Менің /және почти барлығымыздың/ қателіктерінен сақтандырғым келеді

Мектеп бітірерде бар ғо, қасыңда көзі ашық, саған шын жаны ашитын адам болмағандықтан, көбіміз қазір қалай болса солай өмір сүріп жатырмыз. Біреулеріміз соны түсініп, іштей, сырттай қиналсақ, біреулеріміз «жұрттан кем емеспіз» деп жұбанғанымызға сеніп жүрміз. Айтайын дегенім, неге ғана оқу бітірерде дұрыс мамандық, дұрыс университет таңдамадым деген ойлар ғой баяғы! Өкінем мен, бірақ мен өкінішімді жөндейтін болдым. Осы жылы КИМЭП-ке тапсырдым. Айтып-айтпа, бәрібір, КИМЭП-тан басқа дұрыс университет жоқ қазір Қазақстанда. КИМЭП-ты бітірген менің сыныптастарымның барлығы қазір 130 000-нан жоғары, өте жақсы жерлерде, өз мамандықтрымен жұмысқа тұрды. Таныссыз, тіл білуімен, мамандығын универінде осы заманмен сәйкестіріп оқығандығының арқасында.
Адамға байланысты бәрі дейтінмін баяғыда, ол рас. Бірақ бар ғо, «грант» үшін оқуға түсу деген неткен ақымақтық еді, ия? Грантқа қызықпаңдар балалар, грант «престижный» мамандықтарға өте аз бөлінеді. Оны да тек алтын белгілер алады. Оқудың тегініне емес, қыруар ақша кетсе де сапалысын таңдаңдар!
«Ой, колледж бітірген анау да қазір бай ғо», «Жұмысқа тек таныс керек, сондықтан тек бітіріп алсаң болды», «Рейтинг бойынша, ЕНУ бірінші орында» деген қыңыр сөздерге құлақ аспаңдар! Жан-жақтарыңа қараңдар! Жан-жақтарыңда ондай адамдар кездеспесе, КИМЭП бітіргендермен кездесіңдер, сұраңдар! Жаңа бітіріп те, жоғары жалақы алатын, ұжымда тұлғаны сыйлайтын Алматыда тым жақсы компаниялар көп. Ата-аналарыңызды да аямаңдар! Олардың басты міндеті де сол — сендерге дұрыс тәрбие мен білім беру.
Дұрыс білім — қашанда «роскошь». Ұмтылыңдар соған!

П.С: Мен ғой қатемді дер кезінде түсінген жанмын. Біреулер бәрін қоғамнан көріп, әлі жүр. Шын ниетіммен жаздым, әсіресе башкавик, пысық емес, дарынды балаларға арналады.
Бөлісу:

49 пікір

satibaldi
«Рейтинг бойынша, ЕНУ бірінші орында» деген қыңыр сөздерге құлақ аспаңдар!
AKY жоқ саған
Adiletshu
Кимепті қарапайым өлімділердің қалтасы көтермейді. Оданша қазақтар сварщик, токарь, повар дегендерді оқып алыңдар. Жерде қалмайсыңдар
Nodar
Әділет сварщик болғысы келмейтіндер, басы мен ұмтылысы оған сай емес жандарға арнадым ғо ақылымды. Қарапайым адамдар экономдаса, бар ақшаны баланың оқуына жинаса, кредит алса да, дарынды балаларын оқытсын. Қор қылмасыншы деп жаздым.
Abilakim
Сені «Біздің ғасырдың Абайы» десем бола ма болмай ма?
Nodar
Өзім ЕНУ-ды бітірдім 2012 жылы.
Adiletshu
Саудаға кет. Ақша саудада
asaubota
білімді тек қана сатып алу керек. тегін білім болмайды, жалпы тегін жоғары оқу болмауы керек.
Erasyl2
грант та тегін болып санала ма сіздіңше
asaubota
жалпы грант деген нәрсе де болмауы керек. жоғары оқу орнында екінің бірі оқымауы тиіс. қолжетімі қиын нәрсе болуы керек. сонда ғана шынымен жоғары білім болмақ. біздегі жағдай қалай? тіпті 2 дипломы бар даундар жүр қоғамда. білім роскошь болуы керек деген пікірдемін.
Erasyl2
2 дипломы бар даундардың жүруі білімнің қолжетімділігінен емес меніңше, білім қолжетімді болсын, тек студентке оқу орнынан талап күшейсін. Мысалы сол КИМЕП пен КБТУ-ды атап кетуге болады, коррупция жоқ, тапсыра алмай қалған пәніңді үлкен ақша төлеп келесі жылы қайта оқисың
Nodar
Ия грантқа мен де қарсымын
Tyulpan
жағдайы жоқ, жақсы оқитын балаларға грант керек.
егер білім алу тым қымбат болса, екінің бірі сауатсыз болар еді ғой...((
Nodar
Жағдай жоқ деген сылтау. Кредит бар, финцентрдің оқып бітірген соң 2 жылдан кейін жұмысқа тұрғасын қайтара бастайтын арнайы білім кредиттері бар. Сол ақша тойға десе, ата-анасы табады қалай да. Тек дарынды жетім балаларға грант бөлуге болады.
Nodar
Қазірде де екінің бірі сауатсыз
asaubota
жағдайы жоқ бала алдын ала соған қамданады, бір кәсіпті игеруге тырысады. ал бізде қалай? бәрі жоғары білімді болып, бастық болғылары келеді.
satibaldi
КИМЭП-ты бітірген менің сыныптастарымның барлығы қазір 130 000-нан жоғары, өте жақсы жерлерде, өз мамандықтрымен жұмысқа тұрды.

