Жаңаөзендегі Домбыра Пати

Жаңаөзен қаласында 02.05.2013 ж. сағат 19.30 да алғашқы рет Домбыра Пати болып өтті. Домбыра Пати «Жалын» жастар орталығының алдында болды. Астанадан бастау алған бұл игілікті іс Жаңаөзен қаласында жалғасын тауып отыр. Алғашы рет болғандықтан қалай болар екен деген ойлар болған. Бірақ өз деңгейінде өтті. Жиналған қауым біраз күй тыңдап,ән тыңдап демалып қайтты. Домбыра тарта алмайтындар да, домбырашыларға шабыт беріп «еу», «беу», «шап», «жібер» дегендей үн қосып қолдау көрсетуді ұмытқан жоқ. Домбыра Пати әдеттегідей әр бейсенбі сайын жалғасын табады. Уақыты 19.30 басталады. Алғашқы Домбыра Пати қалай болғандығын суреттер сөйлесін, содан соң Жаңаөзеннің сарқытын көріңіздер.


Жиналып жатырған сәт. Басым бөлігі жастар.


Әбиев Аманжол баурымыз жақсы күй тартып, жақсы ән салды ризамын бауырыма.

Домбырамен әсем ән кетіп жатыр. Баян да өз үлесін қосып отырды.


Мына Нұрлыбай бауырымыз баршасын күлкіге бөледі.

Баянмен ән айтып жатыр. Мына отырған кішкентайлар да мықты қосылып отыр. Соңына дейін қатысып отырды. Жаңаөзеннің жас жеткіншектері ғой.

Шамасы келгенше шырқады бәрі.

Жамағатта біраз жиналды. Қызып жатырған сәт қой, ұмытылмас.
Бөлісу:

10 пікір

rymbek
күшті, осы Ақтөбеде болып па еді?
Болмаса ұйымдастырайық, мен домбыра тарта алатын адам едім. Көп болды тартпағалы
Соңғы түзету:
asaubota
алдымен ақтөбеліктер танысып, бір жиналып алыңдаршиш. біраз адам бар ғо осында.
Daniar-Alan
о мәддес. Осылай әлеуметтік желілерге емес, блогтұғырларға сақталса көбірек тұрады…
izbasar
Серік видесоында салып қойсаң тамаша бола еді.
Serik_Baltabaev
www.youtube.com/channel/UCTOI-9TgefWMAoOKbcUUBeA/videos Аха бауыр саламын. мына сілтемеден де көрсе аласыздар…
torgai
Айқайлап шулап түк естіртпейді екен
Serik_Baltabaev
Неге? Қатты шу жоққой, бари жақсы. Негізі бізде солай қошеметтеп, қолдап отырады.
Marco
Тамаша өткен сыңайлы. Ең бастысы, шарттарды дұрыс ұғыңдар. Ешқандай саяси-әлеуметтік, ұлттық идеологиялық астары жоқ. Әншейін ғана, жастар жеке өзінің өнерге, музыкаға деген қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған жиын болып қалсын.
Serik_Baltabaev
ия, ағасы шарттармен танысқанбыз. Ескеріліп жатыр. Барі жақсы ИншАллаһ.