Мамандық таңдау

Мамандық таңдау мәселесі адамның өміріндегі ең маңызды нәрселердің бірі. Кейінгі өмірің тікелей соған байланысты болмаса да, өміріңе әсері өте көп. Сондықтан да о бастан осыған көңіл бөлген жөн. Ал қазіргі мамандықтық таңдауда ең бастысы ГРАНТ алу мүмкіндігі болып тұр. Яғни, адамдар балалық шақтағынемесе есейіп, таңдау жасай алатын кезде қалаған мамандығына емес, қай мамандық бойынша грант алу мүмкіндігі жоғары, қай жақта конкурс аз дегенге көбірек көңіл бөледі. Бұл енді тікелей материалдық жағдайдан шығып отырған проблема ғой. Ол жағына тереңірек кірудің қажеті шамалы. Басқа жақты қайдам, мына біздің алғыр Шымкентте құжат тапсырудың соңғы күніне дейін конкурстың статистикасын аңдитындар өте көп. Тіпті кейбір конкурстың статистикасына қолы жетімді іскер жігіттер талапкерлерден ақша алып алады да, соңғы сәтке дейін конкурсты қадағалайды. Осы кездегі адамдардың әрекеттері қор биржасындағыға өте қатты ұқсап кетеді. Абыр-сабыр, статистиканы жіті бақылап, жүгіріп жүрген біреулер. Ең соңында ең бәсекелестігі аз мамандыққа құжаттарын өткізеді де жібереді. Ақрында талапкер байғұс өмірі естімеген сиырдың сүтінен қымыз алу технологиясы деген мамандық бойынша грант иегері атанады. Ал, жу! Балаң грантқа түсті. Енді біреулері иттің басына тышып жатқан мамандықтарды таңдай береді, таңдай береді. Оған дейін сол мамандық бойынша диплом алып, жұмыс күтіп жүргендердің кезегі КСРО кезіндегі Кремльдің алдында Ленинді көруге кезекке тұрғандардан да ұзақ екенімен жұмысы жоқ. Қазір бітіріп алып, басқа салада істеп жүргендер өз мамандығы бойынша істеп жүргендерден көп болмаса, аз емес. Сөйтіп, қазіргі жұмысы бойынша екінші оқуды оқып алады. Толып жүрген екі дүркін бакалавриаттар. Одан да басында мамандықты дұрыс таңдаса екі шығын болып, екі рет оқып бас қатырмай, қажетті мамандығыналар еді.
П.С. Бұл жердегі қолданушылар оқуын бітіріп, мамандығын алып қойған қыз-жігіттер ғой. Өздерінің іні-қарындас, сіңлілеріңе кеңес беруде ескерерсіңдер
Бөлісу:

