Антижуристік өмір салты. 1. Оларды тыңдамау

Баспасөз қызметтеріне өз бетіңше жазылывал!

Журналист бар, журик бар. Журналист жібергелі отырған жаңалығындағы парақор екі мың алды ма, әлде жеті мың алды ма — дәлірек білу үшін тергеушінің көтін сауып, кешке дейін жүреді. Түнейд нақ түрменің алдында. Ал журик болса, «маңыздысы — жаңалықтың фабуласы, ал екі мың ба, әлде жеті мың ба, халыққа бір қой емес пе нақ!» дейді де, жаңалыққа «бірнеше мың» дей салып, үйіне қайтады да, тәтті ұйқыға кетеді.
Табиғат заңы бойынша әрине, нашар адамдар көбірек болады. Ендеше сені де аттың жалын тартып мініп, аттыкіне қазы тығып жей бастайтын саналы ғұмырың басталысымен-ақ, дүрдараз журиктер жалмап жеп кетуге анталап, сығалап аңдып отыр. Қорған! Құлағыңа презерватив киіп жүрсең де артық емес!


1) Ешқашан, ешқашан журиктердің айтқанына сенбе! Маңызды емес-ау дейтін жарнамалық материалына да сенбе. Себебі жаңалықтар — дүниетанымды қалыптастыратын паззлдардың тастары. Болмашы қисық тас — әлемнің үлкен картинасын қалыптастырар кезде барлығын опырып кетуі мүмкін. Ол кезде сен, баяғыда Қазақстанды жер аумағы бойынша бірінші орында тұр деген журик кім екенін есіңе түсіре алмайсың. Қолыңда қалатыны — тест кезінде бірінші орында тұр деп жауап берген өкінішің мен лоқтың ащы тағдыры ғана.

Қайтпек керек? Дегенмен ел тынысымен таныс болып отыру керек қой? Саспа бауырым! Бір амалы табылғандай. Ол былай.
Елдегі барлық министрліктердің, комитеттердің, агенттіктер мен басқа да органдардың, ұйымдардың баспасөз хатышларына төртбу хат жіберіп, электронды жаңалықтарына жазылып ал!
Ой лібәә, енді Иса Мәсіх Жаңа Өсиетпен түскендей көзің шайдай ашылад деп айта алмайм, бірақ журиктермен бірге келетін субъективизм, әсірелеу және толып жатқан әдеби трюктерсіз таза жаңалық алып отырасыз. Қандай рақат! Ол ештеңе емес, сол жаңалықты журье жариялаған кезде қалай өңі айналатынын көріп, кім қай топтың сойылын соғатынын да анық көресіз.

Сонымен, антижуристің бірінші қадамы — баспасөз қызметтеріне өзің жазылып ал! Журьеге өлім келсін!!!
Келесі әңгіме — ақпаратты камералды тексеру.
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
иә, рерайт ісін де істей алмай жүр журиктер. университетте әлде мұндай нәрсені үйретпей ме екен?
Marco
Рерайт негіздері деген сабақ жоқ)))