Елдер мен ұлттар ерекшеліктері
Үш апта бұрын тапсырған сессиялық емтиханда қызықты тесттердің бірі «Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясына кіріспе» пәнінен болған шығар. Содан қысқаша үзінді, алып-қосқандар да бар:
Ағылшындардың санауынша, адамның мінезіндегі негізгі құндылық — өзін өзі байсалды ұстай білу! Саяси ұстанымдары консерватизм. Қазақтар сияқты шәй ішкенді ұнатады;
Америкалықтар даралықты жоғары бағалайды, адамдар арасындағы өзгешелікке үлкен мән береді, бостандық құндылығын қадірлейді, барлығына уақыт үнемдейді, барлығына да үлгергілері келеді, кез келген салада бәсекелескенді жандары қалайды, тәкаппарлықты жақтыртпайды, артық әңгімеден гөрі, бірден іске көшкенді жөн көреді. Дегенмен, әңгіме барысында үнсіздік пен үзілістерді де ұнатпайды, кез келген жерде пікір айтудан жалықпайды;
Немістер тақуалы, нақты мақсат қоюды, ширақтықты, кез келген салада жоспармен, кестемен жүргенді ұнатады. Олардың түсінігінше, кешігу – сыйламау;
Арабтар комплиментке батқанды, ризашылық пен назар білдіргенді жақсы көреді және әріптестердің көзінше белгілі бір қызметкерді жамандамайды, олардың санауынша бұл әдепсіздік;
Француздар іске бірден көшпей, өздеріне қызықты сұрақтарды әңгіме барысында қозғағанды жөн көреді, ортақ тақырыптар арқылы іске көшеді. Әңгіме дүкен құруды біледі, қазақтар сияқты анда-санда кешігіп тұрады. Аңқаулықтары мен арамдықтары бірге жүреді. Өмірге деген көзқарастары жеңіл. Ел таңбасы Лалагүл;
18-нші ғасырдан бері талғам астанасы Париж болып саналады;
Орыстар жомарт, көңілшек, достарымен ақ дастарханда қазақтар сияқты ақ ішкенді жандары қалайды;
Испания мен Латын Америка елдерінің халқы қызба болып келеді, оларды «қой дим, ауырып қаласын» деп қана тоқтатуға болады.)
Ирландықтар әлемге достыққа адалдығымен, беріктігімен танымал;
Жапония мен Қытай мәдениетінде адам — табиғаттың бір бөлшегі іспеттес;
Финляндия мемлекетінде гендерлік саясат жоғарғы деңгейде;
Араб елдерінде керісінше;
Арабтар үшін тавтология – журналистер үшін тавтология сияқты;
Жапония мен Англия елдерінде бала тәрбиесі стилінің айырмашылығы жер мен көктей;
Америкалық зерттеуші Р. Уивер екі мәдениеттің құндылықтары мен менталитеттерінің қиылысуын «екі айсбергтің түйісуі» деген екен;
Англияда тұрғын үйлердің бағасы жатын бөлмелерінің санына тікелей байланысты;
Алманияда жаңа үлгідегі қымбат көлік, жылжымайтын мүліктен де маңыздырақ;
Аргентиналықтардың ұраны «Өз үйім — бөз үйім». Қабырғаларына тәрелке іліп, ескі үлгідегі жиһаздарды ұнатады;
Итальяндықтар үшін жанұя/отбасы дәстүрі бірінші кезекте. Үйге деген көзқарастары аргентиналықтардікіне ұқсас. Артық түсті жақтыртпай, түстер үйлесімділігіне көп мән береді;
Италияда, Венгрияда Францияда бақытгүлі бақытсыздық нышаны іспеттес;
Жапондықтар күріш пен шикі балық жегенді ұнатады. Олардың диетасы жүрек ауруын болдырмас үшін қолданылады. Елдерінде ақ пен сары түсті гүлдер, сағат, шайпұл беруге болмайды;
Үндістер таңғы астарын түнде дәмдеуіштерге, шөп қоспаларына, тұздыққа салып қояды. Және олар сиыр етін жемейді;
Үндістан мен Тайландта көзді қысу кемсіту болып саналады;
Мексикада қызыл гүлден гөрі, ақ гүл табыстаған жөн, өйткені қызыл түс олардың түсінігінше қан мен өлім белгісі;
Қытай мен Түркияда керісінше, ақ пен көк түстерден гөрі, қызыл кеңінен қолданылады;
Алманияда қалампыр тұрақтылық пен адалдық белгісі;
Малайзияда адамға қаратып саусағыңды сілтеуге болмайды. Бірдеңе қабылдасаң тек оң қолмен немесе қос қолмен ғана болады;
Сингапурда сағызға заң бойынша тыйым салынған;
Жылдам сөйлеуді талап ететін тілдерге роман тілдері: француз, румын, молдаван, сігән жатады;
Еуропалықтар америкалықтардың дауыстап сөйлейтінін жақтыртпайды;
Батыс мәдениетінде әңгімелескенде көзге тіке қарау сыйластықтың белгісі;
Жапондықтар түрткенді, орынсыз құшақтағанды агрессия ретінде қабылдайды, амандасқанда бас изеу олар үшін жеткілікті. Сосын олар «жоқ», «жасай алмаймын», «білмеймін» деп тіке айтпайды. Жапондықтар үшін көзге тіке қарау шарт емес, олар үшін үнсіздік пен тыныштықты сақтау — күш пен ер-азаматтықтың белгісі.
содан кейін біздің де басқа мәдениет ерекшеліктерімізге түсіністікпен қарайды. отырған жерлерінде салыстырып, зерттеп отырады.
сонда қалай, жылдам сөйлемесе болмайды деген сөз ба «талап етеді» деген?
еуропалықтарда итальяндықтардың қалай дауыстап сөйлейтінін көрсеңіз ғой? 2-уі ғана отырып, бүкіл залды бастарына көтереді )) олай сөйлеген маған да ұнамайды ))