BlogCamp-2013. Алматыдан қашу операциясы.

Пролог
Алматылықтар бұл күнді асыға күтті. Алматыдан қашуды ең көп қалаған e_zhalgas екеуміз сияқтымыз, вокзалға 21-ші наурыз күні еп-ерте келіп алыппыз. Пойыз қойылып, бәрі жиналғанда топырлап, айқайлап-шулап мініп алдық. Алматы қаласынан шыққан соң пойыздың «Ресторан» деп аталатын бөлігіне қоныс аудардық. Ол жерде не болғанын жазбаймын, өйткені оны сол жердегілер ғана біледі және сол түннің куәгерлерінен бөтен адамдар білуге міндетті емес

Арт жағымыздағы көрініске орай білдірген эмоциямыз

Табалдырық
Қаланы алғаш көруім. Вокзалдан күтіп алған Берікбол мен Көркем аздап таныстықтан кейін пәтерге орналастыру жұмысына кісіріп кетті. Біздер пәтерге барар жолда төңірекке алақ-жұлақ қарау мен ыржақтап күлуден басқа ештеңе істеген жоқпыз. Жалпы ештеңе де болған жоқ. Қаланың ескі болса да үлкен екені, халықтың көп екені сезіліп тұрады былай.

Біз мінген такси тиісті жеріне жетті

Препати
Препати фотоға түсумен ғана ерекшеленді. Әнастар, ғарышқа сапар шексе, жалпы шексе — фотоға түсуден бүйтіп маньяктық танытпас. Шырт-шырт еткен шүріппе: құдайға шүкір фотоаппараттыкы, «мені бүйтіп түсірші», «мен былай түсейінші», «кел, сенімен түсейін», «енді бәріміз бүйтіп түсейікші»… Камасутра поза таңдаудан жеңіліс тапқанын мойындап, шарасыздықтан сөреден секіріп өлетіндей жағдай. Тарайтын уақыт жарияланғанда да, бір сағат көлемінде айналсоқтап жүріп алдық, себеп сол: фотоға түсу.

Препатиден пәтерге келген соң Қазақстан-Германия матчын көру үшін жігіттер-қыздар болып жиналып алдық. Ішіп-жейтінімізді пакетпен алып келдік. Бірақ сүреңсіздеу басталған кештің жандануына әжетхананың ілмек кілті себеп болды. Әжетімді өтеп, есікті ашайын десем — ашылмайды. Жарты сағаттай іште отырдым. Матчтың басталғанын жамырап айтылған әнұран арқылы білдім.

Әнұран әжетхана орналасқан жаққа қарап айтылғандықтан, маған анық естілді

BlogCamp
Абыр-сабыр амандасулардан кейін басталып кетті. Gastarbaiter екеуміз қатар отырған екенбіз залда, күліп білмейтін адамдар екенімізді ескеріп, әр нәрсені айтып ыржалақтаумен болған түрімізге төңіректегілер түсіністікпен қараған шығар деген үміттемін. Соның ішінде Гастаның біреуге қатысты айтылған «гоблиннің ұрғашысы» деген теңеуі есіме түссе әлі күнге дейін күліп қоя беремін.

Бәрінен бұрын облыс әкімінің әй-шәй жоқ кіріп келіп, жарты сағат сөйлегені біртүрлі көрінді. Шыны керек: оның облысқа қатысты айтылған жоспарлары жиналған қауымды қызықтыра қойды деу қиын. Жастар ісіне қолдау білдіру дұрыс-ақ, бірақ бұл жақсылықты міндет еткендей сахнадан түспей қою керек дегенді білдірмесе керек. Қалай десек те бұл ресми шара емес қой, жай ғана блогерлердің жиыны.

Біркөлік
Лагерьдегі күніміз тамаша өтті. Көптен көріспеген жолдастар мен достарды көріп бір қауқылдасып қалдық. Көп жылдарға дейін естен кетпейтін басқосу еді бұл. Мейлі "Қара ленталылар" футболдан жеңіле берсін, судьяның әділ болмағандығын бәрі көрді ғой

Блогкэмп форматы туралы айтқым келген. Бірақ осыған дейін талай жігіттер өз ойларын жазып кетіпті. Қайталап бастарыңды ауыртпайын. urimtal оралған соң, келесі блогкэмп ұйымдастыру қарсаңында осы мәселе сол кісінің ақыл-кеңесімен қайта қаралса. Қалай десек те, BlogCamp-тың алғашқы жасалуына түрткі болған Асхат қой.

Қоштасудың қиынны-ай
Есіме алсам әлі ішім (ішіп?) удай ашиды. Қалып қойған жігіттерге қызығып-қызғанып қарап, Алматыға жүріп кетуге мәжбүр болдық.

Айтпақшы, қыздар-жігіттер ешкімге айтпай стихиялы түрде Harlem Shake билепті:


Посттағы фотосуреттер Розатайдыкы
«Видеодағы» суреттер Айнұрдікі (которая Ракишева ше)
Бөлісу:

22 пікір

patick
ал, сөйлеңдер!
rakisheva
Күштііі пост. Есіме алып бір күліп алдым  

P.S. Жазғаннан соң
Посттағы фотосуреттер Розатайдыкы
«видеодағы» суреттер Айнұрдікі деп жазып қойсаң күшті болар еді
aza
Сөйлегенде… Патик, байқауға шығармалар 31 іне дейін қабылданған… Сіз мұны білесіз ғой, я?! Кешіріңіз. әрине, мен жәй еске салып жатқаным…
patick
байқау үшін емес қой, брат
Aya
Мен отырған такси күрең жигули еді
nurziya
біз де 2 жигулиге отырдық))
nurziya
"Әнұран әжетхана орналасқан жаққа қарап айтылғандықтан, маған анық естілді")))) әртіссіз!)
Rozatai
Мына суретті де постқа қоса салайық:

Авторы — Ербол Әлиасқарұлы
omarbirat
Не прикол екенін енді ұқтым
Rozatai
Ол жерде не болғанын жазбаймын, өйткені оны сол жердегілер ғана біледі және сол түннің куәгерлерінен бөтен адамдар білуге міндетті емес
Дұрыс айтасың! Алматылықтардың әр блогкемпке барып--қайтуы бір жыр ғой  Таңды таңға ұрып жырласаң да таусылмайды  Пүлістедім, Патик! Күшті пост!
Nurshat
Патихтың үндемей отырып, маңдайдан ұратыны ұнады (әрине сөзді)) Бірақ, Дима екеуі асығыс кетіп қалғаны болмаса. Енді әжетхананың ішіндегі жағдайдың қалай болғанын елестете алмадым)
konvict
Харлем шейік джынды )))
zholantai
кімге бағытталса да теңеу зор кетіпті,
satibaldi
Камасутра поза таңдаудан жеңіліс тапқанын мойындап, шарасыздықтан сөреден секіріп өлетіндей жағдай.
Nurgisa
Е, Патик, қатырасың, е!
asaubota
Harlem Shake мықты! кім ойлап тауып жүр?
patick
Ракишеваның фотоларынан осындай месседжді байқағандай болып, құрап жібергем
ruben
Ойынның 3:0 боп аяқталуы, Аллеманияның жеңісі, әжетқамақты толықтай ұмыттырған секілді еді
Korkem
 еріксіз күлкіге жетелейді
dan4ik
ахахахахха жарылдым базар жоқ