Бәйге: "Мен көрген блогкемп: Құрылтай - 2013": Қорытынды!

Сөре: Ақ жалау төмен қарай лап етті…
Кетті!
Дүбір!
Қалың шаң!
Үздік-создық…
Дара!
Мәре!
Бір аптаға созылған «Мен көрген блогкемп: Құрылтай — 2013» байқауы мәреге жетті!
Алғыс, баршаңызға: пост жазып еңбектенгендерге, қатысып ниет еткендерге, қатысушыларды көтермелеп, қиқу қосып, дем бергендерге…
Қазылар алқасының шешімі шықты. Жеңімпаздардың есімі белгілі.
Алдымен, қазылар алқасының мүшелерінің аз-кем пікірін тыңдайық:
Ербол Азанбек: Негізі Қисық пен Асауботаға дауыс бергім келген. Өкінішке қарай олар конкурстан тыс жазылған екен. Илья Ильин сияқтылар ғой. Штанганы ойнап көтеріп, алтын алып кете береді. Назгүлге даусымды атпақ едім. О кісі әділқазы екен. Жазбаларының ұнағаны жақсысын, жаманын, ұсыныстарын баяғы бәйге атын сипаттайтын Күреңбай сыншы сияқты сындырып тұрып, сипаттапты. Көпшілік жазбалардан пайдасы, кемшілігі, келер жылға ұсыныс күтіп едім. Ондай жоқ болып шықты. Ары—қарап, бері қарап қалғаны АКА-ның «Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©» деген жазбасы 3-ші орынға лайық, деп ойладым. Бірақ, АКА жәй барып, көңіл көтеріп қайтқанға ұқсайды. Жалпы, оқып отырып е осындай болған екен-ау дегендей ой келді. Сосын, 3-ші орын лайық деп шештім. 2-ші орын Aikona-ның «Мен көрген БлогКэмп» жазбасы лайық деп ойлаймын. Суреттер біраз ақпарат берді. Соңын Патиктің парасатты түрді ұйықтап жатқанымен аяқтағаны, Голливудтық фильмдердің соңы сияқты әсер береді екен.) Жауды қырып, рахаттанып жатыр. Бірінші орын konvict-те. «Мені көрген блогкэмп. ИМХО»-сындағы наурызды өткізіп асыға жеткен жері кемсеңдетті. Шырағым-ай. Бірақ кім үшін асыға жеткенін ашып жазбапты. Негізі, блогкемп өтті, тауға бардық, шемішке шағып тұрып, таныс аваның иесін көрдім дегенді әркім-ақ жазады. Мен сен үшін барып едім, нұрлы жүзіңді көрсеткен блогкемпке рахмет-ай десең. Әркім-ақ сынар ма еді. Жүлде құтты болсын! Конкурс біткен соң, соткаларың бірлікке толсын!
Алдан Жылгелдi (16:41):
Тап осы байқаудың сырт көз сыншысы болуды ешбір жауыма тілемесем де, өз басыма түскен соң, шама-шарқымша қазылық қылып, бағаладым. Оның үстіне мейлінше максималды түрде объективтілікті қажет ететін құрылтайдың артықшылығы мен кемшілігін сипаттауды қажет ететін критерий құрылтайды өз көзіммен көрсегендіктен мен үшін қол жетпес шың екендігін ескеріп, эксклюзивті түрде байқауға қатысушылардың снатименттері мен эмоцияларын, былайш айтқанда қатаң пргаматизмнен алшақтап, романтика тұрғысынан бағаладым.
Бұл ретте, мен үшін үшінші орынға лайықты деп Конвикттің жазбасын айтар едім, әлі де әлжуаз романтикасы мен әшкилі сезімдерінің жетегінде жүрсе де, жас блогерлердің алдында өзін сақа блогерлерге бір табан жақын етіп көрсетуге тырысқаны үшін.
Екінші орын — Аяның жазбасы, мейлі, ол Блогкемптің қауымдастығына салмаса да, маған қатты әсер еткен жазбаның бірі болды. себебі, Аяның жазбасынан таң қалуды да, тосырқауды да, мойындауды да, талпынысты да, үміт, өкініш, сағыныш, опшым, құрылтайға алғаш рет келген керекинфошының эмоцияларының бәрін көре аласың және оны автордың шебер жеткізуге тырысқаны көрініп тұрды. ИМХО.
Бірінші орын — Әдемі әлем. Неге? біріншіден, былай өмірде суретке сәтті түсе бермейтін Жуасатан, тойыс Асауботаның ұйқысыз түннен кейін шығып келе жатқанына қарамастан сәтті ракурсте суретке түсіре алғаны үшін, осыған орай, жалпы постын сапалы суреттермен көркемдей алғаны үшін. Екіншіден, арамызға қосылғанына салыстырмалы түрде көп болмаса да, әр қолданушы туралы өз пікірі мен ойын қалыптастыра білгені үшін (Сатыбалдыша айтқанда, адам жанының үңгірлеріне шырақы алып түскені үшін), Үшіншіден, құрылтай орнына географиялық тұрғыдан Қазақстанның ең алыс түкпірінен келгенін, жердің шалғайлығын айтып тәлпіштенбегені үшін, (келесі жылы, құрылтай Атырауда өтіп жатса, жер алыс деп сылтау айтуға дайындалып отырғандардың кіндіктеріне платина пирсинг) Солай опшым...

