Әйелдерге не керек?

Әлеуметтік желілердің бірінде көрген нәрсемді сіздермен бөліскім келеді. Мүмкін тың нәрсе емес болар, дегенмен қарапайым болса да маңызды ақпарат.

Әйелдерге 3 нәрсе ғана керекті. Бұлар ешқандайда еркектің байлығы, жаһұт тастар немесе мәңгілік жастық емес. Шын мәнісінде оларға керекті нәрселер ойлағанымыздан қарапайым және сүйкімді нәрселер.

Блог - Medium: Әйелдерге не керек?

1) Жақындық.
Әйелдер еркектерге қарағанда сөйлесуге бейім, өйткені қоғаммен араласқыш. Оларға сырласу, махаббат туралы фильмдер ұнайды. Олар еркектің ойында және жүрегінде не бар екенін білгілері келеді. Сондықтан да жиі телефон соғып "Қайдасың" деп сұрап тұрады. Қайда жүргендерін тексеру үшін емес, олар бар болғаны сөйлескісі, өзі туралы не ойлайтынын білгісі келеді. Әйелдер негатив эмоцияны сөйлей-сөйлей бастан кешіреді. Еркек өзін жаман сезінген кезде жалғыз қалғысы келеді, ал әйел оны сөйлеткісі келеді. Біз еркектер оларды тыңдауымыз, сөйлесуіміз, құшақтауымыз керек.

2) Алғыс.
Әйелдер өздерінің әр ісі үшін алғыс, мақтау естігісі келеді. Әр дайындалған тамаққа, әр жуылған шұлыққа, әр үтіктелген көйлекке. Оларға біздің сұлулық туралы айтқан комплименттеріміз, басқа қасиеттерін бағалауымыз, әр ісін мақтауымыз ұнайды.

3) Қауіпсіздік.
Бәрінен бұрын әйелдер өздерін қауіпсіз сезінгілері келеді. Олар тез ренжігіш және нәзік. Кейде сыртқы келбеттеріне қарап оларды күшті, мықты деуіміз мүмкін. Бірақ та олардың іштерінде қорғанысқа мұқтаж кішкентай, нәзік қыз жатыр. Мұнсыз олардың әйелдігі қалмас еді. Оларға орын беру, есікті ашып беру, сөмкесін көтеру ұнайды. Мұндай қамқорлық үшін олар еркектерді сүюге, мақтауға, ардақ тұтуға дайын.
Бөлісу:

11 пікір

asaubota
дұрыс. бұдан артық не керек!
Abilakim
Әйел мына үш сұрақты күйеуіне қоймаса сөзсіз бақытты болады
1) Қайда барасың?
2) Қашан келесің?
3)Қайдан келдің?

Әйелдерге бақытты болу қиын емес.
bizbike
жазған бір де бір сұрағыңызды қоймаса, сіздің әйеліңізге бәрібір деген сөз. жақсы емес, жақсы емес
torgai
Рас, іздемесе — спрос жоқ деген сөз. Спрос болмаса товарный вид жоғалта бастағаныңыз. Олай болса өзің жайлы ойлану керек дұрысы
VKM
мына сұрақтарды қоймаса, онда ол әйел емес. Ол-робот)))
bizbike
Көп еркектердің ойынша қыздар олардың ақшасын ғана керек етеді, ондай әйелдерсіз де болмайды ғой енді, бірақ әйелге керегі сіздің оған сүйеніш болуыңыз, сол ғана, артық та емес, кем де емес.
BOLATagai
Расстрелять.
VKM
-Танысайық)))
Цветок душистых прерий
Лаврентий Павлович Берия
-Иосиф Виссарионович Болатағай)))
neoaskar
Әйелге өзінің еркегі ғана керек.
aza
Өзінің еркегіне кім керек?