалмақтармен байланысы бар. Әлде қалмақ әйел алған баа сондай очм. Әрине қалмақ әйел алған соң төртінші атамының да метис болуы заңды. Ал ол өз кезегінде қалыптасқан дәстүрді сақтау мақсатында өзбек қатын алыпты. Ал ол өзбегің (ең күлкілісі осы) әлгі алтыншы атамның үшінші ұрпағы, яғни неменесі екен. Ал өзбектерде салт бар өзіңіз білесіз жақсы жігіттермен қайта қайта құда бола беретінін білесіз. Ол гүржіден туған сіңлісінің сарт қызын үшінші атама алып беріпті. Яғни өз баласына. Ал балласыы жынды десе үндіден қыз алыпты. Сонааауу Делиге барып. Сөйтсе Делиден алып қашып келгені бетін бояған қытай болып шығыпты. Әй қытай болса қытай болсын деп онан бір бала туғызыпты. Айтпақшы аты Даңдүң. Даңдүң үйленейін деп жүргенде қызыл қырғын басталып кетіп, біразға дейін үйлене алмай жүріпті. Бірақ айдаумен Әзірбайжанда жүргенінде, сол елдегі еврей қызына қатты ғашық болып, қолы жетпей оның подружкасы қарақалпақ қызды алыпты. Сол қарақалпақтан атам туылыпты. Атам тіпті ловелас екен Сол кездегі Кентауға айдаумен келіп жатқан гректің қызын бір, Түркияға барып сол кезден сәл бұрын Ататүрік қырып тастаған гүржіден бір, мәдениет алмасу мақсатында Қашаубаевтармен Фғанцияға барғанда арабтың қызын бір, соғыста неміс паа… поляк паа тағы бір қызды алыпты. Бірақ өзіңіз білесіз, кеңес үкіметі ондай тірліктерді құптамай атып тастапты топырағы торқа болғырды. Әлгі жоғарыда айтылған арабтың қызынан әкем, онан мен туылыппын! Мен енді Канададан қыз алсам ба деп отырған жайым бар. Қысқаша осы
15 пікір