Троль - құбыжық?



Бұл постты жазуға «Хабар» арнасының журналисті Мақпал Мадиярованың «Орталық хабар» бағдарламасына арнап түсірген мына сюжеті себеп болды.




ШЫНЫНДА ДА ТРОЛЬДЕР КІМДЕР?

… деген сұрақ әрбіріңізді мазалап отырғаны белгілі. Әдеттегідей википедияға жүгінейік. Троль — виртуалда этиканың барлық нормаларын бұза отырып, кейде агрессиялы, кейде адамдардың намысына тиюді көздейтін/жақсы көретін өз атымен емес, басқа никнэймдармен тіркелген адам. Әр-түрлі әлеуметтік желілер мен конференцияларда, порталдар мен чаттарда жүретін бұл "құбыжық" жап-жақсы постқа конфликт тудырушы, кереғар пікірлер жазып, адамдардың арасына өрт салу арқылы «рахатқа» бататындар екен
ШЫНЫНДА СОЛАЙ МА?
Википедиядағы түсіндірмеге сүйенсек солай әрине. Ал өмірде тіпті басқаша. Ресейде трольдарға қатысты пікір әлгіндей болғанымен, Қазақстан интернет тарихында троллингтің өз бағыты бар. Біздегі түсінікте трольдар Конвикттің айтқанындай ең алдымен қатеңді көрсетуші, ол сенің Нұрбек Бекбаудың лексиконындағы сөзге сүйеніп айтсақ "құсық" дүниеңді құсық деп айтудан жалтармайтын, жақсы дүниеңді мақтай отырып ақыл-кеңес бере алатын бейне. Әлеуметтік желілер мен блогтұғырлар арқылы бағасын асырып, тезірек танымал болғысы келетін ақынсымақтарды әшкерелейтін, айқайпатриотшылардың жөн-жосықсыз «Аттан қазағын» мазақтау арқылы тезге салып отыратын, тез танымал болу мақсатында түймедей нәрседен түйедей «сенсация» жасап байланыспайтынды байланыстырып, қабыспайтынды қабыстырып отыратын журьені (назар аударыңыз: журналист емес, журье) мазаққа айналдыратын адам. Ал ең бастысы — ол сауатсызды сауаттыға айналдыратын жан.Қалай? А міні былай
Мәселеңки, интернеттен ұрлап-жырлап арасындағы жалғауларын ғана өзгертіп өз атымен мақала жариялады бір журье. Оның жаңадан оқу бітіріп келгені, тәжірибесіздігі т.б. тіпті де сылтау емес. Жоғарғы оқу орнында 5-жыл бекерден-бекер оқыған жоқ. Оны әрине біреу болмаса біреу көріп/оқып қалды да суретке түсіріп трольдар мекеніне (әлеуметтік желілер, блогтұғырлар, форумдар т.б.) салып жіберді. Оны көрген троль қатесін намысына тидіріп жазып, жететін жеріне жеткізіп, оны тағы да жарнамалай түсіп бас редакторға жеткізеді. Әрине оригиналды тауып жанына қыстыруды да ұмытпайды. Ал, редактор әрине мұндай сауатсыз журьедан тезірек құтылуға асығады. Ал журье өз кезегінде өз өміріне сабақ алады. Келесіде өз еңбегін ғана шығарады. Ал, ең бастысы, қоғам алданбайды.
БҰЛ ТРОЛЬ ПАЙДАСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ ҒАНА.
Екінші бөлігі. Мәселеңки, бір блогшы/журналист/қарапайым адам тамаша пост жазды. Бірақ, ол танымал емес. Сондықтан да ол пост елеусіз қалып кетуі мүмкін. Осы кезде іске троль кіріседі. Ол әрине, ол посттан бір шикілік шығарады  Қанша тамаша дүние болса да бір кемшілігі болуы заңды. Оны троллить ету арқылы троль блогтұғырдың алғашқы беттеріне шығуын қамтамасыз етеді. Алғашқы бетке қайта-қайта шығып отырған дүниемен әрине көбірек адам танысады, пікір білдіреді т.б.
САТЫПАЛДЫ
Сатыпалды троль. Хабарда айтқандай трольдардың атасы ! Бірақ Нұрлан Жанай айтқандай боқтық сөздер жаза ма? Менің ойымша жоқ. Егер, белгілі бір қауымдастық мүшелері ғана түсінетін сленгтерді өз қиялымен боқтық сөздерге айналдырып алса, өз еркі. Оған пысқырып та қарап жатқан жоқ Сатыпалды. Мұндай пікір айтушыларды өз басым Сатыпалдыны танымай, білмей тұрып боқтық жағушы ғана деп білемін. Егер басынан бастап пікірлерін, посттарын оқитын болсаңыз Сіз де ойыңызды өзгертер едіңіз. Оның біліміне басыңызды иер едіңіз. Ол бірнешеу? Жоқ Біреулер қаржыландырады? жоқ  … Ол тіпті де біреулердің мүддесі үшін жұмыс істеп жүрген команда емес…
ГАСТА
Ювижнда мәйкішең суреті шыққан соң бәзбіреулер қорыққан секілді оны троль деп атауға  Бірақ, ол да троль. Бірақ өте..өте білімді троль. Бірнеше тіл біледі, психологияны оқыған һәм зерттеген, ал интернет психологияның майын ішкен  Ол кереғар пікір жазады, бірақ алдын-ала Сіздің не жазатыныңызды біліп отырады. Бірақ, өзін бүркемелемей ашық, бетке жаза алады.
РАФА
Мұны трольға жатқызуға да жатқызбауға да болады. Пікір жазбайды. Бірақ журьеларды қалай «жазалап» жүргеніне өзіміз де куә болып жүрміз
Айта берсең мұндай трольдар көп. Өте көп. Бірақ, Хабардың айтқанындай жауыз бейне емес. Мүмкін, сюжетті дайындаған кісінің тәжірибесі аздығынан толыққанды зерттемей (немесе қызықты сюжет дайындау мақсатында ғана) орыс википедиясынан оқып алып дайындаған біржақты пікірі ғана болар… Біржақты пікір беру журналистке болмайтынын білмейтін мұны да сауатсыздыққа жатқызуға болады негізінде…  Бірақ бұл басқа әңгіме. Маркоға қалдырайық оны

Бөлісу:

7 пікір

007
сюжет қайда Данияр аға???
Daniar-Alan
ФБ-дан сілтеме арқылы салдым
007
Мықты жазба… Біраз көзімізді ашып тастадыңыз
Aya
Сатыбалдыны жақсы көрем
torgai
aza брат «Орталық хабарда» жүр ғой. Білді ме екен деймін де. Ақпараты көп пост екен. Өз ойым — кім болса да, тролльдердің болғаны дұрыс. Былайша айтқанда интернеттің оппозициясы ғой. Демократия болуы керек)))
MickThatsMyNick
Кезінде ювижндағы көптеген «срач»тарға себепкер болғанмен сұхбаттасып не керек Матрицаға… бұл тролльдің өзін кезінде қазақ тілін жақтаған блогшылар болып бірігіп, неше түрлі аккаунттармен кіріп, әрең дегенде бастық. Ол кезде ювижнда рейтинг болатын, минусқа кетсең пікір қалдыра алмайсың, қазір көп көрінбейді ол сайтта.
ken
Бірақ Нұрлан Жанай айтқандай боқтық сөздер жаза ма?

«Жазушылар (қ)Одағы», "қ ам жеме" тб дегендерін меңзесе керек.