Пенсияға шықсаңдар...тез өлесіңдер.неге?ПАТАМУШТА ПАТАМУШТА

Еңбек Министрі Серік Абденв әбден құтырайын депті.
Зейнетке шығуға неге асығасыңдар, зейнетке шыққан соң, ауырасындар, сосын, тез өлесіңдер.
Өлуге асықпасаңдар пенсияны ұмытыңдар. неге?
ПАТАМУШТА, ПАТАМУШТА...
Бөлісу:

32 пікір

bake
Телефон соқты. Молда:
-Олло, мешіт. Тыңдап тұрмыз.
Телефонның ар жағынан жас келіншектің өксіп жылаған дауысы:
-Балам өліп қалды, ат қойып та үлгерген жоқпыз.
-Келіп алып кетіңіз, барып рәсімін істейміз.
-Өздеріңіз келіңіздерші, таксиге төлейтін ақшам жоқ.
-Ақшаң жоқ болса несіне шақырып тұрсын, көме сала салмайсыздарма, -дей беріп телефон тұтқасын тастай бергенде, қасында әңгіме куәгері болған қажы шал араласып, молда қолынан телефон тұтқасын тартып алып:
-Қазір келем балам, адресінді айтшы.
Қажы сол күннен бастап мешітте көрінбеді. Мүмкін сырқаттанып қалған шығар. Кім біледі не болғанын. Әйтеуір екінші рет қарасын көрсетпепті.

Түйіндісі. Үлкен шалымыз араласпаса түк болмайтын секілді.

P.S. Молда мешіттен қуылды.
neoaskar
Молданың бұған қатысы не?
bake
Молданы қуған қажы шал болғаны ғой. Үлкен шалымыз (барлығымыздың үстінен қарайтын) кадрларын бір тазартып шықса. Сөзбен емес. Іспен. Ең жоқ дегенде бағуында отырған «министрінің» сөйлейтін сөздеріне жазып беріп отырса. Саясат өз алдымен. Халық алдында шыққанда сөзі дұрыс болса.
Молдаға айтылған сөз: «молданың айтқанын істе, істегенін істеме», мұнда керісінше, министрге "ісің қисық болса да, сөзің түзу болсын" -деп айтып жіберсе ғо…
neoaskar
е, қайта үлкен шалдың айтағымен жүр ме деп қаламын ғой, әйтпесе, жөні түзу адам осылай айта ма. Сөзінің бір мәні жоқ, неге көтергенін де дұрыстап айта алмай отыр ғой, сауатсыз.
neoaskar
Бұл 63 соңында жайында қалады-ау. басқа бір түрлі заң шығып соны қолдап, мынаны ығыстырып жібереді. мүмкін басқалай, әйтеуір жақсы болмады. Әйелдерді 55-те пенцияға шығару керек басты қатырмай. Жап-жас болып алып, жұмыстың ауырлығын білмейді ғой. біздің ауылға жіберсінші, азаннан кешке дейін 63 жасына дейін жұмыс істетіп қояйын. сосын көрсін 50-ден кейін пенция шығар деп айқайлар,…
torgai
Бәрінен де, ауылдарды аралап түсіндіру жүргізгенде айтқаны жаға ұстатады. Бір кісінің «25 мың жалақы аламын. Онымен 3 млн теңгені қалай жинаймын?» деген сұрағына министрдің жауабы «Ондай аз жалақы төлейтін жұмыста істегеніңе мен кінәлі емеспін» дегенге саяды. Сонда, мемлекеттік қызметтің бәрінде орташа жалақы 50-60 мың десек, бара-бара онда ешкім қалмайтын сияқты ғой.
torgai
Патамушта-патамушта деп тұтығуының мәні — "Өйткені, ол солай бекітіліп қойған баяғыда. Мен жай ойыншықпын" дегенді ашық айта алмағаны шығар. Кім білсін бірақ.
bake
Дөп үстінен бастың
torgai
Марченкоға атылған жұмыртқа, Әбденовқа тиді. Айран ішкен құтылып, қаспақ жеген тұтылды деген осы.
daugozhek
халық жабайы, біреудің көті ашылып қалса сұғып кетуге мүдделі бәрі
Abilakim
Офистік жұмыстардағы қатындардың қуанып жүргенін көріп жүрміз. Өндіріс орындарындағы әйелдерге қиын ғой.
torgai
Әрине. Балет билейтіндердің 63-ке дейін секіріп жүргенін елестете алмаймын.
bizbike
мен де жасаймын офисте, бірақ менен қуаныш белгісі байқалмайды, неге?
torgai
Патамушта-патамушта
bizbike
жұмыртқа лақтыратын смайлик жоқ екен, әттең
Janasil
Біреу қинап осы мәселені мойнына беріп қойғаны көрініп тұр.
bake
министр деген атақ үшін шыдай тұрайын дегені…
Tyulpan
әйел адам зейнетінің қызығын қашан көріп үлгереді сонда? өзі 63-те болса сол кезде? жалпы, алға озып кеткен мемлекеттермен өзімізді жалаң салыстырғанды қою керек қой? а то «арыстан айға шауып мерт болыпты» болады… біресе зейнетақы қорына пайызды өсірейін дейді, біресе әйел адамдардың зейнетке шығу уақытын өсіреді...

