Менің атам, 9 мамыр және Сталин
«Беломестная – Сабынино – Авдеевка аудандарында 1943 жылдың шілде айының 5-сі мен 17-сі аралығында неміс басқыншыларымен болған ұрыста, ауыр жараланған миномет командирін ауыстырып, қарсыластың 100 жуық жаяу әскерін жойып, шабуылды тоқтатты, 1 станокты және 2 қол пулеметін құртты.
Үкіметтік награда – «Қызыл Жұлдыз» орденіне лайық»
«Бұл менің атамның наградалық парағындағы жазба. Ресейдің арнайы сайттарының бірінен тапқам. Осы соғыста із-түссіз жоғалған атамның інісін және нағашы атам мен оның інісін іздеп жүріп. Әулеттің тарихы – шежірені түгендеу мақсатындағы тірлік ед…
Мен өз атамды танымайды екем. Танымағанда, атам есімде жоқ, есімдегісі: айналамдағылардың естеліктері. Содан, өзіме әлдебір тұлғаны сомдап келем. Бұл машығым ұзаққа бармайтын шығар. Өйткені, ол кісіні көрген, таныған адамдардың да қарасы азайып келеді…
… Сталиннің трубкасын тұтатып тұрған суреті жүретін альбомдардың арасында. Сталинді пір тұтқан екен. Әлгі, жылымық кезінде «Сталин сұмдықтары» сөз болып, атамнан суыртпақтар сыр сұрағандарды үйден қуып шығады екен шалың. Діни сауаты барын естіп, мешітке қызмет ұсынып келген молданы да сөйтіпті. Сосын, бір жартысын алып, темекісін будақтатып, бөлмесіне карта ашуға кетеді екен...
Осындай жүздеген жылт еткен сәттерден құралған атамның образына әлдебіреулер корректорлық жасағысы келеді. Кімдер? Ұлы Отан соғысын «Екінші Дүниежүзілік соғыс» деу керек, Алматыдағы 28 панфиловшы ескерткішінің астындағы жазбаны өзгерту керек деп жүргендер. Деп жүргендердің кейбірінің аталары соғыс уақытында мүлде басқа елде болған екен…
Жә, моральдық құқық деген тіркестің архаизмге айналғаны қашан…
Тарихи тақырыптарға полемикаға түсуге құмбыл емеспін. Оның үстіне, оппонентім – саясаттанушы не журналист болса, тіптен. Тарихшымен де пікірталастыра алмаймын: соғыс даласынан, қамал басынан, құстың ұшар биігінен қарайтындай білімім жоқ екен ол жылдарға. Ондай білім болған күннің өзінде де, тарих симпатия мен антипатияны қабылдамаған күннің өзінде де – бұл тақырыпта менің көзқарасым қалыптасты: Менің атам – мемлекет алдында ант берді. Антына адал болды. Туған жерін қорғады. Оның сыртындағы әлдебір факторларға, астыртын мақсаттарға болмаса коспирологиялық нұсқаларға оның білімі жетпеді. Бәлкім, өресі де…
… бәлкім, менің балаларым бүгінгі «деп жүргендердің» көзқарасын ұстанатын шығар. Әм онысы дұрыс та болатын шығар. Мен оларға ҰОС-на қатысты өз көзқарасымды телмек емеспін. Ол – олардың уақыты болады. Дәл салқын санамен бағалайтын да уақыт сол болмақ, меніңше. Әйтпесе, мені «орысшыл», «ресейшіл», «құлдық сананың айқын өкілі», «бодандықтың құрбаны» десе де, қойш, сол топтың лексикондарыңдағы сөзтіркестерінің қай-қайсының клишесін тақсада да – менің көзқарасым анық: тап осы тақырып төңірегінде қоғамды бөлудің қажеті шамалы. Соңғы ардагер о дүниеге атанғаннан кейінгі бес жыл көп уақыт емес қой. Оның үстіне, онсыз да қай мәселеге келсек те баррикаданың екі жағында болып шығамыз. Дауылды күні кеме шайқау сол кемені аман сақтауды қалайтындардың тірлігі болмаса керек.

өзімізді өзімізді жоғалтып алмасақ бопты…
Мәселе бұл тағзым күнін атап өту-өтпеуде емес. Мәселе қосарланған стандартта.
Мысалы, мен үшін жылдың ең атаулы күндері — бесеу. Олар Тәуелсіздік мейрамы, Наурыз мейрамы, Құрбан Айт, Ораза Айт және қазақ халқының ашаршылық пен репрессия құрбандарына тағзым күні. Бірақ қалған күндер де өте маңызды, оларды да атап өтуге тиістіміз.
Қосарланған стандарт дегеніміз — жоғарыдағы 5 атаулы күнге үкіметтің аз көңіл бөлуі болып отыр. Жаңа жылға шамамен 30 күн көңіл бөлеміз, Жеңіс күніне шамамен 7 күн, Астана күнін шамамен 10 күн атап өтеміз де, Тәуелсіздік күнін тек 1-2 ғана күн, ал ашаршылық пен репрессия құрбандарына тағзым күнін тіпті мүлде еске алмаймыз. Мысалы, кеше 2 мамыр күні осы тағзым күні болды. Оны айтқан жан болмады, ал Жеңіс күніне 1 апта бұрын қамдану дәстүрге айналған.
Басқа маңызды даталарды да ұлықтау мәселесін қолға ала бастауымыз керек деп ойлаймын.
Менің нағашы атам сол қолын беріп келді. Денесінің бір бөлігін дәл қазіргі көтриот-қотақбастар үшін бермеген шығар.
П.С. Өзімен пікірі үйлеспейтін немесе осы сипаттас пікір оқыса Көтриот деп, айдар таға жөнелетін зомбиларға ескерту, бұл менің жеке пікірім. Ешкімге таңып, бәрің осылай ойла, әйтпесе сатқынсың, құлсың, орысбайсың, мәңгүртсің дегеннен аулақпын. Келіспесең бас салып, жаттап алған терминдеріңді термелетпей, қосылмайтыныңды айтып, керек деп тапсаң өз аргументтеріңді келтірсең жеткілікті.
Бұл сөзбен тарихтың мал ғылым екенін тағы да дәлелдеп отырғаным жоқ. Тарих ғылым ретінде ешқашан кесімін айтпайды. Бір ғана мысал: өткен аптада археологтардың еңбегін қазақшаға аудардым нақ тігілівөле жаздап. Екі сөз сайын «сияқты»,«тәрізді»,«ықтимал». Бірақ осы еңбек — бірдеңенің ДӘЛЕЛІ боп есептеледі. Ертең біреу осы еңбекке сүйеніп, тұжырым жасайды. Лібә, бүкіл ғылым осындай болжамдардан тұратынын елестеткеннің өзі қиын нақ.
ҰОС-ты дәріптемедіңдер деп ренжімейміз нақ, тарихты — дәптердің беті сияқты жұлып жіберіп қайта жазу әдісі құсық шақырып отырған. Лениннің ескерткіштері мысалы. Иә ұнамайд, түсінем, бірақ тарих қой, бір уақытта бодан болдың, кім бодан болмад шешесс? Қытай да бодан болд бір уақыттарда. Мысалы тап сол Ленин қазақ тәуелсіздігінің негізін қалаған. Әлихан Бөкейханов та емес, Рысқұлов та емес, тап сол Ленин. Оған көз жеткізу қиын емес.