16 пікір

neoaskar
қазір ғой мамандық таңдау деп лағып отырғанымыз, біздің мектеп бітірген жылдары (1998 ж.) мамандық таңдамақ түлігі студент атану арман еді ғой, бірлі-жарым ақшасы барлар мен тек директорсымақтардың балалары оқуға түсіп жататын. ол кезде шетімізден юрист не мед болғымыз келді ғой, одан басқа жұмыс жоқтай. негізі реті келіп жатса оқи бергеннің оғаштығы жоқ, менің қазір де оқығым келеді. басқа саланы болса да, бірақ оқығанда тек оқып жүр деген атауға бола емес, кадімгі жетістікке жететіндей етіп оқу керек сияқты. басыңда білім болса оқи бер, оқи бер. мейлі өз мамандығың бойынша жұмыс таппасаң да оқи бер.
Aidakonya
бурада коби окыган мамандыктары бойынша жумыс истемейди, сондыктан гранты коп, тусуге женилди тандап, студенттик кездин кызыкты откене улес косу керек)
engineer
Инженер бол бауырым. Бірақ жақсы университетте оқы инженер мамандығын. Студент кезінде жұрттар да беріп жүр ғой деп ақша беріп сессияны жауып ілініп салынып жүргенше, шын білім алуға тырыс. Кітаптар мен интернет арқылы ғылыми журналдарды оқып жүр үнемі.
Білімің болса далада қалдырмайды, бірден жұмысқа алады.
Өзім үлкен компанияда инженермін. Мамандығымды ең қызық мамандық деп санаймын, өз жұмысымнан ләззат аламын.
GALEKE
Мен оқитын оқуымды оқып, алатын дипломымды алып қойғанмын. Бірақ, мамандық бойынша жұмыс істемей жүргендердің бірімін. Алдағы іні-қарындастар қайталамаса екен деген ниетпен жазылған бұл.
Gulaim
11-сыныпта тест тапсыруға пән таңдауға келген кезде сынып екіге бөлінген: жартысы биология, қалғаны-физика. Барлығы да сол грант үшін. Бәрібір де ешкімнің армандап жүрген мамандығы да болмаған сияқты сол кезде. Мектеп бітірушілер алдына нақты мамандықты мақсат қоймайды, қайсысына балы жетеді соны оқиды. Осы жерде мәселе. Мақсат қойса да мысалы қаржы мамандығына түскісі келген адам балы жетпей геодезияға түседі. Әркім өзі біледі қалай жасағысы келсе де, меніңше бұндай жағдайда оқуға түспей-ақ қойған дұрыс. Бірақ бізде қайдан, жұрт не дейді деп сол баяғы.
Nodar
Менің сүйікті және жүрегімді ауыртар тақырып го бұл. Осындай қателік жасағандар /яғни, біздер/ өзгелердің соны қайталап жатқанын көргенде қиналамыз. Гүлайым, сенің геодезияға тек грант үшін түскен адамдарыңды жеке танимын, зато грант деп өз-өздерін алдаусыратады, мәз. Сосын оқу бітіргесін, жұмыс таба алмайды, тапқанын менсінбейді де, бәрін «жұмыс жоқ» пен «таныс керектен» көреді. А негізі бәрі өзімізден. Өзіміздің ақылсыз шешімімізден, қате мамандық таңдағанымызды 1-2 курста-ақ түсінсек те, жалғастырғанымыз үшін не болмаса университет білім бермесе де /әсіресе ағылшын тілі/, өзіміз тырбанып талпынбағанымыз үшін, белгісіздікке сенгеніміз үшін. Біздейлерге ұрсу керек.
GALEKE
Негізі мектеп қабырғасында жалпы мамандықтар, қазіргі нарықта керектілері, сұранысқа ие мамандықтар туралы, болашақта керек болатын мамандықтар туралы ақпарат берілмейді. Мұғалімдерге де әйтеуір бала грант алса болды, мектептің көрсеткіші үшін. Осы жағын мықтап қолға алса біраз проблема шешіліп қалар еді. Мектепте жүргенде сұранысқа ие түгілі жәй мамандықтардың мәнісін түсінбейтін бала қателікке ұрынбай қоймайды. Бір мамандықты таңу міндетті емес, тек ақпарат берілсе, бала да ақымақ емес, өзі таңдай алар еді.
Nodar
А мен мектептен көрмеймін. 11 класста үлкен азаматтармыз ғо уже біраз затты түсінетін. Өзіміз жауаптымыз мұндайға.
GALEKE
Барлығын мектепке жауып қойған жоқпын. Сен сияқты 11 класта дәу бала болғандар да аз екенін ескеру керек. Универ бітірген соң да дәу бала күйінде қалып кететіндер де бкөп.
asaubota
мамандық таңдауды қазақтар ЕНТ тапсырар алдында ойланатыны күлдіртеді. ондай адамнан жақсы маман шығады деп ойлаудың өзі күпірлік

мамандық таңдау баланың кішкентай кезінен басталуы керек. баланың ебіне қарай сол жаққа қарай дамыту керек деген ойдамын. өзім солай істеймін.
Nodar
Мен олай істемедім ақымақтықтан. Бірақ өзіме қымбат адамдардың біреуіне олай істетпейтін болдым.
daugozhek
Мен негізі машиностроительныйға түскім келген, грант деген пәле строительныға тығып жіберді емеспе
OmarbekovOlzhas
Мысалға менің қарындасым ағылшын тілін тапсырып 95/100 балл алды және қызыл аттестат. Мен оған мамандық таңдауға асықпа деп өзім айттым. Біз де статистиканы қарадық. Ол ақшаға сатылмайды, ЕНТ тапсырған университеттің алдында ілініп тұрады. Немесе қабылдау комиссиясынан сұрасаңыз айтады. (интернетке де шығады). Ол өзі аудармашыны таңдағысы келді, бірақ ол мамандыққа 20 орын бөліініп (нақты есімде жоқ), 40 алтын белгі ұсыныс білгірген. Регионоведение ге де сондай жағдай етін. Осындай нәтижеге қол жеткізіп грантта оқымаса іші күйеді ғой! Статистиканы аңду ол ешқандай да жаман тірлік емес. Ол ақылды адамдардың ісі )
GALEKE
Статистика аңдыңан өте жақсы. Басқа жақта қайдам, біз жақта соңғы күнгі статистика екі түрлі болады екне. Біреуі жалпы, туралығына ешкім кепілдік бермейді. Екіншісі жекелеген, таңдаулы кісілер үшін. Толықтай сенімді. Соған доступ барлар арада жүгіріп жүріп, грант ұйымдастыратындар. Және соны аңдығандар көбіне таңдағанынан емес, мүмкіндігі жоғарысына жүгіреді.
er_vostok
Қасыныздын сөзі рас екенин кім білсін… Бир жағынан алып қарасақ оқу битирген түлек таза материал сияқты, яғни ол маман емес қой, ендеше неге оқыған\тандаған мамандығымен жұмыс истемеске. Ұнамай қалды деу күпірлік. Оқымай қызықпай кетсе кім кинәлі екен. Жұмыстың жаманы жоқ деген рас. Бирден үлкен жалақы алып кете алмасын да хақ.