"Шегініс" түрік сериалы 31 арнада!
Жолдың ақыры ма, жаңа өмірдің бастауы ма?
Сіз күйеуіңіздің қайда екенін білесіз бе? Мен де осы сұраққа әрқашан жауап бере алам деп ойлаған едім. Бірақ бір күні мен білуге тиіс емес бір жайттң бетін аштым. Мен сіздерге жаралы жүректер мен достық туралы оқиғаны баяндап берем. Менімен бірге осы жолды жүріп өтуге дайынсыз ба?
Менің атым Айлин. Қарапайым, бақытты әйел едім, жұмысым, бақытты да бақуатты отбасым мен Селим атты күйеуім бар еді. Біздің отбасымызда әрбір әйелдің бақыты үшін қажеттінің бәрі болды – махаббатқа, сыйластыққа құрылған шаңырақ, түсіністік. Мен күйеуіміз екеуміздің арамызда ешқандай құпия-сыр жоқ деп ойлап келдім, менен бақытты жан жоқ еді… Құдайым-ай, мен қалай қателесіп келгенмін.
Менің бақытты да тыныш өмірім бір сәтте өзгеріп кетті. Дүние теріс айналғандай. Бәрі де күтпеген жердер болған еді. Бірде таңертең күйеуімді әуежайға шығарып салдым. Екеуміз бір-бірімізбен қимай қоштастық. Содан соң Селим отырған ұшақ әуе апатына ұшырады деген қаралы хабар жетті. Апатта тірі қалған адам жоқ…
Өмірім тоқтап қалғандай… Айналадағы адамдардың бәрі бұрынғыша қуанып, көңіл көтеріп өмір сүріп жатты. Ал мен өзімді күйеуіммен бірге өліп кеткендей, тек қана құр сүлдерімді сүйретіп жүргендей күйде сезіндім. Ойымда тек күйеуімнің мәйітін қайтарып алып, жер қойнына тапсыру ғана болды. Ең болмаса бейітінің басына барып тұрармын деп ойладым.
Осы кезде маған әуе компаниясының қызметкерлері таңғаларлық жаңалық хабарлады. Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының тізімінде Селим жоқ. Сол кездегі қуанышымды көрсеңіздер ғой, ол тірі, қайда болса да дін аман. Енді мен күйеуімді табуға тиіспін. Осы оймен әуежайдың бейне бақылау камерасын тексеруге кірістім. Камерадан көрген жағдай мені тіпті есеңгіретіп жіберді. Сүйікті күйеуім бөтен әйелмен кездесіп, әуежайдан шығып кетті. Күйеуімнің өлімін есту мен мына жағдайдың арасында айырмашылық бар-жоғын біле алмай дал болдым…
Селимді қайдан табам, мына әйел кім? Ештеңе түсінер емеспін, не болып жатқанын біле алмай қалдым. Күйеуім қайда деген сұраққа жауап іздеймін деп нені басымнан өткермедім. Иранға тұтқынға да түстім. Бірақ тағдыр деген қызық қой. Мен ол жақта өзімді-өзім табуыма көмектескен бір адамды жолықтырдым. Ол маған: «Айлин, қош бол деп айт! Сенің жаңа өмірің басталады,» — деді.
Мен сіздерге жаралы жүректер мен достық туралы оқиға баяндап берем. Шегініс. Сіз осы жолды менімен бірге жүріп өтуге және шындықты білуге дайынсыз ба?
2 пікір