Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп...

Зайсан ауданы, Қалихан елдімекеніндегі Ақжон жайылымында байыс тұқымды саулықтар төлдеп жатыр. Жартылай қылшық жүнді, қысқа, құм мен шөлге төзімді, қоңын мойны мен сүбесіне жинайтын байыс қойлары үшемнен тууда. Қара Ертістің бойындағы Ақжон жайылымына барып, керемет көріністі тамашалап қайттым.

Атам қазақта сиыр егіз туса біреуін туған-туыс, көршісіне сыйлаған, ал жылқы егіз туса жамандықтың белгісі, соғыс болады деп сенген. Ал қойдың егіз тууы жақсылықтын нышаны болып саналады. Шаруа қожалық жетекшісі Жеңісбек Кәрібаев:

-Бас-аяғы 1650 қой бар. Бір айға жуық уақытта 800 бас қойдан 1010 қозы алдық. Алдағы уақытта енді екі жүзден астамы төлдейді. Қозылардың кейбірі қоңырқай түсті болып туылғанмен, екі жарым айдан кейін ақ түсті болып шыға келеді. Ақ түс бояуға да ыңғайлы, сол себепті қолынан іс келетін адам бұл қой терісін пайдаға жарата алады, — дейді.
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Тоғыз саулықтан туған жиырма жеті қозы аяғынан тұрып, ойнақтап жүр. Қой екі емшекті болғанмен, сүтін үш қозысына да жеткізеді. Алдымен екі қозысын тойдырып алып, ұзақ уақыт өтпей тыпыршып тұрған үшінші қозысының жанына барып емізгені — көрген адамның мейірімін оятып, сүйсіндіретін керемет көрініс. Сол көріністерді сіздер де тамашалай отырыңыздар:

Тууға дайындық :)
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Басы шықты:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Қозының басы шыққаннан кейін…
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Қозысының үсті-басын тазалап жатыр:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Бірер сәт бұрын қорғансыз болып жатқан қозы арада ұзақ уақыт өтпей ойнақтап шыға келеді екен:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Сақманшылар қозыны көтеріп алып, көлікке апарады:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

«Анасы» мен «баласын» көлікпен туылған қозылардың жанына апарады:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Үшемдер:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Қызыл «галстукті»қозы:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Бірі маңыраса, бәәәрі маңырайды :)))))))))))
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Қоңыр қозы:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Олар сондай сүйкімді:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

"Қалды" қозы:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Бір-екі апталық ғұмыры болса да, көргеннің көңілінде қалатын әдемі дала гүлдері:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Осылайша күнді де батырдық…
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...

Тақырыпқа қатысы жоқ сурет:
Блог - ademi_alem: Қой сүйеді баласын қоңырым деп...
Бөлісу:

62 пікір

ademi_alem
Тіршіліктің бір күнін сіздер де тамашалай отырыңыздар
Nurshat
Зәрина, фотолар қойлы ауылды еске түісірді. Қиял қиырға кетті. Пештің түбінде көгенделген қозылар, иттің мазасыз үрісі, қошақандардың енесін көп еміп, құйрығына поқ қатып, «тышқақ» болған кейпі… ауыл жақсы ғой «кой» көп болса)
ademi_alem
))))) Ия, дұрыс айтасыз. Жақсы әсер алдым көрген көріністен, әсіресе бәрі бір уақытта хормен маңыраған дыбыстары қызық сондай. ))
Daniar-Alan
Зарина, видеоблоггингке көшшиш. қолыңнан келед.
ademi_alem
Толығырақ айта кетсеңіз… Мен көп нәрсе түсінбеймін. Соңғы уақытта кей көріністерді түсіріп жүрмін, соны орналастыруды да білмеймін ғой ғаламторға…
Daniar-Alan
нуу видео блог ))
ademi_alem
)))))) ваще күшті түсіндірдіңіз! Түсіндім!
Tyulpan
видиктен қойдың босанғанын көрейін деген ғой )))))

