Қазақтың шпион қыздары

Постта қазақ-жоғар соғысында тыңшылық және барлаушылық қызметтер атқарған батыр қыздарымыз туралы айтылады.

Жалпы, сондай барлаушы қазақ қыздары туралы ең алғаш рет 11-ші сыныпта арнайы диктант жазғанда білдім. Диктанттың тақырыбы, ішіндегі аталған есімдерді толық ұмыттым, бірақ «сутьі» мынадай:
Жоңғар шапқыншылығы кезінде, әсіресе Абылайдың тұсында сияқты, арнайы даярланған қазақ қыздары «тұтқынға түседі» әдейі. Сосын күң, кейде жоңғарға әйел болып сол жақтағы ақпараттарды жинайды, ретін тауып қазақтарға жеткізіп тұрады. Анық білерім, аңызға құрылмаған, нақты тарихи факт ретінде жаздық.
Енді интернеттен іздеп, тапқан барлаушы /тек батыр емес, барлаушы/ қазақ қыздарымызға келейік. Ең мықтысынан бастайық.
1. Айбике
Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Өзінің қол астына бірнеше тыңшы, барлаушы ұстаған және ұзақ жылдар бойы жаугершілікте "қолға түскен күң" түріндегі бейнеге еніп, Қалмақ Қоңтайшысының ордасында күтуші болған. Тарбағатай мен Алтай бойындағы, Ертіс пен Емілегі жаудың күші мен қару-жарағы, олардың орналдасқан жері мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға және басқа да қолбасшыларға астыртын құпия хабарлар мен құнды ақпараттар жеткізіп тұрған.
Айбике алғыр ойлы ержүрек қыз болған. Қалмақ тілін өте жетік білген. Және Тарбағатай мен Алтай тауларының өңірінде, Зайсан мен Марқакөл алабында күндіз де, түнде де тұманды, боранды күндері адаспай-ақ жол тауып, көзге көп түспей жалғыз жүре беретін болған «жер шолғыштығымен» де аты шыққан. Кейін Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін 1758 жылдары ата мекеніне оралған.
2. Ақбикеш
Есім ханның шолғыншы батырларының бірі. Есім хан жасақтарының Бұхараға, Қашғарға Қалмақ жеріне жорықтарына қатысқан ержүрек қыз. Ол негізінен алыстағы жау жасақтарының орналасқан тұсын дәл болжау арқылы Қазақ жасақтарына көп көмектескен. Ақбикеш еліне оралған соң, Қаратау өңірінен биік мұнара тұрғызып, сол мұнарадан төңіректі шолып тұратын қарап тұратын болған.
Ақбикеш – қиырдағыны қалт жібермей көре қоятын қырағы қыз екен. Оның қарауыл қараған мұнарасын халық «Ақбикеш мұнарасы» деп атап кеткен. Оның орны Қаратау өңірінде осы күнге дейін сақталған.
3. Сапура (Көктемір) Мәтенқызы /жоңғар шапқыншылығына қатысты болмаса да/
Сапураның — Ресей патшалығында шаруалар күресін басуға шыққан орыс әскерлеріне қарсы күрестің аңызға айналған қолбасшысы. Әйел басымен қол бастауға қымсынғандай, далада жүретін бір құпия тұлға — «Көктемір» туралы аңыз таратады. Барлық іс-қимылды соның атынан жүргізіп, көзге көрінбейтін күрескер келіншек шайқасқа шығады. Алайда, орыс әскерлері оның әйел екендігі туралы ғана емес, тіпті кім екенін білмейді, «Көктемір» деген атын ғана білетін болған. «Көрінбейтін Көктемір батыр» туралы алып-қашпа әңгімелер тараған.
Кейін көтерісшілерден әбден ығыр болып, оған қарсы мәліметтер жинау үшін Орынбор губернаторы Рейнсдорп деген шенеуік Сейітов слабодкасының татарлары жасауыл Ғұбайдулла Адгамов пен Рақымқұл Ибраевты қазақтардың ішіне жансыз етіп жұмсайды. Сонда Сапура «Көктемірдің» атынан бұйрық беріп: «Сендер губернатордың атынан қырғыз (қазақ) халқы туралы тың тыңдауға келдіңдер. Сіздер ана жақты қиратқансыздар, енді осы жерді бүлдіргілеріңіз келеді, – дегенге бәрін ұйытады.
Орыс дереккөздерінде Пугачев көтерілісі кезінде қазақ даласындағы «ұстатпайтын ұстын», «көзге көрінбейтін жан» деп аталған Сапура Мәтенқызы да жұмбақ жағдайда өмірден өтеді.
Көктемір Сапура қыз туралы ғалым Н.Бекмаханова «Көрінбейтін адам туралы аңыз» атты зерттеу еңбегін жазған.