Осы посттан және басқа да қаззақ муаххалаларынан әлі де — оқу орнының беделі мен материалдық қоры жақсы білім кепілі деген концептуалдық қате мүңкіп тұр. Қызық ұстаным нақ. Менің таныстарым бар, тек қана семинар мен қысқаша курстардың сертиикатымен жан сақтап жүрген. Өзіңде білім алатын өзек болмаса, Кембридждің ауласына байлап қойып, Кавендиш жеке өзі көтіңе май құйса да адам болмайсың нақ.
Nodar
Ар жағында өзіңнің ұмтылысың болмаса, қайда оқысаң да бәрібір ғо. КИМЭП беделі, материалдық қоры маған бәрібір. Бастысы білімі бар ғо осы заманға сай. Оларда өзің көріп жүрген университеттердегі қажетсіз мусор білімді оқытпайды. Нақты керек, нақты өз мамандығыңды үйретеді. Және ағылшынды үйренгің келмесе, үйреніп шығартатын жер ол. Әйтпесе КазНУ, ЕНУ беделі КИМЭПтен жоғары, материалдық базалары да жақсы. Тек білімі өтірік, бітірген студенттері білімсіз, жартыкеш маман болып шыққасын КИМЭПтегілер тұрған жұмысқа тұра алмайды
satibaldi
Жоқ. Оқу орны екінші кезектегі дүние. Жеке өзім бір жігітті білем, АЭИ-ді бітірген боққарын энергетиктерге — «Справочник молодого электрикадан» оқығандарына өз қисынынан қосып, консалтинг жасайд, 400 мың істейд айына.
ken
Көпшілікпен есептеледі, азшылықпен емес.
Nodar
Дұрыс ғо, бірақ алғасын білімді дұрыс алған жақсы болар еді. Ондай мысалдар көп ғо өмірде. Бәрі бірдей сіз білетін жігіттей емес. Бірақ биг4 сынды талабы жоғары жерге, универ бітірген бойда жұмысқа тұрғыңыз келсе, КИМЭптен басқа вариант жоқ.
Erasyl2
КИМЭП-тің жарнамашысы ма деп қалдым
Nodar
Эх маған кезінде оқуға түсерде біреу жарнамалағанда ғо оны дұрыстап. Мен құжат тапсырып, жауабын күтіп жүрмін
Adiletshu
Мен оқуға түскенде Қазақстанда қандай университеттер бар екенін де білмегенмін
Nodar
Тенгизде экономист болып жасайтын апам айтады, бізге КИМЭП-тен алады финанс отделына жаңа қызметкерлерді деп. Олардың ішінде түк білмейтіндері де кездеседі интервьюда, бірақ шынымен өз салаларын оқып біліп шығады екен деп. Басқа универден келетін студенттермен білімдерін салыстырсақ аспан мен жердей деп
Aya
Тым ақылгөйсіз бе деп қалдым.
Tyulpan
КИМЭП-тың престижы баяғыда түсіп қалып еді ғой КАУ-мен теңестіріліп...)) КБТУ, Назарбаев универлері алда-ау деймін қазір )) ал негізі барлығы адамның өзіне байланысты.
Nodar
А маған престижы маңызды емес. Маңыздысы білімімен ұялмай, іштей біліміңе деген сенімділікпен талабы үлкен компанияларға кадр дайындай алатындай берілетін білімі ғо
Nodar
Бір сөйлемде 3 «білім». ұят
aza
Ата-анамызды неге аямауымыз керек, осы жерін түсіндіре кетсең, Қодар?!
Nodar
Аза, Қодар емес, Нодар ғо нигым.
Ал ата-ана жайлы. Көбіне біздер мама-папаларымызға ауырлық түсіргіміз келмейді /ерке балаларды қоспаңыз/. Сосын оқуға да тегін оқып не болмаса арзанырағын таңдаймыз. Ал негізі біліміміз үшін оларды олай аяудың қажеті жоқ. Бәрібір соған кеткен ақша кәкір-шүкір заттарға, келешектегі тойыңа да шашылып жатады.
