ТУ -ТАЛАҚАЙ
Бір аптадай уақыт бұрын kerekinfo.kz блогтұғырында «Жыртылған ту» деген тақырыппен пост жарияланды. Әдетте шулап кететін журналистер қауымы да, ұлтшыл патриоттар да үнсіз. Тек астына 5-6 пікір жазумен ғана шектелген. Айта-айта журналистер, жаза-жаза блогшылар шаршаған сияқты.
Жауапты орындардың да заң шығарумен ғана шектеліп, заңның орындалуына аса бастары ауырмайтынын осы жолы тағы байқадық. Ең өкініштісі, билік қазақ тіліндегі блогтұғырнамаларда жазылып жатқандарға назар аудармайтынын көрсетті. Әйтпесе, ту баяғыда-ақ ауыстырылар еді. Тағы бір "әттеген-ай!" дегізер жайт КеренИнфодағы материалды әдетте қырағы келетін журналистер іліп әкете алмады. Ал, біз күттік. Бақандай бір апта күттік. Өзгеріс болмады. Бәлкім, енді қателік түзетілер…
«Бұл сурет қайдапн шықты?» демес үшін мәселенің мән-жайына да тоқталып өтелік. Бұл фото ОҚО Түркістан қаласында түсірілген. Онда жаңадан мешіт салынып жатыр. Түсірілген суретке сенсек, бас-көз болып отырған Астана қаласындағы Түркия елшілігінің дін қызметтері кеңесі екен. Салсын. Құптарлық-ақ іс. Алайда, бір емес екі мемлекеттің туының жыртылып тұрғаны қынжылтатын-ақ іс. Құр жыртылып қана қоймаған, суретте жұлым-жұлым болып тек жартысы ғана қалғаны анық көрініп тұр. Бұлай жыртылу 1-2 аптаның емес, 3-4 айдың «тірлігі». Яғни сонша уақыт бойы салынып жатқан мешіттің үстінде жұлым-жұлымы шыққан қос ту «желбіреп» тұрды деген сөз.
«Бөрілі менің байрағым»,-деп жырлаған ата-бабаларымыздың ұсақталған ұрпағы бөрімен бірге намысын да жоғалтқан секілді…
Ілмектер: ту
("қазақ қызы шетелдікке байға шығып жатыр", «дүкенде орысша сөйлемедің деп қуып шықты» деген тақырыптар сияқты болып бара жатыр. )
бұл қыз емесқо қыздар қайда шықсада өз еркіндего… бұл ту ҚАЗАҚ елінің белгісі қадірлеу керек
түріктерде шаруам жоқ