Флешкадағы деректі форматтамай қайтарып алу

Әпкемнің 16 гб флешкасына видео көшіріп бергенмін. Басқа компқа салған соң флешка ашылмай қалды. Форматтауды сұрап тұр. Ал оның ішінде дерек көп. Қайтпек керек? Отыра қалып гуглдаттым. Біраз ізденістің арқасында мына сайтқа тап болдым. PhotoRec бағдарламасы арқылы форматтауды сұрап тұрған флешкадағы деректерді қайтарып алуға болады екен. Енді бағдарламаның жұмыс жасауына тоқталсақ.

1. Әуелі бағдарламаны түсіріп алыңыз. Архивтің ішіндегі testdisk-6.11.3 деген папкіні шығарыңыз. Құжаттың ішінде win деген папка бар. Соның ішінде photorec_win деген бағдарламаны ашыңыз.


Бағдарламаны ашқан соң, DOS терезесі ашылады. Сол жерден бізге керекті флешканы таңдап аламыз.


Enter-ді басыңыз. Одан кейін шыққан терезеден Intel-ді таңдаңыз.


Одан кейін whole disk дегенді таңдаймыз.


Бізге керегі FAT фоматы болғандықтан, ашылған терезеден others дегенді басамыз.


Қайтарылған құжаттарды сақтайтын орынды таңдап, пернетақтадағы Y кнопкасын басыңыз.


Табылған құжаттар туралы ақпарат көз алдыңызда.


Қайтарылған файл сақталған жерден қорытындыны көруге болады.


Мінекейіңіз! Осы бағдарламаның арқасында жоғалып кеткен құжаттың бәрі қайтарылды.

Дереккөз мында
Бөлісу:

7 пікір

Ereimen
Керек дерек екен!!! рахмет
bake
Қосарым. Егер бір файлды ғана жойып алсаңыз оны қалыпқа келтіруге болады. Өйткені FAT кестесінде файлдың атауындағы бірінші әріп қана жойылады. Мұндай жағдада undelete тектес утилиталар көмектеседі. Еске сақтау құрылғысындағы декректердің логикалық құрылымының сақтығын байқау үшін chkdsk (Windows) командасын қолдануға болады.
Соңғы түзету:
Zilola
жанееем сол, осындай түсіндірме посттар көбейсе деген ниет бар
Adiletshu
Егер флешкадан, немесе жесткий дисктан файлды «шифт+делитпен» удалить етіп жіберсең оны қайтаруға бола ма?
konvict
Иә, оны да қайтаруға болады. Көбіне мен Recover my files деген бағдарламаны пайдаланатын едім. Мынаны енді таптым
neoaskar
Мәәәә, ертерек жазбадыңыз ба осыны, 8 гб бір флешкамды сындырып тастадым, жыным ұстап отырып, сындырғанда да қатты сындырдым,
Serzha
флешканы тексеру көмектеспеді ма не?