Аңқау студент


Әзіл, қалжың, анекдот. Әрине, бұның бәрі жанға ерекше қуаныш, күлкі сыйлайтын әңгімелер. Алайда, кейбір анекдоттар бір қарағанда жәй күлкі үшін шығарылған дүниеге ұқсағанымен, дұрыстап ойланып қарасаң, астарында философиялық ой жатады. Менің қазіргі мақалама арқау болған осындай бір анекдот.

Бір кездері өмірде қой аузынан шөп алмас ең аңқау адам болыпты. Сол адамның аңқаулығын пайдаланып жұрт оны үнемі алдап кете беретін. Жұрттың қулығынан шаршаған әлігі Аңқау іштей өшігіп «Осы жұрт мені үнемі алдап кете береді. Ендеше неге мен де оларға солай жауап қайтармаймын» деп, біреуді алдамақ болады. Сөйтеп ақыры мақсатына жетеді. Өш алып айызы қанған Аңқау үйіне оралып:

— «Мен біреуді қатырып тұрып алдадым» деп, Жолдасына мақтанбасы бар ма.

— «Кімді алдадың?» дейді, Жолдасы оған таң қалған жүзімен.

— «Таксисті алдадым» деп еңсесін көтеріп кеп айтады.

— "Қалай алдадың" десе, әлігі Аңқау байғұс:

— «Ақшасын төлеп, бірақ мінбей кеттім» депті.

Бұдан кейін, бұл Аңқаудан асқан ақымақ жоқ шығар дерсіз. Бірақ қателесеcіз. Неге, өйткені ондайлар толып жүр. Олар көп жағдайда университеттер мен колледждерде жүреді. Яғни олар — аңқау студенттер.

Иә, иә. дәл өзі. Ата-анамыз үстіне көйлек алмаса да соңғы тиын тебеніне дейін беріп бізді оқытып жатыр. Ал кейбіреуіміз ата-анамызға масыл болмай, түске дейін оқып, түстен кейін жұмыс жасап, ақша тауып, бар жалақымызды оқудың ақшасына жұмсаймыз. Бірақ көбінесе сабағына салғырт қарайтындар, осы жұмыс жасап жүргендер. Бірақ олардың артықшылығы оқу ақысын уақытылы төлеп тұрады. Тек қана олар емес, бәріміз де ақшамызды кешікпей төлеуге тырысамыз. Қарызымыздан құтылғаннан кейін үстімізден ауыр жүк түскендей болады. Бірақ, бұл жерде тағы да «Бірақ» бар. Біздер әйтеуір университетке барымызды беріп жатырмыз, (тағы да) беріп жатырмыз. Оның ішінде заңдысы да бар, заңсызы да бар. Мұғалімге жәй «сыйлық» ретінде беретініміз де бар. Алайда, өзіміз не алып жатырмыз? Жалпы, университетке біз білім алу үшін, үйрену үшін келеміз. Бірақ сол білім бойымызға сіңіп жатыр ма? Әлде сол Аңқау кейіпкерімізге ұқсап, ақшасын төлеп, бірақ оқымай бәрін қатырып жүрміз бе? Осы хақында ойланайықшы. Бәрімізге белгілі, біздер (студенттер) қазір сессия деген майданды басымыздан кешіп жатырмыз. Тағы да сол өзін айлакер көрген Аңқаудың кейпіне еніп жатырмыз.
Бөлісу:

6 пікір

neoaskar
Айтпа, ондай аңқаулар толып жатыр ғой, ақшасын төлеп оқымайтындар. кейде әңгімелеріне қарап таң қаламын: «Пәлен бай мың ақша төлеп оқып жатырмын, оқуым осы қаладағы ең қымбат оқу. Төрт жыл оқимын, әлі талай ақша төлеу керек. — өй анау ма, ол анадай оқуда оқып жүр ғой, жылына пәлен-ақ мың төлейді, мамандығы да анандай. жүр ғой әйтеуір» деп, сосын сессияны да ақшамен жауып жүргеніне мақтанады. Қайран қазағым-ай. одан да пайдалы іспен айналысқаның дұрыс қой деймін. Өз мамандығыма өкінбеймін де, кезінде тегін оқыдық, сессияны бір-ақ мәрте 200 теңгемен жаптық (200 мың емес). одан кейін пара беріп көрмеппін.
Оқыған кезде дұрыстап оқу керек, ақша жашу үшін емес…
torgai
Кей мамандықта оқығаннан гөрі, жұмыс істеген пайдалы. Ең бастысы базалық пәндерді оқып алған. Содан кейін жұмыс істегеннің еш сөкеттігі жоқ. Өзімнің достарымның ішінде оқып жүріп, жұмыс істегендері болды. Оқу үлгірімдері бізден жақсы болғандары да бар. Ал, «мен жұмыс істеймін, оқуымды төлеу керек» деп мұғалімге салмақ салатындары да болды. Сондықтан, мұның бәрі әркімнің өзіне байланысты.
007
қазір студенттерге мандытып ақша төлейтін жұмыста жоқ, ресторандар болмаса олардада тунимен жумыс истеп танертен уйкылы ояу сабакка барасыңда ұйықтайсың
temir1986
Кеше бір жылқыға операция жасау керек болды. Содан өзіміздің қатар, бізден шамалы үлкен малдоғдырларға хабарлассақ бәрі безілдеп қашты жасай алмаймыз деп. Аяғында бәріміз жабыла жамандап жүрген кеңес заманында техникум бітірген бір ағамызды 30 км жерден алып келіп жасаттық операцияны.
muratbekalatyraui
Білімсіздіктің кесірі дейсіз ғой?
temir1986
Білім жүйесінің қала берді барлығымыздың (билік пен қоғам) мал боп кеткендігімзден