Материалдар www.atazholy.kz сайтынан алынды.
Бөлісу:

23 пікір

patick
Жоңғар хандығы 1958 жылдары құлағанын білмеппін
Соңғы түзету:
Nodar
ия. ЕНТ-да болған ондай сұрақ. 1958 жылы Жоңғар империясы құлайды, ал 1961 жылы Цинь империясының /Қытай/ құрамына кіріп біржолата тарих сахнасынан жоғалады.
Nodar
Түзету: ия. ЕНТ-да болған ондай сұрақ. 1758 жылы Жоңғар империясы құлайды, ал 1761 жылы Цинь империясының /Қытай/ құрамына кіріп біржолата тарих сахнасынан жоғалады.
GALEKE
Сол жылы Қытайлар жоңғарларды түгел қырып тастаған. Тек қазіргі Қалмақияда туысқандары ғана қалды. Ол болған дейді білетіндер. Так что таң қалмай-ақ қой бауыр.
Daniar-Alan
«Ақбикеш мұнарасы» деп атап кеткен.

біздің ауылда ғо ) Екінші аңыз да бар. Жігіт пен қыз сүйеді бір-бірін, ата-анасы қарсы… нау мынау… сол мұнараның басынан секіріп өлген дид.
Үшінші аңыз: Жоғарыдағы аңызға келеді былай. Барлаушы қыз болған дейді. Көзі өткір екен. Сол мұнара басында отырып жан-жаққа қарааап отырады-мыс. Бірақ мұның тарихи шындығына күмәнім бар. Көшпелі халық жау келердің алдында мұнараның айналасына ғана қоныстанбай ғой…
Nodar
А мен тарихи шынболған адамдар деп сенем.
Daniar-Alan
сенім аз бағыр. Дәлел қажет. тарих аңызға құрылмайды…
Nodar
Сапура мен Айбике аңыз емес
Daniar-Alan
әрине, дереккөзің ретінде өз диктантыңызды айтып отырған шығарсыз?
Nodar
Эй, сосын мен пост жазғанда жоғарыдағы суретті қосқан жоқпын ғо. Суретсіз болатын. Кім қосқан? Неге рұқсатсыз?
asaubota
қаласаң алып тастайын. пост құрғақ болғасын әлеуметтік желілерде жарнамалануы үшін мен қосып қойған едім.
Nodar
Жоқ, алмаңыз.Рахмет.
GALEKE
Мата Хари да қазақ болыпты дейді
mampasi
менің нағашыларым Қытаймен шекаралас ауылда тұрады. Нағашы атамның шешесі СССРдің Қытайдағы тыңшысы болыпты. НКВД ғой дим жиі тапсырма беріп жіберіп отырады екен. 1936 ма 1937 жылдары ма кезекті бір тапсырмамен кетіп содан қайтып оралмапты, не өлісін не тірісін білмейді. Туыстары, күйеуі сұрап барса «білмейміз, енді сұрамаңдар» деген екен. Әлі күнге дейін белгісіз, әжемнің тағдыры (((
Соңғы түзету:
Nodar
Мын тогыз жуздин барин мын жети жуз деп окимыз Комптан киргенде жондеймин
temir1986
-дың аузынан жақсы сөз шыққан екен. Бұл қыздардың болғанына мен сенем. Отырад туралы бір кітап бар еді ғой. Ә.Кекілбаевпе пе еді жазған. Сондада бір көзі өткір қыз туралы айтылады ғой. Осы Ақбикештің аңызын негізге алған болар ау ә? Менің әжем кішкене кісі болыпты. Атырау жақтағы шеркештің қызы екен. Төркінін сағынғанда далада жүрген кез келген түйені ұстап мініп жалғыз өзі тарта береді екен. Шамамен 400-500 шақырым жерге. Қазір Nodar-ға түйе мініп барып көр деші сонша жерге жалғыз, бара ма екен. Демек ол заманда ондай әйел ададардың болғаны рас болар.
Nodar
Барам
temir1986
Бірінші мал бағып, атқа мініп үйреніп ал дұрыстап.
Nodar
Салғыласқым келмейді, алайда атқа мінбек түгілі шапқам талай. Қой кезекке де шыққам.
er_vostok
Сенуге болады. Ол заманның адамдары мықты болған гой. Қазіргі біз емес, сәл қиындық көрсе психолог көмегіне зәру боп қалатын.