қойлар, қозылар шулағаны «Абай жолын» еске түсіреді маған. бір суреттеген жерлері бар ғой — солары ))
іссапармен бардыңыз ба, әлде жай сапар ма? ))) қара қойлар жоқ па сонда? )) 3-еуден босанатынын оқып, таң қалудамын ))
ademi_alem
Ақ түсті қойлар түгел дерлік.
іссапармен бардыңыз ба, әлде жай сапар ма?
Алдағы уақытта көлемді шығарма жазу ойда бар. Сол жаққа барып көпті көрген қариялардың әңгімелерін тыңдап қайттым 3-4 күн болып. Кәрібаев Жеңісбек ата тағдырлы адам, оның айтқан әңгімелерін көзге жас алмай тыңдау мүмкін емес. Есті әңгіме тыңдап, табиғат тамашалап жақсы әсер алып қайттым. ))
Tyulpan
қойлар туралы көлемді шығарма жазайын деп жатырсыз ба сонда? ))
ademi_alem
Жоқ. )) Қара Ертіс бойындағы халықтың өмірі ашаршылық жылдарынан бастап…
bizbike
қалды қозы суреті әсерлі болып шыққан. Негізі енесі мен төлі дейтін сияқты еді, сосын қой туа ма қоздай ма? Зарина суреттерің тамаша! Сахманшы деген кім?
ademi_alem
Сахманшы — қой төлдеген кезде көмектесетін адамдар.
Nurshat
Қай өңірдің атауы?
Daniar-Alan
ортақ қо білуімше. Бізде бір ақ әріп өзгеріс. СақПан дид
bizbike
шамасы сақ деген төркіні, солай ма? күзетіп жүреді иә төлдейін деп жүрген малды
bizbike
САҚПАH IТөл алу кезiндегi қойшылаpдың жәpдемшiсi. Сақпанға жоғаpы класс оқушылаpы баpады (Бейсенова).
САҚПАH II көне.Тас атуға аpналған ойыншық құpал. Ол сақпан тасындай атылды (Сматаев).
ademi_alem
ой, ой менен қате кетті. «Х»-ны "Қ"-ға жөндеп қойдым. Түзеткеніңізге рахмет!
Соңғы түзету:
kokbori
Негізі біздің жақта сахман деп атайды, сақпан деп тас атуға құралды. Торғай ата ма білмейм, сондай бірдеңе
ademi_alem
Біздің жақта да сахман дейді екен.
bizbike
біздің халықтың да әдеті бар Ақтөбені Ахтөбе дейді, неге екен? Атырауда ағаны ақа дейді
ademi_alem
Атырауда ағаны ақа дейді
қалай қызық )))
Tyulpan
Шымкенттің «хафа воф қалдың ба?» дегеніне ұқсайды кен ))
Abilakim
Сақман деп айтады біз жақта… қой төлдейтін мезгіл ғой. Сақманшы- қойшының көмекшісі, яғни, төлдейтін маусым кезінде арнайы жіберілетін адам
Aya
Күшті екен)))) қозылар қандай сүйкімді еді.
Aya
бізде сақыман, сақыманшы дейді.
daugozhek
бізде ақыман аққұман дейд, енді түсіндім не екенін
Aya
айтаотырсаңызшы, түсінбей отырмын?
neoaskar
Мәә, ауылды еске түсіріп жіберді. қой баққан рахат қой, әсіресе төлдеген кезде. талай рет көкем мен нағашыларымның қойларын бақтым. қой төлдеттік. Әсіресе, маңырағандары қатты ұнайды. Дауысын салып шулатып қоятынмын. Қойдың сүті керемет болады. Айраны қою, тез ұйықтап қаласың ішіп алсаң.
айтпақшы мына қойлар Елдібай тұқымы емес пе, біз жақта мәліш қойлар… Елдібай көкемнің үйінде көп болатын. қазір қалмады олардан.
ademi_alem
мына қойлар Елдібай тұқымы емес пе
Жоқ, бұл байыс тұқымды қойлар. Жалпы Шығыс Қазақстан облысында қойдың тоғыз тұқымы өсіріледі қателеспесем. Бұл туралы алдағы уақытта бөлек жазба жазамын.
satibaldi
Бізде «роды» дейді.
VKM
дұрыс айтпайды екен
Marco
Әй, мәләдес, қарындас!!!
Қалдықозының үстіндегі қошақан зыта жөнелуге дайын тұрған сияқты)))
ademi_alem
Сол зыта жөнелмей тұрғанда түсіріп үлгердім ))))
007
біздің үйдің қойлары тек түнде туушы еді,қой туатын уақыттарда түнімен сағат сайын қарап шығатынбыз,,
ademi_alem
Мен ол жайылымға түске қарай бардым. Көз алдымда алты қой әр жерде жатып туды. Қайсысын түсірерімді білмей ары-бері жүгіріп жүрдім. )))))))))
Tyulpan
ең бірінші туғанын түсірдіңіз ба соңгин? ))
студент болғанда бір ауылдағы туыстарымыздікіне бардық та. сүйтіп, әлгі менің ағайындарымның балалары қораның тесігінен сығалап, бірдеңені тамашалап әуре болып жатыр екен. мен де қарайын деп сығаласам, ештеңе көрінбейді. «не қарап тұрсыңдар» десем, қарап, қызып кеткен әлгілер ештеңе айтар емес. содан ары қарап, бері қарап тұрғанда «туды!» деді. сөйтсем бар емес па, сиыр екен туып жатқан. ал мен дұрыс емес тесіктен қараған болуым керек, көре алмай кеттім-ау не болса да ))
ademi_alem
ең бірінші туғанын түсірдіңіз ба соңгин?
Бірінші рет туғанда кейбірі қиналады, өз бетімен туа алмайды. сол кезде адамдардың көмегі қажет. Мен барғанда ондай болған жоқ, бірақ қалай болатынын маған көрсетті бейненұсқасын.
Tyulpan
жоқ, айтайын дегенім, әлгі бәрі синхронно туып туып деген жаман естіліеді, аха? «босанып» деп айтқым келіп кетеді. жатыр деген соң, солардың ішінде қалай үлгеріп түсірдіңіз дегенім ғой ))
ademi_alem
Екеуін ғана түсіріп үлгердім. ))))) Біз қайтқаннан кейін «тағы біреуі үшем туды» деген хабар алдық. Біраз жүре тұрмаппын ғооой деп ойладым. ))))) ия, сол «босанып» деген сөзіңізге күліп отырмын. ))))))
zhanibek
МЕН ОСЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ҚАЗ БАҒАТЫН КІСІНІҢ КӨМЕКШІСІ БОЛЫП ІСТЕГЕН ЕДІМ 12 -13 ЖАСЫМДА АНАМ САТУШЫ БОЛЫП ЕДІ ХАЛИҚАН МАГАЗИНИНДЕ ҚАЙРАНДА МЕНІҢ ЕРТІСІМ!!! ҚАРЫНДАС РАХМЕТ ӨТКЕН БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ЕСКЕ ТҮСІРГЕНІҢЕ АЙТПАҚШЫ МАСА ШЫҚТЫМА ЕРТІСТІҢ МАСАСЫ КЕРЕМЕТ БОЛАТЫН ЕНДІ)))
ademi_alem
МЕН ОСЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ҚАЗ БАҒАТЫН КІСІНІҢ КӨМЕКШІСІ БОЛЫП ІСТЕГЕН ЕДІМ
Ия, бұл шаруақожалық Қазақстан бойынша алғаш болып Ресейден 1000 балапан алып келген. Оны төрт жыл баққан. Алайда құс тұмауы басталған кезде оның көзін жойдырған екен. Сол қаздар мекендеген жердің суы тартылып қалған былтыр барып көргенімде, ал биыл су бар екен, аққулар келіп жүр дейді.