aza
Оттапсың!
Ата-анаңа салмақ салмай, өзің тырбанып тіршілік ет деудің орнына, аяма дегенің қай сасқаның?
Nodar
Түсінбедің сен. Қанша тырбансаң да, мектеп бітірген бойда КИМЭптің оқуын төлейтін ақша таба алмайсың. Мен өмір бойы ата-ана мойнында отыр деп отырғам жоқ ғо.
Adiletshu
Мажорик болсаң қалаған оқуыңды оқисың ғой.
aza
Егер сен тырбанып таппасаң, әкең де таппайды! Маған ақыл айтарда ойлан: Мен 11 жылдықтан соң бір жыл қой баққанмын, сөйтііііп қаржы жинадым оқуға… Бай Шалды бай деп еркелеткенім болмаса, жұрттан асқан дәулетті де емес Ол. Сондықтан, мен ата ананы аямаудеген нәрсені түсіне алмайды екенмін, кимеп тұрмақ оксфордта оқы мені қиналтам десең, бірақ Ата — Ана ол, Ата Ана! Олардың жанын отқа сала беруге болмайды
JAKO
Мен Нодарды «Ата-анаңның тірнектеп тауып оқуыңа жұмсаған ақшасын, сол оқуды бітіргесін еселеп қайтаратындай мамандық таңда,қателеспе.Осындай мақсат жолында ата-анаңды аямай уақытша қиындыққа салсаң да, ертеңгі мол қайтарыммен риза етесің»- дегені деп түсіндім. Негізгі түпкі ойы ата-анасын,өзін молшылыққа, байлыққа жеткізу құрметке лайық мақсат.
Соңғы түзету:
Nodar
Ох Жако, рахмет. Айтпасам да түсініпсің ғо ойымды. Менікі дәл солай ғо. Мен әйтпесе әзірше де осы да жарайды, бәрі әуелі азғантайдан бастаған деп 60 мыңдық ұсынылған жұмыстарға келісіп жұмыс жасай берер едім ғо. Бірақ мен ертең мама-папамды күшті коттежге кіргізе алмай, сіңлімді ең мықты универге оқыта алмай қалам ба деп қорқам. Жанымдағыларды көріп жүрмін ғо, оқу бітіреді, айлығы аз жұмысқа кіреді, үйленеді, күйеуге шығады, кетеді. Мен мама-папамды шалқытқым келеді, «шүкір, жұрттан қалдырмай» емес, шалқытқым келеді. Мен сенің мына комментіңе көзіме жас келтірді. Түсінбейді ешкім. Мені ақшаны шашып, ерігіп жүр деп ойлайды. Одан да жұмыс жаса, оқи беріп не істейсің деп. Ал 60 мың айлыққа не істей аласың оларға? Ештеңе. Жако рахмет шынымен
aza
сіңлімді ең мықты универге оқыта алмай қалам ба деп қорқам.
Қайрааааан уақытым-ай, саған еркек деп жазып отырсам! Дұрыс, дұрыс бағытың, дәл осылай баса бер!
Nodar
Қызық-қызық ойлайды екенсіңіз Аза
Соңғы түзету:
JAKO
Ниетіңе жетуіңе тілектеспін.
Nodar
Рахмет үлкен!
Adiletshu
Опшым 130 мың айлық та түкке жетпейтін болады. Баяғың келсе бизнеспен айналыс. Біреуге жұмыс істегенше, өзің жұмыс орнын аш. Біреулер саған жұмыс істесін.

Баюдың екінші жолы бар. Ол — жеу.

Сосын бақыт деген ақшада емес.
Nodar
Әділетшу универ бітіріп бірден 130 000 алады, өмір бойы емес. Мен де бірінші курсынан соң 236 000 алатын болам, сосын оқу бітіргенше одан да жоғары табыс табам
BOLATagai
Расстрелять товарища Nodar за кулацкие стремления.
Erasyl2
236 000
қайдан шыққаш сифр?
Nodar
Вакансиялар хабарландыруларына жазып қойылған. Ол рас.
Erasyl2
тәжірбиесіз? 1-ші курстан кейн? Қазақстанда?
Nodar
Аха, тәжірибесіз. MBA 1 курсы ғо. Қазақстанда, Алматыдағы бас офистарында.