ал жұмыртқа лақтыру туралы айтарым, ол мәдениетсіздік. басқа елдегі жұмыртқа лақтыратындарға еліктеп қажет емес менше. жабайылық — ол жабайаылық болып қалады…
Tyulpan
блиииииин бізге қырғыздар күліп жатыр. кто круче: патамушто, патамушто или зима не будет деп...қырғыздар сияқты ақылсыз амалдар жасамасақ екен. солардың президентінен бастап қызық кісілер өзі )))
omarbirat
Зейнетке шығуға неге асығасыңдар, зейнетке шыққан соң, ауырасындар, сосын, тез өлесіңдер.
Сөзінің жаны бар сияқты. Зейнеткерлікке шыққан соң, әкем 10, шешем 20 жыл ғана өмір сүрді.
torgai
Зейнетке шыққан соң да еңбек ете берсін. Кімге қалай ол.
omarbirat
Толық айлықпен жұмысқа алмайды ғой сол. Ғылыммен айналысып жүргендер мен шенеуніктердің жағдайлары сәл басқаша. Пенсия алу әйтеуір жұмыссыз қалса да тиынсыз қалмаудың кепілі ғана болып тұр.
omarbirat
Бұрындары пенсияға шыққан шал-кемпірлер үйлеріндегі малы бар, бақшасы бар, сондай бірдеңелермен айналысып жүріп, айлық алатын жұмыс істемейтіндері білінбейтін. Қалада тұратын шал-кемпірлерді аяймын. Пенсияға шыққан соң істеп жүрген тіршіліктері пенсияға шығып, шалқып өмір сүріп жүр деуге келмейді. Ауылдағылар күнделікті күйбең тірліктерімен бойларына қан жүріп, содан ширақ боп жүреді. Қаладағылардың істейтін ештеңелері жоқ қой. Пенсиядан соң да жұмыс істеп жүргендер көп адамдарды көріп жүрмін.
omarbirat
Қаладағылардың істейтін ештеңелері жоқ қой.
Дачалары барын есепке алмағанда. Оның өзінде олар да көп емес.
Tyulpan
жұмыс болғанда, қара жұмыспен салыстырмау керек қой. мысалы 59 не 60 жастағы әйел адам жұмыстан қысқарып қалды делік. одан кейін оны жұмысқа кім алады? денсаулығы аз, әзер жұмыс істеп жүрген кісілер бұл хабарды естігенде жылап та жіберіпті.(( қанша айтқанмен елімізде тұрмысы жақсылардың санына қарағанда, «шықпа, жаным, шықпа» деп отырғандардың саны көбірек қой.

батыстан алатын нәрселер бар, алмайтыны қанша…
ал сіздер… жұмысқа жегіп қойғыларыңыз келеді…
temir1986
Бала тумаған, бақпаған, (нянка баққан) орындықтың (көкелердің) арқасында жұмысы жүріп жатқан, барлығын интернеттен ала салатын мықтыбайлардың арқасында осындай күйге жеттік.
satibaldi
Tyulpan былай деп қыт-қыттапты:
59 не 60 жастағы әйел адам жұмыстан қысқарып қалды делік. одан кейін оны жұмысқа кім алады?
Міне нақ — адам өмірін зейнетақыға дейінгі және зейнетақыдағы кезеңге бөліп, бейсана деңгейде адамдарды өлімге дайындайтын қоғамның міскіні! Адам 59-ға, 60-қа, 90-ға келсе не болыпты сонша??? Бәлкім, бірден зиратқа көшірерсіңдер?
Керісінше, болашағын ойлайтын адам ертерек қамданады. Сервистік қызметтегі адам жетіспеушілігі толығымен жойылады. Көптеген адамдар жеке кәсіпкерлікке бет бұрады. Ол — қосымша салық, өзіне де қосымша қаражат.
Және не ғой, херметті зомбирмендер, жалпы, шындарыңды айтыңдарш: реформа жобасындағы «зейнет жасы ұзартылад» дегеннен басқа бірдеңе оқыдыңдар ма өздерің?

Әбденов жасасын! Жұмыс істеңдер, ептібайымайдтар!!!
Соңғы түзету:
Tyulpan
 үшеуінің қайсысы жазды екен мынаны? не ғой, Сатеке, патамушта патамушта
konvict
Көп тобыр «зейнет жасы ұлғаяды» екен дегенді естіп, билікті жақтырмайтындардың айтағына ілесіп кеткен тәрізді. Мойындаймын, «зейнат жасы ұзартылады» дегеннен басқа ештеңе оқымаппын. Сондықтан, әлі дүрмекке ілескім келіп отырған жоқ.
Erasyl2
Бұл министр күлкіге айналды ғой. Көпшілік түсіне бермейтін статистикалық ақпарат айтып құтылып кету керек еді.