Мынау бір кездері сіз жүрген жердің бір жыл бұрынғы көрінісі:


zhanibek
ма не болып кеткен Ертісті қытай бұрып алгандыктан бул көлшіктер тартылып калғанғой кезінде бұл жерге аққулар келіп балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шулап жатушы еді!!! Ертістен айырылмасақ екен тек
Tyulpan
масаны да сағынатын адам болады екен-ау )))
бір шетелдік айтады да «Атыраудың масасы масалардың ішіндегі ең қиыны, шыдау мүмкін емес. Голландияның да масалары артта қалып қояды» деп ))
zhanibek
туған жердің қар мұзы аязыңмен жуындыр,
туған жердің бал қызы бұрымыңмен буындыр.
туған жердің бұлағы толқыныңмен ат мені,
туған жердің жыланы шырылдатып шақ мені.
туған жердің шеңгелі тырна аямай бетімді,
туған жердің желдері аузыма құй отымды.
туған жердің доңызы қан жосақып жарып кет,
туған жердің қоңызы домалатып алып кет,
туған жердің қасқыры кемір ақын сүйегін.
туған жердің МАСАСЫН сағынамын сүйемін )))
ademi_alem
Авторы өзіңіз бе?
zhanibek
авторы Ж.Бөдешұлы
Tyulpan
Жәнібек, дұрыс кен. жақсы дедіңіз ))
Соңғы түзету:
MickThatsMyNick
суреттерді фотосет арқылы жүктесең жақсы шығады, жазба ретінде жүктесең фотолар кішірейіп кетеді, сосын фотосетке де жүктер алдында суреттер көлемін сәл кішірейтіп алған жөн.
ademi_alem
ааа кеңесіңізге рахмет! Суреттерді мында бірден жүктелмейді менде, сол үшін бірінші Мой мирға жүктеп, сосын содан көшірмесін жасап осы жерге салатынмын. )))))) Енді есте болады фотосет арқылы салуға болатыны
MickThatsMyNick
Компта «Диспетчер рисунков» яғни «Microsoft Office Picture Manager» бағдарламасы бар шығар… сол арқылы да кішірейтуге болады, егер фотосетке де жүктелмей жатса.) ол үшін «изменить рисунок», сосын «изменить размер» дегенді басып, сурет көлемін өзіңнің қалауың бойынша өзгерте аласың:
temir1986
Керім. Осындай шаруашылықтар көбейе берсін.
Nik_01
не деген красавчик пен красавицалар)) тәтті өзері!
Aikona
қозылардың сүйкімдісін аййй
qonyrbai
ademi_alem
Аааааааа тап-тәттісін-аааааййййй
qonyrbai
Биыл жазда түсіргем. Ақыры өліп қалды аштан. Еме алмады.
Ispek92
Неге дұрыс қарамадыңдар?
qonyrbai
Нағашыларым сол дұрыс қарамады. Бір-екі күнде өлді ғо. Сиыры пойыз жолда пойыз тоқтатып, 30 мың теңге беріп әрең құтылған. Басына солай бұлт үйірілген.