Хард-әдебиет. Давид Мұқанов. "Көкше"

60+

Давид Мұқановты біздің алқаш ақындар мен пяншік прозаиктер салып алған сүрлеуден басқа жол тапты деп айту қиын. Сол баяғы қатардағы сарын: цистерна-цистерна ішімдік, оқырман көзайымына айналған кісі өлімі мен майып болулар. Бірақ кейде Давид өлтірген кейіпкерлерді өзіңнің де өлтіргің келіп отырғаныңды байқап қаласың. Міне, Давидтің қаламы осы жерден ұтады: оқырман кейіпкерді отқа күйдіріп, қазыққа қағып не дарға тартқысы келіп отырған тұста, ол да осыны сезгендей, кейіпкерін буындырып өлтіре қояды. Қараиық прозашымыз Давидтің сондай бір тырнақалды және қолтықэпиляция шығармасын назарбтарыңызға ұсынуды жүн көрдік. Шешесстің.



Давид Мұқанов. «Көкше»

Көл жағалауының мазасын кетірген бұл екеудің Бурабайды қонақтағанына үшінші күн болса да, естері кірген жоқ. Құдды өлім жазасына кесілгендерді ақырғы үш күндеріңді армансыз өткізіп келіңдер деп қоя берген сияқты. Тіпті жағажай әкімшілігі бұлармен сау күйінде сөйлесіп көру үшін — кафелерді жаптырып көріп еді, бәрібір болмады: бұл малатаңанәлеттер өздерімен бірге туристік тоңазытқышпен 11 килограмм окорочка мен 25 бөтелке арақ ала келіпті.

Ааа, иә айтпақшы нақ: жергілікті демалушы қауым осында демалып жатқан, бет-жүзі балаларға әліппеден бастап газеттен таныс халық жазушысын қолқалап көрген. Сізді танып, сабаларына түсер, басу айтып көрсеңізші деп. Ол да мас боп тұрды ма, әйтеуір тез келісе қойған. Сөйтіп, мына екеудің жататын үйшігіне ақыл айтуға кеткен. Аздан соң қайтып келіп… дереу көрпе-төсегін, кәкір-шүкірін жинады да… ана екеудің қасына көшті де кетті! Тоқетері, енді мазасыз дуэт әп-сәтте трио бов шыға келді. Тал түсте көк түтін қылып кәуап істейтін, жұрт суретке түсіруге таба алмай жүрген тиіндерді тас атып қуатын дауылбайлар енді үшеу болды.

Кеше әлгінің біреуі Щучинскіге кетіп қалған кезде демалушы жұртта үміт шоғы пайда болған. Сол жерде бірдеңеге ұрынып, қамалып қалса екен деген. Жоқ. Кешке қарай алты банкі бояумен келді. Келді де, әлгі халық жазушысы мен кішісін жұлқылап оятып алып, көлге қарай беттеді. Жағалауға жеткесін қойтастың үстіне шығывалып, салтанатты сөз сөйледі:

— Жігіттер! Анау Жұмбақтаста Мира мен Саяттан, Оля мен Петядан қандай естелік қалғанын көріп тұрсыңдар! Біздер де атымызды ойып жазуға тұратын адамдармыз деп есептеймін!!!

— Дұсс! Дұсс! Өтте дұсс! Қолдайм! Қарар — қараусыз-ақ қабылдансын! Фішшшш! Браво! — деді шала мас халық жазушысы шапалақтап.

— Ыыыыыбаааааа шешесс, гардобды жармаш, не істейін деватсың э? — деді екінші жігіт те есалаң күйде кеңкілдеп.

— Атымызды жазамыз дейм!

— Ендеше не тұрыссс??? Мәңгілік пен тарихқа қашалып жазылып қалу үшін — алға, жолдастар! Қолдайм!!!

— Ыыбааа лібә, геттік шешесс онда, ммуах-ха-ха-ха-ха-хаааа!

Айтылды-бітті: Қолдарына екі банкіден ұстаған үшеу дереу катамаранның біріне жармасып, қонжиып отыра қалысты. «Час — пятьсот тенге...» деп жетіп келген тыржалаңаш орысмәмбетке халық жазушысы: «какой разговор біртишкі, мә безздаш — жарты сағатқа!» деп, тұтас бесмыңдық ұстата салғанда, анау ақшаны алып, тіл-құлақтан айрылып, безіп кетті.

-Аға жолыңыз үлкен, алдымен сіздің атыңызды жазамыз! Сосын анау дауылбайдың. Сосын — менің!

— Дұсс! Өтте дұсс! Қолдайм! — деді жазушы педальді әлсіз аяқтарымен жаншып-жаншып айналдырып қойып. Ебедейсіз қимылдарынан арасында тізесі иегіне тиіп кетіп жатты.

— Гет-әәәәй білә, өзіңді екінші жазсайш, мені соңғы жаз! Плюс деп жазба айтпақшы, лібәә, «Сағитжан+Кенжебай+Уәли» деп қойсақ ше гардобды жарып, ммуахха-ха-ха-ха!

Абыр-дабыр үшеу Жұмбақтасқа жақындап келіп, банкілердің ауыздарын ашып, шөткелерін малып жіберіп, тастың ыңғайын тауып, енді жаза бастағанда…

— Э білә! — дегендей болды Көкше.

Зәресі ұшқан үшеу жым бола қалды. Аз уақыт тың тыңдап, жазуға қайта кіріспекші болып еді:

— Жұмбақтаспен тастарыңды үйкейін бе! — дегендей болды Көкше.
— Шыршаға көттеріңді сүйкейін бе! — дегендей болды Көкше.
— Беттеріңді есекке сүйгізейін! — дегендей болды Көкше.
— Жылатып, қан сигізейін! — дегендей болды Көкше.

Бұтқа жіберген үшеу еріктен айрылып катамараннан құлап, суға күмп-күмп берді де, көмек сұрауға да үлгірмей тұңғиыққа кете берді. Тек жазушы ғана суға толы аузымен: «Дбұсс! Дбұсс! Қолдбайбм! Бдөтте дбұсс...» деуге үлгерді…
Бөлісу:

12 пікір

Adiletshu
 бір кісі есіме түсіп кетті
asaubota
жұмыста напряженкада отырып, күлмеу үшін өзімді әзер ұстап отырмын
Medium
Соңғы жағын түсінбей қалдым.
ademi_alem
Тауға тіл бітіп «Табиғатиты аяла!» деді. )) Ал жазушы жеке пікірі, өз ойы жоқ, екіжүзді. солай түсіндім
Соңғы түзету:
bazuka
Kulkiden olip tirilgen sary domalak)))))
Erasyl2
Дұсс! Дұсс! Өтте дұсс!
asaubota
Бурабайға бара жатып еске алдық кеше