Назгуль Кожабекова (16:01): Байқаудың шарты бойынша, байқауға қатысатын жазба «Мен көрген Блогкемп» аталуы тиіс еді. Сондықтан, даусымды тек осылай деп тақырып қойған жазбаларға бермек болғам. Бірақ. Мен таңдаған жазбалардың барлығы басқа тақырыппен екен. Және бірінші, екінші орынды бергім келгендер байқаудан тыс қалып, жігіттерге бұрып тұрған бүйрегім, амал жоқ, қыздарға ауды. Тек АКА-ға келгенде ғана еш мүшем селт етпей, бір ауыздан үшінші орынға лайық жазба деп тапты.
Екінші орынға Әдемі әлемнің жазбасын қояр едім. Блогерлердің әрқайсысын жіліктеп, мүшелеп, және, (!) кей адамдарға берген мінездемесі менің пікіріммен сәйкес келгендігі үлкен роль ойнап кетті. Тек, блогерлерден көрі, табиғаттың суреттері көп болып кетті, әйтпесе, бірінші орынды берер едім.
Бірінші орын Еркеқыз Айнұрда. Фото мен видеосы бар, жақсы есептік жазба.
Негізі, блогкемп деген — тек блогерлер емес. Ол оқиға. Іс-шара. Іс-шара болған соң, оның өту барысы, былтырғымен салыстырғанда артықшылық, кешілік дегендері болады. Плюс, минус, ойлар дегендей… Сол жетіспеді…

Азамат Азаматұлы: Менің жеңімпаздарым рет бойынша былай түзілді: Еркеқыз, Әдемі әлем, Серікқазы
Сонымен… Жеңімпаздар реті былай түзілді:
Үшінші орын АКА (Қызылорда) атты аруда, АКАны үшінші орын алсын деп екі қазы ұсынды.
Екінші орынды Әдемі әлем (Өскемен) алды, Зарина да екінші орынға екі дауыспен шықты.
Бірінші орын Еркеқызда (Алматы), Еркеқыз екі дауыспен бірінші орын алды!
Жүлделеріңіз құтты болсын!
Және ұйымдастырушылар алқасы атынан өзіме қатты ұнаған, ең үздік деген екі фотоға 500 теңге көлемінде арнайы сыйлық тағайындағым келеді: Еркеқыз түсірген Розатай мен Димаштың бір-біренен өткен әдемі екі суреті; екіншісі Әдемі Әлемнің қолынан шыққан таудағы Жігер мен Маралбектің фотосы.
Фото сәттік дүние, оны мәңгілікке айналдыру үшін қырағылық пен шеберлік аз, мыңнан бір мезетті ұстау шарт. Екі суретте де адамның бет-бейнесінде ұйыған сезімдерді қалт жібермей тап басқаны үшін сол екі қарындасқа арнайы жүлде лайық деп ойладым.

Жеңімпаздар azaazamatuly@gmail.com поштасына Халық немесе Қазком банк карточкаларыңыздың немесе ұялы телефон нөмірлеріңізді жазып жіберсеңіздер.
Ескерту: Жеңімпаздар тарапынан қате жазылған нөмірлер үшін ұйымдастырушылар жауапкершілік алмайды.
Қыртизм: Байқау жеңімпаздарының арасында жігіттердің болмағаны қызық болды. Осыған қарап, қыздарға көп әсер еткен құрылтай болды-ау деген тұжырым жасадым
ПыСы: Айтпақшы, байқауға төрелік жасаған қазылар алқасы мүшелеріне 500 бірлік атамын, еңбектері Алладан қайтсын!
Бөлісу:

39 пікір

aza
Жеңімпаздарымды құттықтаймын!
rakisheva
Алдыңғы күні болған желден кейін үйімізде екі күндей свет болмай, интернетке кіре алмай...aza өзі хабарласпаса орын алғанымды білмеймінда. Аза қалайша білмейсің деп таңқалып, мен шын ба «апрель» емес пе деп таңқалып екінші апрель ғой деп қоям ішімнен )), қызық болды бүгін
Байқауды ұйымдастырғандарға, әділ-қазыларға көп алғысымды білдіремін. Рахмеееет
qisyq
Әділет жоқ заманға душар қылған Құдай-ай…
Nurgisa
Қазылардың әділдігіне тәнтімін!
konvict
Жүлделер құтты болсын!  Ака екеуміз доспыз ғой)))
Aya
Құтты болсыыыыыыыын))))))
aza
Өтінемін, жеңімпаздар, тез арада маған поштаға керек деректерді жазыңыздаршы, бір тәулік ішінде беріп болу керек ем!
Aldeken
бергіш, епті)))))))))))))
ademi_alem
Соңғы 2-3 аптада "қаңғыбас" болып кеттім. "Өскемен — Алматы — Шымкент — Алматы — Өскемен -Катонқарағай — Өскемен — Алматы — Қызылорда — Алматы — Өскемен" ослай ары-бері жүргенде Керекинфоға да кірудің сәті түспеді. Берілген орын үшін үлкен алғыс! Сіз хабарласып, екінші орын алғанымды айтқанда Алтай тауында жүрген едім, қуанып қалдым! Тағы да үлкен рахмет сіздерге!
satibaldi
Қараназғұл Кәжәбекоуа асыққан болуы керек: сөйлемдерді рентгенге түсіретін әдетінен танып қалыпты бұ қазылықта…
dark_nazgul
Жоға. Пенделігім ұстап кетті. Жұмақтағы маған дайын тұрған орынға өзгелер де бағын сынап көрсін дегенім ғой.
Abilakim
Жүлдегерлерге құттықтауымды бағыштадым.
Сөре: Ақ жалау төмен қарай лап етті…
Осы жері күмілжітті енді… Ақ жалауды біреу тұтатып жіберді ме? ол неге лап ете қалады? мүмкін, ақ жалау төмен қарай түскенде блогерлер сөреден мәреге қарай лап ете қалған болар?
SerikkazyKakybalanov
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын! Жарыстың аты жарыс және жюри аты жюри. Бағыну керек!

Биылғы құрылтайдан мүлде ештеңесіз қалдым.
satibaldi
жеңімпаздар azaazamatuly@gmail.com поштасына Халық немесе Қазком банк карточкаларыңыздың немесе ұялы телефон нөмірлеріңізді жазып жіберсеңіздер.
Айуан махинаторлық комбинация келіп тұр ойға…
Aldeken
тап бүгін махинаторлық комбинацияларды қолданбау күнә болар… )))))))))
satibaldi
Жалпы не ғой, Aldeken -нен басқа қаздар, яки — қазылар — таңдауды негіздей алмағаны, шай-пұлдық ақыға кім ренжид деп, атүсті шешім қабылдай салғаны көзге ұрып тұр. Медеу Аудандық Сотының әділдігін көре алмадым Сіздерден
dark_nazgul
Қазылардың шешімі талқыланбайды! (байқаудың шартында солай делінген). Ликбез, Сатеке.
satibaldi
Талқыланбайды дегенді шатастырған негізі. Заңның кері күші жоқ, бір шешім қайта қаралмайды дегісі келген ғой негізі.
Ал талқылай береміз ғой біз. Кімнің аузына қақпақ боласың нақ
dark_nazgul
иә иә. Басқа басқа, сіздің ауызды жабу қолдан келмейді енді.
satibaldi
Жынды месел қайтаратын жауап жаздым дейсің ғой.
dark_nazgul
жоға. шарасыздығымды мойындап жазғаным ғой.
satibaldi
Бәсе, мен бірден сездім, атүсті шешім қабылдай салғаныңызды, мені түйсігім көп алдамайд негізі.
dark_nazgul
Мені дәл сіздей сезетін жан бар ма екен жалғанда...
VKM
о, жеңімпаздар,құтты болсын! Жуыңдар енді)))
satibaldi
Бангладеш ханым
VKM
Неге Бангладеш, Лаос мырза?
satibaldi
Әңгіме айтыватрым дейсің ғой
VKM
дым күлкілі емес, если б что(
satibaldi
Түсінем… Мбыхха-ха-ха-ха-ха-хаааа
AKA
 Рахмет, мұндай болады деп күтпеген едім тіпті…  Негізі керекинфодан алған марапаттау қағазының буымен жазып ем. АРБ, қуаныштымын  1-сәуір емес шығар, иә )))
AKA
«Жүлдеге лайық па?» деп қайта оқып шықтым жазбамды.  Рас, бірінші мәрте қатысып отырған соң, + пен — жаза алмадым, бұрынғысымен салыстыратындай оларды көргенім жоқ қой. Сол себепті өз ойымды ғана жаздым енД, көңіл көтеру үшін барғам жоқ. Блог бастағаныма 1-2 ай болып шәйнек немесе 5-6 жыл болып тәжірибелі де болған емеспін, сондықтан олай тіпті ойлауға да болмас…
torgai
Жеңімпаздарға құрмет!!! Маған «Блогкент: Шымкемп» ұнап еді. Бірақ бізге сіздердей ойлау қайда
dark_nazgul
ол бәйгеден тыс қой))
torgai
Иа, сонысы қиындау болды
Gulistan
Мынау жақсы біткен іс болды!!!
Nik_01
Адемі әлем 3 орын алғанда ғой,қаржысы көп болар ед)))ахах